Get Mystery Box with random crypto!

Envato деген үлкен маркет бар, ІТ саласына арналған. ІТ шығарм | ArshatGo

Envato деген үлкен маркет бар, ІТ саласына арналған. ІТ шығармашылық базары десек те болады.

Бұл ең алдымен сайт жасаушыларға, дизайнерлерге, видео/аудио монтажерларға керек. Байқаған нәрсем - көбіне профессионалдар қолданады, басқалар біле бермейді екен. Сондықтан бөліскім келіп кетті. Бағалары қымбат емес. Ал нәтижесінде тамаша өнім жасайсыз. Мысалы сайттарға түрлі шаблондар, плагиндер, скрипттер бар. Дизайнерлерге түрлі эффекттер, аудио фондар, видеоға арналған миллион нәрсе бар.

Codecanyon - скрипттер, мобиль қосымшалар.
Themeforest - сайттарға арналған темалар, шаблондар.
Videohive - видеографика, эффект, сток.
Audiojungle - фон музыкасы, дыбыс эффекттері.
Graphicriver - графика, лого, мокап, шрифт, презентациялар.
3docean - 3d-ға қатысты барлық нәрсе.

Егер көп нәрсе алатын болсаңыз, Envato elements деген бар. Айына 16,5 доллар төлеп, миллиондаған нәрсені тегін алуыңызға болады. Бірақ оған барлық нәрсе кіре бермейді. Студиялар жазылса болады, керек нәрселерін таба алады.

Барлық нәрсенің демосы бар. Сатып алмас бұрын қарап көре аласыз.

Әсіресе видео және дизайн саласындағыларға керек нәрсе. Графика жұмағы десе де болады. Деңгейіңізді бірден көтеріп тастайды