Get Mystery Box with random crypto!

Тимурдан Инфо | it&tech

Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech Т
Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech
Арна мекенжайы: @timurdaninfo
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.85K
Арнадан сипаттама

✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 28

2021-08-18 16:22:31 https://tengrinews.kz/news/erg-bts-education-obyyavlyayut-konkurs-prisujdenie-446125/
299 views13:22
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 14:50:06
Күні кеше қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні еді. Соған орай жасаған видеом болатын.

Файл күйінде сұрап жатқан адамдар көп болғандықтан, осында салып отырмын.

@timurdaninfo
451 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 10:35:31 Толық жұмыс уақытына контент-менеджер, SMM-менеджер вакансиялары бар. Тәжірибесі, қазақ-орыс-ағылшын тілін білуі құпталады. Білуге, үйренуге құштарлығы болуы керек.

Қызығушылық білдірсеңіз, rahatzhaksybay@gmail.com поштасына резюме жіберіңіз.

Жұмыс Нұр-Сұлтан қаласында, жұмыс іздеген таныстарыңыз болса, белгілей кетіңіз.
323 views07:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 10:56:28 Менің досым әрі қазақ тілінің шын жанашыры Назгүл Қожабектің бүгін туған күні!

Әлем әдебиеті, шетелдік академиялық һәм салалық кітаптарды қазақша тәржімалауда еңбегі аса зор Назгүлдің телеграмдағы “Стоп! Калька!” каналы осыгүні тілімізге қараңғы түнде қара тастың үстінде кетіп бара жатқан қара құмырсқадай елеусіз қателерді тайға таңба басқандай көрсетеді.

Сондықтан да, тілге сіңіріп жатқан ерен еңбегі һәм бүгін тойлап (бәлкім тойламай) жатқан туған күні үшін мына донейшн батырмасын басып, қалтаңдағы соңғы тиынды емес, джентельмендік жэстіңді көрсетіп жіберуді сұраймын.

Бір мәз боп қалсын. Ол да адам баласы ғой…
305 viewsedited  07:56
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 08:54:39
Биг Фо
373 views05:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 11:36:12
HR use case of Big Data in action. Обшым, технологияны бақылау құралы ретінде қолданудың бір көрінісі. Сіздер де байқаңыздар. Өтірік болса да арасында джира мен конфлюенске бас сұғып тұрыңыздар. Әйтпесе, осындай қамқорлыққа толы хат алып жүрерсіздер…

Құдай бетін аулақ етсін
472 views08:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 00:15:10 Соңғы кездері тарихи кино/сериалдарды қарап отырғанда біреу адам өлтіріп қойса, біреу өтірік айтып отырса, біреу ақпаратты тезірек жеткізе алмай атпен шауып бара жатса, біреу маңызды ақпаратты қалай сақтарын білмей жатса, тағысын-тағы күнделікті operatins тірліктерде "Біз неткен бақытты ұрпақпыз?.." деп таңдай қаға беремін...

Ойлап қараңызшы, алыстағы ағайынға зарығып, хат жазып, оның жауабын бір ай тосудың қажеті жоқ.

Ойыңдағы ақпаратты диктофонмен аудиоға, қаламмен қағазға, интернетпен блогыңа, әйтеуір қай форматта болса да сақтаудың мын сан жолы бар.

Есеп шығару қиын емес, ойыңа келген сұраққа жауап іздеу әп-сәтте. Білесіздер ғой, кезінде Ислам әлеміндегі Құран Кәрімнен кейінгі ең маңызды кітап - Сахих-Бұхари хадистер жинағының авторы Имам Бухари Бұхарадан шығып бүкіл таяу шығыстағы ислам әлемін кезіп, ақпарат жинауға мәжбүр болған.

Ибн Синалар кәсіби қызығушылығы ұрып тұрса да медициналық тәжірибелерге бүгінгінің ең жаман деген медициналық колледжінің ең нашар деген студентінің деңгейіндегідей де қолы жетпеген.

Адамдардың күйбең тірліктен арқасын жазып, көңілін көтеретін Тикток блоггерлерінің орнында Ақан сері мен Біржан Салдай сал-серілерінен басқа ешкімі болмаған. Солар ауылға қашан келеді екен деп қыр басына көз тігіп жүретін болған.

Оқиын десе кітап жоқ, барайын десе кітапхана жоқ, Құнанбайдың ұлы Абай сияқты подкастер контент-мейкерлердің жанында топталып жүруге мәжбүр болған.

Құдай-ау, өткен ғасырды айтам, ХХІ ғасырдың бастапқы он жылдығында менің өзім инженер-программистікке оқып жүріп, интернеттен бар болғаны 34МБ файл тұратын информатика пәніне арналған кітапты таңертеңгі 10-нан кешкі 20:00-ге дейін 36кбитс жылдамдықпен жүктеп, ең соңында 99% болғанда байланыс үзіліп кетіп, поврежденный архив ұстап қала бергенім әлі де көз алдымда ғой...

Айтпағым, Аллаһ Тағала бізге нығмет етіп жіберген технологияны өз пайдаларыңызға жаратыңыздар, ағайын! Расында, біздің қолымыздағы аса зор инновациялық технологиялар, бұл - үлкен нығмет!

Осынша технология мен заманауи мүмкіндіктердің ортасында отырып, орта ғасырлық надандықта жүрген адамдардан болмаңыздар!

@timurdaninfo
77 views21:15
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 15:13:52
352 views12:13
Ашу / Түсініктеме