Get Mystery Box with random crypto!

Тимурдан Инфо | it&tech

Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech Т
Telegram арнасының логотипі timurdaninfo — Тимурдан Инфо | it&tech
Арна мекенжайы: @timurdaninfo
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.85K
Арнадан сипаттама

✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 29

2021-08-03 15:02:27 "Скорочтение не үшін керек?" деп әлі ойланып жүрсің бе? Ендеше, менің үкімім: КЕРЕК!

Өкінішке қарай ма әлде қуанышқа орай ма, білмедім, өзін дамытқысы келетін, айналада не боп жатқанынан (күнделікті жаңалықтар емес, кәсіпке, салаға қатысты) хабардар болғысы келетін, өзгелердің кейстерінен сабақ алып, олардың үздік нәтижелерін өзінің өмірі мен тәжірибесінде қолданғысы келетін адамдар Құдайдың құтты күні салалық кітап, блог, мақала, арнайы зерттеулердің қорытындысын оқып, подкастар мен аудио кітаптар тыңдап, видео-лекциялар мен конференцияларды, сабақтар мен семинарларды көруі қажет.

Ал осынша көп ақпаратты игеру үшін скорочтение аса маңызды дер едім.
364 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 10:53:45
Мәліметтер қоры қалай пайда болады;))

EduNavigator!
358 viewsedited  07:53
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 14:13:00
Қарақшылық үшін кешіріп қойыңыздар:))

Бүгін мен сіздерге Адитя Баргава деген кісінің Grokking Algorithms деп аталатын кітабын ұсынғым келеді.

Бұл кітаптың кереметтігі сол, алгоритмдер, іздеу функциясы, сорттау, жалпы программированиеге қатысты ең керек ұғымдар мен түсініктерді және әдістерді өте қарапайым һәм тайға таңба басқандай жеткізеді.

Мынаны оқып отырып, "шіркін-ай, мынаны студент шағымда білгенде ғой. Шіркін-ай, студент шағымда ағылшынша білгенде ғой..." деумен болдым.

Программиңге кеп жатқан немесе бастағысы кеп жүрген, универде оқып жүргендер болса, осы кітапты оқуға қатты рекомендеймін!

Файл төменде

@timurdaninfo
314 viewsedited  11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 19:42:45
Жапония олимпиадасында жүрген журналист қарындасымыздың технологиялық посты ;))

Оқыңыздар да таң қалыңыздар!
286 views16:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 21:42:18



Жаңа әңгімеден-әңгіме шығып, Мелкософтқа прикол ұстаймын деп отырып, Асхат Мұрзабаев деген бір өте дарынды программист інімнен осыдан 8 жыл бұрын алған сұқбатым еске түсіп кетті.

Қызық болсын деп сілтемесін осында шығарып қойдым. Ұнаса, көрерсіздер.
96 views18:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 07:49:05 Инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды.

Биыл біз 1-12 ақпан аралығында инновациялық гранттар беру бойынша пилоттық байқау өткізген болатынбыз. Барлығы 661 өтінім түсіп, жіті сұраптау мен қазылардың таңдауынан кейін соңғы кезеңге тек бес үміткер ғана өтті: «ForumVR», InTech-Forecast «ЖҚК нысандары үшін IT-бағдарлама жасау», «COWMAS – ІҚМ туралы мәліметтерді бақылау және сараптау», «Смарт Терминал» жобасы, «Faceplate». Оларға технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру туралы шарттар жасалды.

Пилоттық конкурстың нәтижесі бойынша сарапшылар мен грантқа ие болған кісілердің ой-пікірлерін ескере отырып, әріптестер байқау шарттарына өзгерістер енгізді. Енді байқауға қатысам деушілерде акселерациялық бағдарламалардан сәтті өткендігін дәлелдейтін сертификат болуы тиіс.

Оның үстіне екінші және үшінші кезеңдегі іріктеуге қатысу үшін алдымен бірінші сатыдан өту шарт.

Сондай-ақ қаржыландыру шарттары да өзгерді. Бірінші сатыны іске асыруға арналған инновациялық грант сомасы 20 млн теңгеден, ал екінші және үшінші сатылар үшін 80 млн. теңгеден аспайды.

Кеше инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурс жарияланды. Өтінімдер 2021 жылғы 10-23 тамыз аралығында https://qazinn.kz/ порталы арқылы қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша тікелей Ильяс Оспановқа немесе Community QazInnovations кеңес беру Telegram-арнасына жаза аласыздар.

Bagdat Mussin
339 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 07:48:52
328 views04:48
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 08:20:39 Қайырлы таң, құрметті оқырмандар!

Кім телеграм канал жүргізеді? Не жөнінде? Мақсаты? Сілтемесін қалдырсаңыздар екен.

Әгәрәки, бөлісуге лайық деп тапсам, өзара жарнама жасап, бір-бірімізге аудитория алмассақ жақсы болар еді.

Рахмет
227 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 18:38:50 Қазақстанның интернеттегі ұлттық қауіпсіздігімен айналысатын адамдардың логикасын түсінгім келеді.

Қазақтар көп қолдана бермейтін, тіпті 10 000 000 қазақстандық қолданатын Инстаграмның жанында “тіпті ешкім қолданбайды” деп айтуға да келетіндей сервистерді бұғаттап тастайды да қарап отырады.

Мысалы, issuu деген электронды журнал жариялауға арналған платформа бар. Соны бұғаттай салады.

Medium блогплатформасы бар. Соны бұғаттай салады.

Vimeo видеоплатформасы бар. Соны бұғаттай салады.

Ал енді… ешкімге зияны жоқ Linkedin желісін де бұғаттап тастапты.

Әлі есімде, сонау 2011 жылдары Қазақстанда ең бірінші боп қазақ блогосферасы өте қарқынды дами бастаған болатын. Асхат Еркімбай құрдасымның санағы бойынша, кемі 500-дей қазақтың әрбір саладағы “сен тұр, мен айтайын” контент жасаушысы жетіліп келе жатқан еді. “Ана ауылдың бақаны ішіме тиді” дегендей, айдаладағы бір кавказдық топтар уордпрес платформасынан блог ашты деп біз блог жазып жүрген ресурсымызды бұғаттай салған еді.

Ең қызығы, бұл платформаның барлығы нағыз контент жасаушы немесе прогрессив адамдар қолданатын ресурстар. Осыдан кейін ренжісең, “Неге ренжисің?” деп өзіңе ренжиді…
2.9K views15:38
Ашу / Түсініктеме