Get Mystery Box with random crypto!

SULTANKYZY

Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY S
Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY
Арна мекенжайы: @sultankyzy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 4.24K
Арнадан сипаттама

Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2022-07-25 07:29:07 Өзгеру қиын, екінің бірі өзгере алмайды. Өзгерту одан да қиын. Мидағы сіресіп қалған стереотиптері мен қатып қалған кедейлік қамытын шешкізу оңай шаруа емес. Өміріңнің бір бөлігін беріп тастайсың.

Өзгергім келеді деген талай адамды көрдім. Үш күн қатарынан кітап оқи алмайды. Бір бет кітап оқымайтын миыңмен қалай адам боласың деймін. Бес күн қатарынан ерте тұра алмайды. Бұндай жалқаулықпен ұзаққа шаппайсың. Жаңа адамдармен танысып кел десең, көкірегі аспанға шығып, өтірік ұялшақ болып қалады. Түп тамыры эгоизмге келіп тіреледі.

Қарыздан, кедейліктен, бейшаралықтан шығу үшін бастағы миды ауыстыру керек. Онымен қоса тәнді жаңа режимге қосу керек. Дүние есігін қайтадан ашуға тура келеді.

Басың ауырса, дәрі ішесің. Тамағың ауырса, дәрігерге барасың. Соқырішек болсаң, дереу операция үстеліне жатасың.

Қарыз дертінен, бейшаралық күйінен, ақшасыздық ауруынан, намыстың тапталуынан, эгоның езілуінен, армандай алмаудан, қиялдың мүгедектігінен, энергия жетіспеушіліктен, психикалық ауытқулардан, сірескен стереотиптерден де арылу, емделу, көріну керек шығар. Өлесіңдер ғой бір күні. Кедей күйде, абыройсыз адам болып, артыңызда ешкім білмейтін фамилиямен.

Билік осылай жасап қойды деп қол қусырып отыра беруге болмайды ғой. Өздеріңізге инвестиция салып үйренсеңдерші, ақшаны тапқан жерге құю керек. “Алтын шыққан жерінен белшесінен қаз” дейді. Өзіңіз тапқан ақшаны өзіңізге құймағанда, кімге құясыз?!

Бай болыңдаршы. Сауатты адам бай бола алмауының өзі трагедия. Ал егер бай бола алмаса, демек толық сауатты емес.
(с) Нұрлан Жанай
200 views04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 08:24:00 Не білдіреді
Hasta la vista, baby
190 views05:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 21:56:20 Өзіңнен басқа жан баласына қажеті жоқ өміріңді өзгелердің жолына жұмсап, өзіңнен басқа жан баласына құны жоқ күндерің өтті…
(с) Назгүл Қ
83 views18:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 18:41:40 Блин бізге хит темаларды табу оп-оңай Қыртыма да кірмепті костюмның сызығын солай түсінеді және оны пихайттайды деген ой Не жейді екен осындай “запреттерді”ойлап табатындар
343 views15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 18:38:38
Костюмның артқы жағындағы жырық сызықты сәлде киген бір жігіт "голубойлар киімі" деп, хит болып жатыр ғой. Негізі сол костюмның артқы жағындағы сызық не үшін керек екенін айта салайын.

Ол кезінде атқа отыруға ыңғайлы болуы үшін солай кесілетін болған. Адам ер тоқымға отырғанда арты көтеріліп не бүктеліп қалмауы үшін жасалған. Әсіресе атты әскердің киімі осындай болған. Содан қалып кеткен сәні. Қазіргі жүріске де ыңғайлы. Әлгі "молда" айтқандай, "если че ашық тұр, арт жақтан келе бер" деген белгі емес.
(с) Ардақ Құлтай
352 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 21:55:27 Менің сөзім жоқ, тек эмоция, даже уже эмоциям да қалмады.
Мен еркектерден шошиын дедім.
Ұрыса да, өзімді қорғай да алмайды екенмін. Біреудің өзіме қарап айғайлағанын көрсем, соғып жіберер ме екен деген қорқыныштан қолым ғана емес, тұла бойым дірілдеп кетеді.

Қордайда заправкаға кірдім, зарядка юэсби алайын деп кезекке тұрдым. Телефоным сыртта көлікте тұғын, түбін есіме түсіре алмай, кезегімді ескертіп, сыртқа жүгіріп кеттім. Телефонымды алып, таңдап, кассаға жақындағаным сол еді, кассир апай кезекте тұрғанымды білген соң, өте беріңіз деп өзіне шақырды. 10 еркек жалғыз өзім, қала берді кезегім бар, автоматты түрде кассаға жақындамаймын ба, артта тұрған бір еркек айғай салды.
Е, кезек қайда? Что за х…я деп, мен алдында кезекте тұрғанымды айтып, кеш кірген соң түсінбей тұрғаны ғой деп, кешірім сұрап қоям. Қалған барлық еркек ия тұрды дегендей ымдады. Дауыс көтергені былай тұрсын, жекеме өтіп, унижать ете бастады, Нариман әріптесім қойыңыз десе де, шапқанын қояр емес. Бірнеше минут маған, әйелдерге деген өкпе-назын боқтықпен араластырып, бар “тәуір” мінезін көрсетті 7-8 еркек қарап тұр, мен үндемей тұрмын. Бар айтқаным, кассадағы апайға қоя беріңіз, тәрбиесі сондай болып тұрғаны ғой дедім. Ол кісі ашуланғаны сонша, Еркектер сендерге не болған, жалғыз қыз, танып тұрсыңдар, да даже танымай-ақ қойыңыздар, элементарно әйелге деген құрмет қайда деп айғайлап жіберді А что женщины заслужили что ли дей ма … в общем ужас
Апай қызмет көрсетпеймін, қуып шығыңыз деп секьюритиға айтып жатты. Мен Нариманмен уже төбелесейін деп тұрғанын көріп, қорыққанымнан кеттік, кеттік деп алып шығып кеттім.

