Get Mystery Box with random crypto!

Қайырлы күн, оқырмандарым! Соңғы бірер жылда кәсіби бағдар жә | Тимурдан Инфо | it&tech

Қайырлы күн, оқырмандарым!

Соңғы бірер жылда кәсіби бағдар және мамандық таңдауға көмектесетін EduNavigator платформасын жасап жатқанымды білетін шығарсыздар.

Ол туралы анда-мында айтып жүрген болатынмын.

Енді сіздерге өтініш.

Әгәрәки, араларыңызда біздің осы жүйемізді қолдану арқылы мамандық таңдаған немесе оқушыларына (ұл-қыздарына, таныстарына, т.б.) көмек ретінде ұсынған, қалай болғанда да пайдасын көрген жан іздеймін;))

Не үшін?

Сіздің рұқсатыңызбен өзіміздің әлеуметтік желілерге кейс ретінде жариялау үшін. Пайдалылығын қолданушылар арқылы көрсету үшін.

Ондай адамдар шығып жатса, алғысым шексіз болар еді

https://EduNavigator.kz