Get Mystery Box with random crypto!

Бұрын... Ақымақтау кезімде... Қай адаммен болса да, бастысы - | SULTANKYZY

Бұрын...
Ақымақтау кезімде...
Қай адаммен болса да, бастысы - екеуара қатынасың деп ойлайтынмын.
Ол адаммен арадағы қатынасыңа сенің былайғы өмірдегі, əсіресе əлеуметтік желідегі іс-əрекетің ықпал етпеуі керек деп ойлайтынмын.
Сен ол адамды сыйласаң, сен оны сыйлайтыныңды ол адам білсе - əлеуметтік желіде қанша жынды болсаң да, ол адам сені таниды, ана жындылықтың астарында не жатқанын біледі деп ойлайтынмын...
Сөйтсем....
Сенің жазған бір ауыз сөзің сыйластығыңа татымайды екен.
Əлде...

Бұрын...
Ақымақтау кезімде...
Ертең бет көрісетін адамның көңілін қалдырмау керек деп ойлайтынмын.
Шын режіткің келе ме - көріспестей болып ренжіт.

Сөйтсем....
Сені бір налытып, жылатып алып, араға уақыт салып, өкпесі тарқады-ау деген кезде ыржаңдап келіп тұру, тым құрыса, "ей, өткендегім дұрыс болмады ей, кешір" деген бір ауыз сөзді қимау - норма екен....
Əлде...

Бұрын...
Ақымақтау кезімде...
Дос деген сені жолда тастап кетпейтін адам деп ойлайтынмын. Тіпті ат құйрығын кескісі келген адам оны тізгін үстінде жасамайды деп ойлайтынмын...

Сөйтсем...
Ұзақ жолда көлігің бұзылса - сені тастап кете салу норма екен...
Əлде...

Бұрын...
Ақымақтау кезімде...

Жоқ. Қазір де...
Сол ақымақ күйімде...
(с) Назгүл Қожабек