Get Mystery Box with random crypto!

Ы.Алтынсарин атындағы N°65 мектеп-гимназия

Telegram арнасының логотипі altynsarin65 — Ы.Алтынсарин атындағы N°65 мектеп-гимназия Ы
Telegram арнасының логотипі altynsarin65 — Ы.Алтынсарин атындағы N°65 мектеп-гимназия
Арна мекенжайы: @altynsarin65
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 860
Арнадан сипаттама

65 TALKS зияткерлік жобасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-12-10 10:17:39 03.12.2021жыл мектебімізде «65 TALKS» зияткерлік жобасының кезекті жиыны өтті. Жобаға келесі сынып оқушылары қатысып, тамаша сөз өнері мен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеу дағдыларын көрсете білді:
1. 10 «Ғ» сынып оқушысы Ережеп Мұхаммедали - қазақ тілінде;
2. 10 «Е» сынып оқушысы Саулебек Жанель - орыс тілінде;
3. 10 «В» сынып оқушысы Тасболатова Аружан - ағылшын тілінде «Әлеуметтік
желілердің артықшылығы және кемшіліктері» тақырыбында ой қозғаған бүгінгі спикерлеріміз сахна төрінде өздерін еркін ұстап, көпшілік алдында әдемі сөз қозғап, мәселенің маңыздылығы мен актуалдылығын көрсетіп, тақырыпты аша білді.
Әр аптаның жұма күні өтетін «65 TALKS» зияткерлік жобасының негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, шешендік өнер мен көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті мен үш тілде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сахна мәдениеті мен критикалық ойлау дағдыларын дамыту. Аталмыш жобаға, айтуға және бөлісуге тұрарлық идеяларымен бөлісу мақсатында әр аптада әр сынып оқушылары қатысып ой толғайды, пікір алмасады.
2021 жылдың қазан айынан бастау алған бұл жоба «65 TALKS» деген атпен өз жұмысын бастаған болатын. Жоба директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Утебаеваның және жобаға жауапты координаторлар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Абдильдаева, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Спанова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ш.Сеитованың жетекшілігімен өтіп отырады.
Оқушылар арасында жиі қолданысқа енген «Әлеуметтік желі әдебі» туралы бүгінгі ой қозғау өте қызықты өтті, әрі пайдалы болды. Көрермендер арасынан әлеуметтік желінің пайдалы тұстары жайлы ой бөліскендер де, сонымен қатар, әлеуметтік желілердің тек уақытты бос өткізу екендігі туралы пікірлер де айтылды.
Жобада жоғары дайындық деңгейін көрсеткен спикерлеріміз аталмыш тақырыпта тек қана ой қозғап қана қоймай, әлеуметтік желіде алтын уақытымызды жоғалтып алмай, үнемді пайдалануымыз керектігін және ол үшін не істеу керек екендігі жайлы бағалы кеңестерімен бөлісті.
175 views07:17
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 10:17:00
162 views07:17
Ашу / Түсініктеме
2021-11-30 18:29:04
Үздік спикер
Anonymous Poll
41%
Тіленші Адия
52%
Әбдіжаппар Аяулым
7%
Бердалы Жанель
92 voters207 views15:29
Ашу / Түсініктеме
2021-11-30 05:57:35 Ендеше, "Үздік спикерді" анықтау үшін сіздердің дауыстарыңызды күтеміз!
113 views02:57
Ашу / Түсініктеме
2021-11-30 05:56:15 26 қазан күні оқу ордамызда “65 TALKS” зияткерлік жобасының кезекті жиыны өтті.

Оқушылардың бойындағы ораторлық қасиеттерді дамытуға, үш тілде еркін сөйлеумен қатар, сахна мәдениетін қалыптастыруға, айтуға тұрарлық тың идеялар мен өзекті мәселелерді қозғап, оның шешу жолдарын ұсынуға бағытталған аталмыш жобаға апта сайын әр сынып оқушылары қатысып, ой бөлісіп отырады.

“Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселесі” тақырыбында сөз қозғап, ой тербеген бүгінгі спикерлеріміз - 10 “Б” сынып оқушылары:
Әбдіжаппар Аяулым - қазақ тілінде
Тіленші Адия – ағылшын тілінде
Бердалы Жанель – орыс тілінде сөйлеп, мәселенің өзектілігі мен шешу жолдарын талқыға салды.

Қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналған әлімжеттіктің жасөспірімдер арасында кең тарауы өкінішті және үлкен назар салуды қажет ететін мәселе. Соның турасында түрлі пікірлер айтылып, көтерілген мәселелерге байланысты көрермендердің жеке ойлары айтылып, спикерлер мен көрермендер арасында жақсы диалог орын алды.

Әр жұмада дәстүрлі түрде өтетін “65 TALKS” зияткерлік жобасына белсенді қатысуға әрбір оқушыны шақырамыз!
121 views02:56
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 19:12:18
Опрос
Anonymous Poll
21%
Оналбай Ахмедияр
48%
Ибрагим Ажар
31%
Төлеген Динара
196 voters478 views16:12
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 19:10:25 Бәріне сәлем! Бүгін алдарыңызда 1-тоқсанның қорытынды “65talks”-нан материалдар. Бұл материалдар арқылы сіздер өздеріңізге ұнаған "үздік спикер" деп таныған спикеріңізге дауыс бере аласыз. Talks тақырыбы:
"дұрыс тамақтану". Бұл тақырыпта сөйлеген спикерлеріміз 10 "Ә" сынып оқушылары:

1. Төлеген Динара
2.Ибрагим Ажар
3. Оналбай Ахмедияр


Видео материал арқылы ұнаған спикеріңізге дауыс беріңіз Дауыс арқылы "Үздік спикер" анықталады
423 views16:10
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 19:07:55
405 views16:07
Ашу / Түсініктеме
2021-11-12 19:07:54
393 views16:07
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 04:35:33
Опрос
Final Results
18%
Шайырбек Жасмин
22%
Байкенова Нұрай
60%
Турсынбекова Рабия
212 voters905 views01:35
Ашу / Түсініктеме