Get Mystery Box with random crypto!

Балаларды Энканто деген мультфильмге апарып келдім. Қазақша се | ArshatGo

Балаларды Энканто деген мультфильмге апарып келдім. Қазақша сеанстың уақытын әзер ыңғайластырдық. Бүгін неше сеанс қазақша, нешеуі орысша болғаны есімде емес. Мысал үшін ертеңгіні қарадым. Орысша 43, қазақша 5.
Балаларға ұнады. Аудармасы күшті екен деді әдеттегідей.
Бірақ ешкім қарамайтын болса соншама ақша бөліп, аударып не керек? Есеп үшін бе тек?
Аудардың ба, ендеше сеанс санын да көбейтуге тырыс. Амал тап. Қазақша сеанстардан салық алма тіпті!