Get Mystery Box with random crypto!

21 шілде. Тікелей эфир Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы және Qazsp | Aladop

21 шілде. Тікелей эфир

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы және Qazsport телеарнасы УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық клубтардың төрт ойынын тікелей эфирде көрсетеді

Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары ертең, 21 шілде күні өтсе, қарымта ойындар 28 шілдеге жоспарланған.

21 шілде күні, сағат 17:50-де Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы хорватиялық «Осиек» командасымен кездеседі. Комментаторлар: Дәулет Сейітбек, Ербол Каиров.

Қостанай қаласында жергілікті «Тобыл» гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» командасын қабылдайды. Ойын сағат 19:50-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Комментаторлар: Еламан Әмірғазы, Әділет Құсайынов.

Сағат 19:50-де Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының тікелей эфирінде алматылық «Қайрат» венгриялық «Кишварданы» қабылдайды. Ойынға Есей Жеңісұлы мен Әлімжан Асқар комментаторлық етеді.

Польшалық «Ракув» өз алаңында елордалық «Астана» клубымен кездеседі. Бұл матчты сағат 00:50-де, Qazsport телеарнасы көрсетеді. Тікелей эфир комментаторлары: Ермұхамед Мәулен, Дидар Қадыров.

Конференция Лигасы аясындағы кездесулерді «Qazaqstav.tv» мобильді қосымшасы, www.qazaqstan.tv, www.qazsporttv.kz сайттарынан онлайн көре аласыздар.