Get Mystery Box with random crypto!

36 жастағы интернет жұлдызы «Қаржы пирамидасына қатысты» іс бо | Новости ПК

36 жастағы интернет жұлдызы «Қаржы пирамидасына қатысты» іс бойынша айыпталған. Бұлтартпау шарасымен тергеу үшін қамауға алу санкцияланды. Бірақ оның қайда екенін ешкім білмейді. Іздеу жарияланғанын Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек растады.

Еске сала кетсек, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Төребаев пен Шерниязов кепілмен босатылған. Тергеушілердің айтуынша, вайнерлер Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған.

t.me/aibat_news