Айналайын ЕРКЕКТЕР! Шалбар киген еркектер! Әйел-ол әйел, еркек емес! Оның әлемі нәзік!
Әйел ол сенің қарындасың, әпкең, қызың, анаң, әйелің, ғашығың.
Әйел ол энергия,күшің,мотивацияң, бақытың!
Өзіңізге сұрақ қойыңызшы, сіз әйелсіз бақытты болар ма едіңіз?
Жалпы өмір сүре алар ма едіңіз?
Кім үшін ерлік жасар едіңіз, кім үшін тау қопарар едіңіз?


Қапаланғаннан ол кісіні де, көлігін де суретке түсіріп алдым. Менің жекеме қалай өтіп, ауыр сөз айтты , еш ойланбастан әлемге паш етіп, аямай желіге жүктей салуыма болар еді. Жүктейін бе? Қызы оқыса намыстанбай ма? Айтыңдаршы Мне так обидно
204 viewsedited  18:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:35:45 Алина Шакиеваға кеше ғана 100 млнға жуық теңгенің жарнамасын тегін жасап беріпсіздер. БАҚ-на шыққан материалдар, ә/ж-дегі жазбалар, Youtube-дегі "продвижение", сосын кемі 1 жылда келетін танымалдылықты 1 күнде ұстата салғандарыңыздың құнын еселеп қосқанда шамамен осылай).
Кешегі пікірлерден кейін өзіне қол сала ма деп қорқып едім. Жоқ, жауабына қарасам олай емес, ол қыз әлі сіздердің арқаларыңызда депутат болады. Уйыхтадады сіздерді.
(с) Ербол Азанбек
209 viewsedited  05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 07:02:17 Шешесі қайтыс болғанда, мамам емшектегі бала екен. Нағашы апамыз 37-ақ жаста кеткен. Қайынсіңлісінің күйеуі беторамалын жууға беріпті. Өкпесі ауыратын болған соң, қақырынып-түкірініп жүретін кісі екен. Апамыз содан сескеніп, аяғы жақсы болмапты. Үш бала жетім қалды. Ал шешесі жоқ баланың күні белгілі...

Бала кезімде талай естіген, талай рет жүрегімді ауыртқан әңгімені ұмытып та кеткен едім. Кеше біздің нағашы апамыз сияқты тағы бір қазақ әйелінің өкпесі ауыратын атасын күтіп-баптап жүріп, ақырында өзі ауру жұқтырып алғанын, содан жас кетіп, балалары жетім қалғанын естіп, көңілім алай-дүлей болды. Біздің қазақ әйелдері өзін, тіпті туған баласын да ең соңғы кезекке қоятындай көрініп кетті. Ел не дейді, жұртқа қалай жағам деп жүріп, не өзіне көңіл бөлмейтін, не балаларын ойламайтын әйелдер көп. Атасын күтіп, енесін қарап, күйеуінің жағдайын жасап, туған-туыстың мың қырық шаруасында шабылып жүрген көп әйелдің өзіне қарайтын уақыты да жоқ.

Қазақы кеңдік, қонақжайлық деген жақсы ғой, бірақ көңілжықпастық жақсы емес. Кей құрбыларым ауырып жатқан баласын тастап, той-томалақта шапқылап жүреді. "Көмектеспесек ұят қой, баласын сылтауратып келмеді деп айтады" дейді. Кей замандастарым балалары ауырып жатса да қонақ күтіп жүреді. "Бір келеміз дегенде балалар ауырып жатыр деп қалай айтамын, ұят қой" дейді. Күрк-күрк жөтеліп жүрсе де, безілдеп қыдырып жүретін адамға "келмеңіз, балаларға жұқтырасыз" деп айта алмайды. Ал күрк-күрк жөтеліп жүрген адам оны өзі сезбегенімен қоймай, келгенімен де қоймай, былшылдатып балалардың бетінен сүйіп, ауру жұқтырып кетсе, оның азабын тартатын тағы да әйел.

Қыздар! Бірінші кезекте өздеріңді және балаларыңды ойлаңдаршы! Сендерге бірдеңе болса, ешкімнің ештеңесі кетпейді, балаларың жәудіреп қалады.
(с)Жұлдыз Әбділда
163 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 21:14:02 Ана "тагы да бырдене дедын" дейтін еріккен қатынның әнін студияда жазғандар да, клипін түсіріп монтаждағандар да нағыз троль шетінен

Мынаның әнін жазып, клипін түсіріп, оны каналға өткізді де, ақшасын алып, телефондарын ауыстырып қашып кетті бәрі

Ал той-думан арнасы мына әнді шығарғаны үшін кемі екі жылдық бюджетінің ақшасын алмаса, онда білмеймін, таза сорлы болғаны....
188 views18:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 00:17:31
Болат Жәмітұлының еңбегін жоққа шығаруға болмайды.
127 views21:17
Ашу / Түсініктеме