Get Mystery Box with random crypto!

Aladop

Telegram арнасының логотипі aladopkz — Aladop A
Telegram арнасының логотипі aladopkz — Aladop
Арна мекенжайы: @aladopkz
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.03K
Арнадан сипаттама

Инстаграмм @e.maulen
Эл.почта е.maulen@mail.ru
Жарнама және қосымша сауалдар бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-21 07:57:58 Гибралтар клубына "Тобыл" голды топырлатып салуы тиіс

https://meta-ratings.kz/prognozy/futbol/21-shildedegi-tobyl-linkoln-matchyna-bolzham/
1.3K views04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:41:20 21 шілде. Тікелей эфир

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы және Qazsport телеарнасы УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық клубтардың төрт ойынын тікелей эфирде көрсетеді

Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары ертең, 21 шілде күні өтсе, қарымта ойындар 28 шілдеге жоспарланған.

21 шілде күні, сағат 17:50-де Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы хорватиялық «Осиек» командасымен кездеседі. Комментаторлар: Дәулет Сейітбек, Ербол Каиров.

Қостанай қаласында жергілікті «Тобыл» гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» командасын қабылдайды. Ойын сағат 19:50-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Комментаторлар: Еламан Әмірғазы, Әділет Құсайынов.

Сағат 19:50-де Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының тікелей эфирінде алматылық «Қайрат» венгриялық «Кишварданы» қабылдайды. Ойынға Есей Жеңісұлы мен Әлімжан Асқар комментаторлық етеді.

Польшалық «Ракув» өз алаңында елордалық «Астана» клубымен кездеседі. Бұл матчты сағат 00:50-де, Qazsport телеарнасы көрсетеді. Тікелей эфир комментаторлары: Ермұхамед Мәулен, Дидар Қадыров.

Конференция Лигасы аясындағы кездесулерді «Qazaqstav.tv» мобильді қосымшасы, www.qazaqstan.tv, www.qazsporttv.kz сайттарынан онлайн көре аласыздар.
1.4K views12:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 13:36:01 "Астана" футбол клубының Польшаға жетуі өзгеріске ұшырапты. Чартер жоқ, рейстік ұшақпен жететін болды. Көптеген ойыншыға билет табылмай, олар сырт алаңдағы матчқа бармайды. Олардың қатарында Сұлтан Сағынаев, Сағи Совет секілді жастар. Команда сырт алаңда жеңіліп қалса, ренжімеңіздер.
1.4K viewsedited  10:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 13:12:50 "Астана" футбол клубы Польшаға ұшамай, қиналып қалды. Ақша аяған басшылар түбі чартер тауыпты. Оның өзі жолда Брест қаласына тоқтайды. Себебі, керосин құймаса болмайды. Дәу дені-сау ұшақ алса мұндай болмас еді. УЕФА хаттамасы бойынша команда матч болатын мемлекетке 48 сағат бұрын келуі тиіс. Матчты "ҚазСпорт" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Комментатор - Ермұхамед Мәу­лен.
1.4K views10:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 10:56:28 Ертеңгі матчқа арналған болжам дайын. "Тобыл" Венгрия чемпиондарынан ұтылып қалды. Ертең "Қайрат" еурокубокте дебют жасағалы жатқан Венгрияның вице-чемпиондарын жеңіп, кеткен есені қайтаруы тиіс

https://meta-ratings.kz/prognozy/futbol/21-shildedegi-ayrat-kishvarda-matchyna-bolzham/
1.4K views07:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 19:27:50
Фанаттар тілеген фан-шоп

Жанкүйермен санасқан команданың дәрежесі артпаса, кемімес. Сөзімізге дәлел "Тараз" футбол клубы. Фанаттарға арнап арнайы дүкен ашқан ұжым қолдаушыларының ыстық ықыласына бөлініп жатыр. Ашылған күннің өзінде-ақ тауарларына талас болған дүкендегі кезекті көріп, жамбылдықтардың футболға деген қызығушылығы әрдайым жоғарғы деңгейде болған дерсіз. Клубтың атаулы жейдесін көптен бері іздеп жүрген кейбір фанаттардың қуанышында шек жоқ. Тіпті кейбірі сатып алған жейдесін киіп көруге асық. Міне футболдың құдіреті, қарапайым шүберектің (әсірелеу, форманың матасы сапалы) өзі фанаттардың езуіне күлкі ұялатты. Командаға деген мақтаныш сезімін сездірді. Және ең бастысы екі жақтын байланысын нығайтты. Фан-шоптары жоқ ҚПЛ-дың кейбір клубтары сіздерге осынын өзі бір мысал!!
1.4K views16:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:27:45
Қазақстандық футболшы әзербайжандық клубқа ауысты

Әзeрбайжандық «Сумгайыт» 26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғаметпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Қазақстандық футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды және «1+1» жүйесі бойынша келісім-шарт жасасты.

Рифат Нұрмұғамет - «Қайраттың» түлегі. Ол алматылық клубтағы дебютін 2014 жылы «Қайсарға» қарсы ойында (1:0) өткізген. «Қайрат» сапында небәрі 7 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

Нұрмұғамет «Жетісуға» екі рет жалға берілді. Талдықорғандық команда құрамында 35 кездесуге қатысып, 5 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды. 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін Рифат «Ақтөбенің» намысын қорғады.

Оның соңғы клубы «Мақтаарал» болды, ол осы жылдың наурыз айынан бері атакенттік клубта доп тепті. Премьер-лига дебютанты үшін Рифат 5 кездесу өткізді.
1.4K views11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 15:36:37
Қазақстандық клубтардың Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды:

«Тобыл» - «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) «Тирана» (Албания) - «Зриньски» (Босния және Герцеговина)

«Астана» - «Ракув» (Польша) «Спартак Трнава» (Словакия) / «Ньютаун» (Уэльс)

«Қызыл-Жар» - «Осиек» (Хорватия) «Ботев» (Болгария) - АПОЭЛ (Кипр)

«Қайрат» - «Кишварда» (Венгрия) «Мольде» (Норвегия) - «Эльфсборг« (Швеция)
995 viewsedited  12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 10:32:30
Рикарду Алвеш ирандық клубқа ауысты

Алматылық «Қайрат» 29 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Рикарду Алвештің ирандық «Тракторға» ауысқанын хабарлады.

Алвеш «Қайрат» сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде 36 ойынға қатысып, 3 гол мен 15 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сондай-ақ португалиялық футболшы алматылық клубпен бірге УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде бақ сынады және 2021 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алды.

Еске салайық, «Қайраттың» бұрынғы бапкері Құрбан Бердыев «Тракторды» жаттықтыруда. Ол ирандық клубта бас бапкер болып қана қоймай, техникалық директор қызметін де атқарады.
1.1K views07:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 19:59:24
647 views16:59
Ашу / Түсініктеме