Get Mystery Box with random crypto!

ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС Балғын тәте туған екен екі мыңның басында, | ArshatGo

ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

Балғын тәте туған екен екі мыңның басында,
Әр трендті үлгі етеді, қыз бойжеткен жасында.
Ақ-қараны айырмады, пропаганда құрбаны,
Тәрбиелеген ата-ана емес, ғаламтор ед(і) расында.

Санады өзін елден ерек жаңа заман ұрпағы,
"Социумда әйел қауым құл боп жүр" деп қыртады.
Насихатқа басы айналған өзі іспеттес әйелдер
Феминистік намыстарын алаңдарда жыртады.

Уақыт өте айналған ед(і) бір жыныстық нормаға,
Заманауи киноны ашса көрсетері сол ғана.
Қарсы шыққан адамдарды ит етінше жақтырмай,
Айыптады "гомофоб" деп: басы айналған догмаға.

Қарапайым сөз қолданбай сөйлейтін боп сленгпен,
Ағымменен өмір сүрді қалмау үшін трендтен.
Есейгенде еркектерді өз-өзіне жау көріп,
Туып алды, бір баланы "өзім үшін" тілекпен.

"Балғынұлы" анасының көзқарасын сіңіріп,
Ер жетеді, "заманауи трендтерге" үңіліп.
"Мама, мына Марат жігіт енді сенің келінің",-
Деп келгенде, Балғын кетті бұл өмірден түңіліп...