Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 541

2021-06-01 13:16:42 Қызылорда облысында отбасылық демалысқа барған әйел көлге суға батып кетті.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/06/01/181670/
247 views10:16
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 10:38:13 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқарамын деп мерт болған Мерей Ибрагимовты марапаттады.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/06/01/181660/
92 views07:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 09:40:24 Мектептердегі дала дәретханаларын жою жұмыстары 2019 жылы оқушы зорланғаннан кейін қолға алынды.

Білім министрлігі мектептердің даладағы дәретханаларын оқу жылы басталғанға дейін жоюды көздеп отыр. Білім министрі Асхат Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мектептерді жылы дәретханалармен жабдықтау мәселесі де жататынын атап өтті. Айтуынша, бір жыл бұрын 2700 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Аз уақыт ішінде 2600-ге жуық дәретхана салынып, бұл көрсеткіш 98,9%-ке жетті.

«Бір жыл бұрын 2 700 мектептің дәретханасы далада орналасқан болса, бүгін 2600-ге жуық дәретхана салынып, бұл көрсеткіш 98,9%-ға жетті. Десек те, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 110 мектебінде ауладағы дәретханалар жұмыс істеп тұр. Бұл мәселені 1 қыркүйекке дейін толық шешу керек», - деді ол Үкімет отырысында.

Ол даладағы дәретханаларды жою мәселесін 1 қыркүйекке дейін толық шешу міндеті қойылатынын айтты. Даладағы дәретханаларды жою жұмыстары 2019 жылы оқушы зорланғаннан кейін қолға алынды. Сол жылы қарашада Таразда 12 жастағы оқушы мектеп аумағындағы дәретханада зорлық-зомбылыққа ұшырады.

 Трагедия қоғамдық резонанс тудырды: мектеп басшылығы мен қала шенеуніктері жазаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайды нағыз масқара деп атап, барлық мектепте 2020 жылдың соңына дейін оқушыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
121 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 09:40:24
111 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 08:31:44
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қарағанды облыстары.

 "Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
146 views05:31
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 07:55:02 Егер балаңыз өзіне қол салуға бейімділердің тобында тұрса, оны қалай білуге болады? Бауыр еті – балаңыздың әлеуметтік парақшасына назар аударасыз ба? Балаңыздың жазбаларында ерекше көңіл аударатын қандай белгілер бар? Ол белгілер қандай? Жалпы, балаңыздың біртүрлі қылығын, томаға-тұйықтығын, іс-әрекетін байқасаңыз, не істеу керек?

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/05/30/70039/
171 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 12:06:42
Алматы қаласындағы № 199 гимназияның 26 жастағы мұғалімі Мерей Ибрагимов Шарын шатқалында оқушыны құтқарамын деп қаза тапты

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, марқұм Мерей Ибрагимов көркем пәндерден сабақ берген. Оның жалпы педагогикалық өтілі - 5 жыл. № 199 мектепте 3 жыл жұмыс істеген.

Білім басқармасындағылар ол өте жауапты мұғалім екенін және барлық оқушының сүйікті ұстазы болғанын айтты.

"Ол өз ісінің шебері болған. Ерекше жарқын шығармашылық тұлға, өмірде көшбасшы, ұмтылысы биік, әрдайым күлкі сыйлайтын компанияның жаны еді", - дейді олар.

Еске салайық, 29 мамырда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел жүріп алты адам жарақат алды, 2 адам қаза тапты.
339 views09:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 11:09:56 "Қазгидромет" синоптиктері 01-03 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/05/31/181536/
21 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 09:16:54 Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты.

COVID-19 вакцинасын алған адамдарға 1 маусымнан бастап анықтамалар беріледі. Құжатқа сәйкес коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға жұмылдырылған медициналық ұйымдар:

-2021 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандықтардың талабы бойынша қағаз түрінде вакциналау туралы анықтама береді;

-1 маусымнан бастап шетелдіктердің талабы бойынша Қазақстанда жүргізілген КВИ-ге қарсы вакциналау туралы қағаз анықтама береді;

- мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізуді ұйымдастырады.

-білім министрлігі растайтын ақпаратты ұсынған жағдайда клиникалық сынақтар аясында QazCovid-in (QazVac) вакцинасын алған қазақстандықтардың КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы мәліметті модульге енгізеді;

-сонымен қатар білім министрлігі растайтын ақпарат ұсынған жағдайда биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының QazVac вакцинасын алған қызметкерлерінің КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы ақпаратты модульге енгізеді.
131 views06:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 09:16:54
120 views06:16
Ашу / Түсініктеме