Get Mystery Box with random crypto!

Фанаттар тілеген фан-шоп Жанкүйермен санасқан команданың дәре | Aladop

Фанаттар тілеген фан-шоп

Жанкүйермен санасқан команданың дәрежесі артпаса, кемімес. Сөзімізге дәлел "Тараз" футбол клубы. Фанаттарға арнап арнайы дүкен ашқан ұжым қолдаушыларының ыстық ықыласына бөлініп жатыр. Ашылған күннің өзінде-ақ тауарларына талас болған дүкендегі кезекті көріп, жамбылдықтардың футболға деген қызығушылығы әрдайым жоғарғы деңгейде болған дерсіз. Клубтың атаулы жейдесін көптен бері іздеп жүрген кейбір фанаттардың қуанышында шек жоқ. Тіпті кейбірі сатып алған жейдесін киіп көруге асық. Міне футболдың құдіреті, қарапайым шүберектің (әсірелеу, форманың матасы сапалы) өзі фанаттардың езуіне күлкі ұялатты. Командаға деген мақтаныш сезімін сездірді. Және ең бастысы екі жақтын байланысын нығайтты. Фан-шоптары жоқ ҚПЛ-дың кейбір клубтары сіздерге осынын өзі бір мысал!!