Get Mystery Box with random crypto!

Ы.Алтынсарин атындағы N°65 мектеп-гимназия

Telegram арнасының логотипі altynsarin65 — Ы.Алтынсарин атындағы N°65 мектеп-гимназия Ы
Telegram арнасының логотипі altynsarin65 — Ы.Алтынсарин атындағы N°65 мектеп-гимназия
Арна мекенжайы: @altynsarin65
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 860
Арнадан сипаттама

65 TALKS зияткерлік жобасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-04-20 07:02:19
284 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 07:02:18
Спикерлерге дауыс беріңіздер:
Anonymous Poll
14%
Асқан Алина, 10 “В” - қазақ тілінде
58%
Рахматулла Диас, 10 “В” - орыс тілінде
16%
Шампыл Жаная, 10 “В” - ағылшын тілінде
13%
Төлеген Динара, 10 “Ә” - қазақ тілінде
96 voters303 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 16:42:22
399 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 16:41:56
371 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 16:41:12
354 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 16:40:52
339 views13:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 16:39:43 «65 TALKS» ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБАСЫНЫҢ
КЕЗЕКТІ ШАРАСЫ ӨТТІ

Оқушылардың бойында ораторлық қасиеттерді дамытуға, үш тілде еркін сөйлеумен қатар, сахна мәдениетін қалыптастыруға, таратуға тұрарлық тың идеялар мен өзекті мәселелерді қозғап, оның шешу жолдарын ұсынуға бағытталған аталмыш жобаға әр аптаның жұмасында жоғары сынып оқушылары қатысып, ой бөлісіп отырады.
«Мектепішілік іс-шаралар» тақырыбында сахна төрінен табылған бүгінгі спикерлер 10 «В» сыныбының оқушалары:
1. Асқан Алина - қазақ тілінде;
2. Рахматулла Диас - орыс тілінде;
3. Шампыл Жаная - ағылшын тілдерінде мектепте өткізуге ұсынған жаңа іс-шаралармен бөлісіп, көрермендердің де пікірін тыңдап, мектеп әкімшілігі мен «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының белсенділеріне өз ұсыныстарын білдірді.
4. 10 «Ә» сынып оқушысы Төлеген Динара «Неліктен жастардың көпшілігі ана тілінде кітаптар оқымайды?» тақырыбында өзінің зерттеуін жүргізіп, көрермендер арасында талқыға салды.
Оқушылар үшін қызықты әрі маңызды болып табылатын бүгінгі тақырыптар кеңінен талқыға түсіп, оқушылардың мектеп қабырғасында ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға деген көзқарастары айтылды, олардың ұйымдастыру барысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар айтылып қана қоймай, оқушылардың өздеріне қызықты әрі актуалды тақырыптарға іс-шаралар ұйымдастыру барысы талқыланды.
Қазақ тілінде, Асқан Алина, оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа деген қызығушылығы мен зейінін ашу мақсатында күнделікті таңертең немесе аптасына белгілі бір күндері мектеп ауласында флэшмоб ұйымдастыруды ұсынды, сонымен қатар, жастардың бойында нағыз адами қасиеттерді нығайтатын, оқушылардың бойында адамгершілік, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін тәрбиелейтін «Жаңаша Бастау» атты шара ұйымдастыру туралы керемет ұсыныс айтты. Атап айтар болсақ, мектепте «Мейірімділік сөресін» және «Жанашырлық ағашын» орнату. Бұл шараның мақсаты - оқушылармен бірлесіп «Мейірімділік сөресіне» кез-келген затты, өнімді не киім-кешекті қойып кетеді, ал ол заттар әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларына үлестіріліп отырады. Ал «Жанашырлық не армандар ағашына» оқушылар өз армандарын жазып тастайды, мүмкіндігі бар кез-келген адам сол оқушының арман-тілегін орындап, алғысқа бөленіп, сауабын алады.
Орыс тілінде сөз сөйлеген Рахматулла Диас, оқушылардың арасында тим-билдинг форматында ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытып, топта жұмыс жасау дағдыларын нығайтады деген пікір білдірді және алдағы уақытта тим-билдинг шараларын ұйымдастыру үшін бірнеше идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар, спикер, көрермендерге бірнеше сұрақтар қою арқылы, олардың да қалауы мен ойларын тыңдады.
Ағылшын тілінде тың идеяларымен бөліскен Шампыл Жаная бидің жастар үшін қызығы мен маңыздылығы мол екенін айтып, мектепте бастауын Америка құрама штаттарынан алған «Черлидинг» би жарыстарын енгізуді ұсынды. Черлидинг қыз баласының гимнастикалық дене бітімін дамытуға, сонымен қатар, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға үлкен септігін тигізетінін атап айтты.
Әр жұмада TEDX форматында өтетін мектепішілік «65 TALKS» жобамызға таратуға тұрарлық идеялары бар мектебіміздің жарқын жастарын қатысуға шақырамыз!
332 views13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 06:15:58
Сізге ұнаған спикер?
Anonymous Poll
27%
Үшкемпір Асылхан - қазақ тілінде
7%
Идаят Амира - орыс тілінде
67%
Мұсырманқұл Назым - ағылшын тілінде
15 voters73 views03:15
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 05:58:32
85 views02:58
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 05:53:57 Ендеше, "Үздік спикерді" анықтау үшін сіздердің дауыстарыңызды күтеміз!
89 views02:53
Ашу / Түсініктеме