Get Mystery Box with random crypto!

КТК жаңалықтары

Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары К
Telegram арнасының логотипі ktknewskz — КТК жаңалықтары
Арна мекенжайы: @ktknewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.82K

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 538

2021-06-08 10:10:58
Елордадағы мектептің төрт оқушысы кварц әсерінен көздері зақымдалды, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Астаналық басқарма ұсынған ақпаратқа сәйкес, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көмегімен оқушылар жеткізілді. Олар кварц шамының әсерінен кейін өздерін нашар сезінгенін айтқан.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша мектеп оқушылары көпсалалы 2-қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігі арқылы жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында 2004 жылы туған үш бала, сондай-ақ 2005 жылы туған бір бала бар.

"Олардың барлығында жеңіл дәрежелі электрофталмия, көздің зақымдануы бар", – деп хабарлады департамент.

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінде оқушылар кварцтеуге арналған ультракүлгін шам сөндірілмеген кабинетте мемлекеттік емтихан тапсырған. Оқушылар кварц қосылған бөлмеде бір жарым сағат бойы отырған. Кешке қарай олар денсаулығына шағымданған соң жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
249 views07:10
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 08:51:30 Баспана сатып алдыңыз делік, ары қарай қандай не істеу керек? ХҚО-ға қалай тіркелеміз? Оған қандай құжаттар қажет? Тұрғылықты жерге өзімді және отбасы мүшелерін қалай тіркеймін? Коммуналдық қызмет түбіртегіндегі мәліметті қалай өзгертеді? Үй салушының кепілі туралы мәліметті қайдан және қалай тексеруге болады? Пәтерді сатқан кезде салықты қалай төлейді?

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/06/06/174857/
257 views05:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 08:47:33 Астрологтардың 7 - 13 маусымға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

https://www.ktk.kz/kz/blog/article/2021/06/07/182247/
238 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 08:38:27
Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп, енді бірі троспен төбеден төмен түсіп, әйелді ұстап қалды.

Өскемен қаласының құтқарушылары үшінші қабаттың балконында асылып тұрған әйелді құтқарды. Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы уақытта Өскемен қаласының 101 қызметіне үшінші қабаттың терезесінде әйелдің құлағалы тұрғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар келгенде ол кісі балконда асылып тұрған. Күші сарқылуға жақын қалған.

Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп қойды. Ал департаменттің тағы бір қызметкері Шыңғыс Смағұлов төртінші қабаттан троспен төмен қарай түсіп, әйелді ұстап қалды. 40 жастағы әйелді бірден жедел жәрдемге тапсырды. Оның бұл әрекетке неге барғаны белгісіз.
247 views05:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 08:14:23 8 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі коронавирус ахуалын бағалау матрицасы жарияланды.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/06/08/182260/
248 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 11:47:12 Карантин режимін сақтамаған коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға 87510 теңге айыппұл салынады.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

 "Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлайды. Бұл талаптарды орындамағандар үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді", - деп жазады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

 Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады.

 Карантинге жіберіліп, өзін-өзі оқшаулауға міндеттелген адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады.

 "Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар коронавирус сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын бақылауға көмектеседі деп үміттенеді", – деп толықтырды комитет.
136 views08:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 11:47:12
134 views08:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 11:33:12 Жұмыс берушінің 5 млн теңгесіне қызыққан елордалық жүргізуші тонау қылмысын қолдан ұйымдастырған.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/06/07/182181/
152 views08:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 09:34:27
Өткен тәулікте еліміз бойынша 989 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Бұл бір күн бұрынғы статистикамен салыстырғанда көрсеткіш әлдеқайда жақсарғанын көрсетеді. Қазақстанда Covid-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша матрицаны жаңартты.

Соған сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа ауысты.

Қазір ел бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы қалды.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облысы тұр.

 "Жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы бар.
213 views06:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 09:21:25 Қостанайдың орталығында оқ атылып, бірнеше адам жараланды.

https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2021/06/07/182167/
210 views06:21
Ашу / Түсініктеме