Get Mystery Box with random crypto!

16-ақ персент сисадмин. Бірақ оған да шүкір;)) Не ғой… Мынау | Тимурдан Инфо | it&tech

16-ақ персент сисадмин. Бірақ оған да шүкір;))

Не ғой…

Мынау инстаграм деген әлем бар. Сол жердегі оқырмандарымның таңертеңнен кешке дейін сұрайтыны: Қай оқу орны жақсы ІТ мамандығы үшін?

Әрине, халыққа “ІТ” дегеннің тым кең ауқымды сала екенін, ол тек программистік емес екенін айтудай-ақ айтып жүрмін.

Дегенмен, ағайынның оған құлақ асар түрі жоқ. “Басты қатырма да прост айта салшы, қай универ из зе бест оф зе бест?” дейді.

Енді менің сіздерден сұрайтыным, дауайте, өзіміз отырып шай ішейік қай универ мықты, галасавайттап жіберейік. Яғни, халықтық сауалнама болсын.

Бәлкім, араларыңда оқығандар бар шығар, бәлкім біреуіңіз естіген боларсыздар, обшым, осында отырған әрбір адамның субъектив те объектив көзқарасы керек.

Әрі-беріден соң, бұл өмірде барлығы субъектив қой;)) Сондықтан, нәтижеге ренжіп қалмаңыздар. Себебі, критикалық көзқарасы қалыптасқан адам тек өз түйсігімен, салқын ақылымен таңдауы тиіс қой.

Сонымен…