Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 34

2022-01-10 06:44:26 Қазақтелекомның тегін фильмдер ұсынуы фейк жаңалық сияяқты. Сайттарында және желідегі аккаунттарында ондай ақпарат жоқ. Және мұрағаттарындағы фильмдер ашылмайды
227 views03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 08:20:02 Оқпен атысу біткеннен кейін енді ақпаратпен атыс басталады.
Халыққа үрей салатын медиалар, түрлі сыбыс-қауесеттер таратылады.
Әскер мен полиция да қарап қалмай, террористерді көрсетуі керек, ұсталғандарды сөйлетіп, ұйымдастырушыларды ататып, шетелдіктерді көрсетіп
38 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-01-08 11:40:01 Интернетсіз күндерде алғаш оқыған кітабым - Тышқандар мен адамдар (Джон Стейнбек)

Бұрын да оқығам, бірақ қазіргі әсері басқаша. Басты рольде Джон Малкович ойнайтын фильмі де тамаша.

Достық және армандау туралы шағын шығарма. Алдымен оқып, сосын фильмін қарап көріңіз
133 views08:40
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 23:04:43 Бүгін не көрдім?

Қаланың төменгі жағынан Алматы әкімдігіне қарай беттеген наразы топқа Төле би-Розыбакиев көшесінен бастап еріп жүрдім. Әуелі жиырма-отыз шақты адам қиылысты жауып, агрессивті түрде жолдағы көліктерді қуа бастады. Өрт сөндіру көлігінің дөңгелегін жарып, жолды жабу үшін оны қиғашынан қойып қойды.

Артынша айқайлай жүгірген ашулы адамдар қиылысқа жетті. Бұрынғы трамвай жолының бойында наразылар келе жатқанда стэндап түсіріп тұр едім, үш-төрт ашулы адам маған тарпа ұмтылып, боқтап, «телефоныңды құрт» деп айқайлады. Жүзін көрсетуден қорыққан сияқты.

Бүгін күні бойы «Азаттықтанбыз! Азаттықтанбыз!» деп айқайлаумен болдық. Ештеңе түсірмей жай келе жатсақ та, оператор екеуміз ағаш не күрек ала жүгірген мас адамдардың соққысына жығыла жаздадық. Бұл жайт бес-алты рет қайталанды. Үлкен-үлкен тас ұстаған әлгі адамдар камера мен микрофонды көрсе болды, таяқ ала жүгіреді. Наразылар арасында жүрген сондағы кейбір кісілер арашалап алмаса, техникамыз не өзіміздің бір жеріп сынып қайтар едік. Мұндай шабуылдар жиілеп кеткен соң басқа жолмен жүруге мәжбүр болдық.

Жол бойы түгі қалмай өртенген бес-алты полиция көлігін көрдік.

Республика алаңына жеткенде әкімдік ғимараты өртеніп жатыр екен. Тоқтаусыз атыс пен жарылыс даусы естіліп тұр. Адамдар ашулы. «Халыққа оқ атып жатыр» деп айқайлады.

Жол бойы бізге тиіскен ашулы топ мұнда да еркін жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді: итеріп жібереді, боқтайды, сәл қарсылассаң, таяқпен ұруға даяр. Біреуі дөрекі сөйлей бастаса, тап сондай он шақты адам оператор Санат аға екеумізді қаумалап, айқайлай жөнеледі. Ананы айтып, мынаны айтып, қоршауынан әрең шығамыз.

Біз барғанда жұрт әкімдікті ендігі басып алып, президент резиденциясы үшін «ұрыс» бастап кетіпті. Жараланғандар бар деген жаққа шетпен жүріп, әрең бара жатырмыз. Ашулы топ бізді күштеп, атыс боп жатқан ортаға қарай апара жатыр.

Назарбаев көшесінің бойымен жоғары бара жатып, көлік жолынан биіктеу тұрған жаяу жүргіншілер жолына шығып алдық. Басы қанаған, аяғы жараланған адамдар кетіп барады. Бір жігіт «ана жақта өлгендер де бар, олардың бәрін дерлік жігіттер машинамен алып кетті» деді. Біз сөйлескен, алдымыздан шыққанның бәрі «адамдарға әскери оқ атып жатыр» деп айқайлап жатыр.

Сондағы адамдармен сөйлесіп тұрғанымызда кенет қалың нөпір тым-тырақай қаша бастады. Жаным қалмады. Әскери көліктен оқ атып жатыр екен. Шын оқ па, резеңке ме — білмеймін. Жан ұшыра қаштық. Көз алдыма Жаңаөзен оқиғасы кезінде түсірілген видеолар келді. Санат аға екеуміз екі жаққа ажырап кеттік. Мен үйлердің арасына, ол кісі жоғары жаққа кетіпті. Кейін ес-түссіз жатқан адамды, қан жұққан қалқанды түсіріп алыпты. Әлгі кісіні «өліп қалды» дейді. Бұл видеоны біраздан соң Азаттықтан көрерсіздер.

Бүгін бізге, журналистерге, шабуылдағысы келген топ ешқандай да бейбіт наразылар емес. Бүгінгі болған оқиғалар — қирату, тонау, бейкүнә адамдарды ұрып-соғу, біреудің адал еңбегі мен кәсібіне залал келтіру — ешқайсысы да бейбіт наразылардың тірлігі емес. Бүгінгі оқиғаның адам құқығына еш қатысы жоқ. Ұлынан айырылған аналарға, әкесіз қалған балаларға бұлай емес деп көріңізші. Марқұмдардың иманы жолдас болсын.

Бұған жеткізбеу керек еді… Өкінішті. Өте өкінішті.
61 views20:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 22:41:03 Кеше мен бүгін мүлдем бөлек оқиғалар. Бүгін (05/12) арнайы сценарий, бұйрықпен болған сияқты. Акиматтарға мақсатсыз шабу, мүлік бүлдіру, тонау. Біздің қарапайым халық істемейтін нәрселер. Олар өз наразылықтарын білдірді тек
89 views19:41
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 21:55:29 Интернет енді қосылып, соңғы жаңалықтарды қорыта алмай жатырмыз. Президент Қауіпсіздік Кеңесін алды. Бірақ одақтастардан көмекті не үшін сұрап жатыр? Түсінгендер бар ма?
123 views18:55
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 21:39:58 Тоқаев халыққа оқ атқан жоқ. Бірақ бүгін өте маңызды нәрсе жасады. Тасақты мінез - бәрін өз қолына алуы. Қолдау керек!
176 views18:39
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 11:46:44 Қазақстан енді Отчетстан болмайды деп сенгім келеді.
Барлық нәрсені халық үшін емес, отчет үшін істеудің жемісі, ащы таяғы бұл
135 views08:46
Ашу / Түсініктеме
2022-01-05 10:53:50 Түрік медиасы әлі дым жазбай жатыр Қазақстандағы оқиғалар туралы. Бірақ түрік желісінде белсенді жазып жатыр қолданушылар.
Түркия қорқатын сияқты оларда да жұрт көшеге шығып кетеді деп
134 views07:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 18:28:47
#күнсуреті
127 views15:28
Ашу / Түсініктеме