Get Mystery Box with random crypto!

Aladop

Telegram арнасының логотипі aladopkz — Aladop A
Telegram арнасының логотипі aladopkz — Aladop
Арна мекенжайы: @aladopkz
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.03K
Арнадан сипаттама

Инстаграмм @e.maulen
Эл.почта е.maulen@mail.ru
Жарнама және қосымша сауалдар бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-07-06 17:01:33
Григорий Бабаян Архимед ағаның командасын қолдауға келді. Матч басталды.
1.3K views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 15:54:19
«Тобыл» мен «Ференцвароштың» бүгінгі ойынға арналған құрамы
1.3K viewsedited  12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 11:33:00 «Ференцварош» Қостанайға қандай құраммен келді және қай ойыншылары бүгінгі матчқа қатыспайды?

Черчесов «Тобылмен» болатын алғашқы ойынға 22 ойыншысын алып келді. 

Қақпашылар: Адам Богдан, Адам Варга, Денеш Дибус.

Қорғаушылар: Сами Ммаэ, Аднан Ковачевич, Элдар Чивич, Эндре Ботка, Лоранд Паска, Хенри Уинго, Матс Кнустер.

Жартылай қорғаушылар: Андерсон Эсити, Кристоффер Захариассен, Балинт Вечеи, Ксавье Мерсье, Стьепан Лончар, Айсса Ляйдуни.

Шабуылшылар: Токмак Нгуен, Бассей Фортун, Карлос Ауски, Жозе Маркос Коста Мартинс, Адама Траоре, Франк Боли.

Бұл тізімге Украина құрамасының вингері Александр Зубков енбепті. 25 жастағы футболшы «Ференцварошты» ресейлік бапкер тізгіндеген кезде ойнаудан бас тартқан екен. Бірақ көп ұзамай алаңға оралып, біраз ойында төбе көрсетті. Өткен маусымда Зубков 34 ойын өткізіп, 3 гол мен 8 нәтижелі пасты өз еншісіне жазған. Бәрібір де украиналық ойыншы ресейліктерге ашулы секілді. Оның Қазақстанға келмеуі де осыған байланысты болуы мүмкін. Черчесовтің қол астында ойнағысы келмейтін Зубков жақын арада донецкілік «Шахтерға» ауысады деп күтілуде.

Өткен маусымда 13 голмен «Ференцвароштың» үздік сұрмергені атанған Райан Ммаэ жарақат алыпты. 24 жастағы Марокко құрамасының шабуылшысы жауапты ойынға да қатыспауы ықтимал.

Черчесов Қостанайда өтетін ойынға «Эвертон», «Мидлсбро», «Шеффилд Юнайтед» клубтарында ойнаған босниялық жартылай қорғаушы Мұхаммед Бешичті де әкелмепті. Есесіне өткен жылы Қазақстанға қарсы ойында бой көрсеткен Босния құрамасының ойыншылары Аднан Ковачевич, Элдар Цивич және Стьепан Лончар бар.

Будапешттік клуб сапындағы ең қауіпті ойыншылардың бірі ретінде Токмак Нгуенді айтуға болады. 28 жастағы норвегиялық вингер өткен маусымда 28 ойынға қатысып, 9 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.

Қостанайға Райан Ммаэның орнын жоқтатпайын деп ивуарлық шабуылшы Франк Боли келіпті. Өткен маусымда 28 жастағы ойыншы 19 матчта 5 гол соғып, 3 мәрте әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасаған.
1.3K views08:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 10:15:07 Қостанайлық «Тобыл» еурокубок қарсаңында құрамын қайта жасақтады. Милан Миланович Дмитрий Мирошниченко, Дмитро Непогодов және Руди Пожегті командасынан аластатты. Словениялық жартылай қорғаушы командада небәрі екі ай тұрақтап, отбасылық мәселелеріне байланысты кетіп қалды. Өз кезегінде қостанайлық клуб оларды сапалы легионерлермен алмастырды. Бірі «Барселона» академиясында тәлім алса, екіншісі былтыр Армения чемпионатының үздік сұрмергені атанды

https://aladop.kz/post/tobyl-chempiondar-ligasyna-qalai-daiyndaldy-46359/
1.3K views07:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 09:57:37
 Футбол

 УЕФА Чемпиондар Лигасы

 Бірінші іріктеу кезеңі. Алғашқы ойын.

 Бүгін   19:50   LIVE

 «Тобыл» – «Ференцварош» 

 «Qazsport» телеарнасында

 Қазақстандық клубқа бірге жанкүйер болайық!
1.3K views06:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 08:35:28
Златан Ибраһимович "Милан" командасына келісімшартын 2023 жылдың маусымына дейін ұзартқызды!
1.3K viewsedited  05:35
Ашу / Түсініктеме