Get Mystery Box with random crypto!

Тимурдан Инфо | it&tech

Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech Т
Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech
Арна мекенжайы: @timurdaninfo
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.85K
Арнадан сипаттама

✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 30

2021-07-06 11:43:51
Қайырлы күн, оқырмандарым!

Соңғы бірер жылда кәсіби бағдар және мамандық таңдауға көмектесетін EduNavigator платформасын жасап жатқанымды білетін шығарсыздар.

Ол туралы анда-мында айтып жүрген болатынмын.

Енді сіздерге өтініш.

Әгәрәки, араларыңызда біздің осы жүйемізді қолдану арқылы мамандық таңдаған немесе оқушыларына (ұл-қыздарына, таныстарына, т.б.) көмек ретінде ұсынған, қалай болғанда да пайдасын көрген жан іздеймін;))

Не үшін?

Сіздің рұқсатыңызбен өзіміздің әлеуметтік желілерге кейс ретінде жариялау үшін. Пайдалылығын қолданушылар арқылы көрсету үшін.

Ондай адамдар шығып жатса, алғысым шексіз болар еді

https://EduNavigator.kz
157 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 12:46:41 16-ақ персент сисадмин. Бірақ оған да шүкір;))

Не ғой…

Мынау инстаграм деген әлем бар. Сол жердегі оқырмандарымның таңертеңнен кешке дейін сұрайтыны: Қай оқу орны жақсы ІТ мамандығы үшін?

Әрине, халыққа “ІТ” дегеннің тым кең ауқымды сала екенін, ол тек программистік емес екенін айтудай-ақ айтып жүрмін.

Дегенмен, ағайынның оған құлақ асар түрі жоқ. “Басты қатырма да прост айта салшы, қай универ из зе бест оф зе бест?” дейді.

Енді менің сіздерден сұрайтыным, дауайте, өзіміз отырып шай ішейік қай универ мықты, галасавайттап жіберейік. Яғни, халықтық сауалнама болсын.

Бәлкім, араларыңда оқығандар бар шығар, бәлкім біреуіңіз естіген боларсыздар, обшым, осында отырған әрбір адамның субъектив те объектив көзқарасы керек.

Әрі-беріден соң, бұл өмірде барлығы субъектив қой;)) Сондықтан, нәтижеге ренжіп қалмаңыздар. Себебі, критикалық көзқарасы қалыптасқан адам тек өз түйсігімен, салқын ақылымен таңдауы тиіс қой.

Сонымен…

255 viewsedited  09:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 20:32:35
Эх…

Диджитал медиа әлемі келіп, сәл қапталға кетіп қалғаным болмаса, негізі тым жақсы сисадмин едім ғой әу баста;))

Қараңыздаршы, заман қалай өзгеріп жатқанын. AR технологияның желілік админге көмекке келген тұсы. Ubiquity құрылғысының бағдарламасы. Қай свитч, қай порттар, қайда және қалай қосулы тұрғанын бас қатырмай көрсетеді. Керемет емес пе?
106 views17:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 08:19:11 Мамандық таңдау, кәсіби бағдар және EduNavigator платформасы туралы

https://www.instagram.com/tv/CQwCDjmAQnz/?utm_medium=copy_link
139 views05:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 16:37:51 2 айда мынауский программист боласың!

3 айда елде жоқ продакт менеджер қыламыз!

..деген типтегі кез-келген жарнама көрсеңіздер, төбесіндегі 3 нүктені басып, шағым жіберіңіздер. Алаяқтарға сол керек.
392 views13:37
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 23:13:09
Гитхаб мынадай керемет дүние жасапты. Былай айтқанда жұптық программиң жасайтын тегін джуниор. Жай автокомплит емес, бұл жасанды интеллект. Үйрену үшін датасетті сол гитхабтың өзінен жинаған

copilot.github.com
421 views20:13
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 08:46:13 Мықты материал!

https://habr.com/ru/company/otus/blog/481366/
305 views05:46
Ашу / Түсініктеме