Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.78K
Арнадан сипаттама

@fonbet_kz амбассадоры
Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77786243499

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар

2024-05-13 16:53:34
Жартылай қорғаушылардан жақсы бапкер шығады

Тиаго Мотта - “Болонья” ұжымын 60 жылда алғаш рет ЧЛ шығарды
Сеск Фабрегас - “Комо” командасын 2002/2003 жылғы маусымнан бері алғаш рет элиталы дивизионда өнер көрсетуіне мүмкіндік туғызды
Хаби Алонсо - “Байер” командасы бапкердің арқасында өз тарихындағы алғашқы Бундеслиганы жеңіп алды.
5.3K views13:53
Ашу / Түсініктеме
2024-05-13 16:37:51
“Барселонаның” экс-қорғаушысы Эдгар Иэ егіз сынарын “Динамо” Бухарест намысын қорғауға жіберген

Румындық ұжым өз сапында Эдгар Иэ емес басқа бәреудің өнер көрсетіп жатқанын 3 ай өткеннен кейін бірақ білген. Сол уақыт аралығында егіз сынары шыққан 5 ойында “Динамоға” техникалық жеңіліс жарияланды.

Жалпы ойыншының өзі қателігін мойындамай отыр. Ол төлқұжатын көрсетуден түбегейлі бас тартуда екен. Алаяқ футболшының қармағына ілінген румындық ұжым бұл жағдайға байланысты қандай іс-әрекет қолданатыны әзірге беймәлім.
5.3K viewsedited  13:37
Ашу / Түсініктеме
2024-05-13 10:05:02 “Қайсар” бас бапкері Виктор Кумыковтың кешегі матчтан кейінгі сұқбатынан үзінді:

– Не хотели бы усилить состав в летнее трансферное окно?
– Хотел бы, но не будет усиления. У нас 1,2 млрд тенге бюджет, из них 500 миллионов на то, чтобы закрыть долги, а 200 – на команду Первой лиги. Если будет дополнительное финансирование, то можно было бы усилиться. Мы хорошо усилились Валерием Громыко, но контракт с ним заключен только на три месяца.
– А лидеров тяжело удержать?
– Громыко уйдет, наверное. А если кого-то позовут, наверное, тоже не удержим их.

Кеше Балютұлының туған күні болған. Маман шындықты жасырмай, аямай бәрін айта салыпты.
5.5K views07:05
Ашу / Түсініктеме
2024-05-13 09:07:31 БАЙҚАУ! АПЛ, 37-тур. Астон Вилла - Ливерпуль

Жүлде қоры – 20 000 теңге

Бірінші дәл тапқан адам - 10.000 теңге
Екінші дәл тапқан адам - 5.000 теңге
Үшінші дәл тапқан адам - 5.000 теңге

Шарттары:

1. xabi & xavi арнасына тіркеліңіз: @xabixavi

2. Астон Вилла - Ливерпуль матчының есебі мен сол матчтағы сары қағаздар санын дәл табыңыз (тікелей қызыл қағаз есепке алынбайды)

Мысалы: 1:1, 3 сары қағаз

3. Пікіріңіз өзгермеуі керек. Есеп те, сары қағаз саны да бір жерде жазылуы міндетті. Қатысушының бір ғана болжамы есепке алынады. Конкурс болжамы тек матч басталғанға дейін қабылданады.

4. Жеңімпаздар үшеуден аз болса, қалған сома келесі конкурс үшін ұйымдастырушыларда қалады.

5. Пікіріңізді xabi & xavi арнасындағы осы посттың астына жазыңыз. Міндетті түрде каналға тіркеліңіз!

@xabixavi
5.7K views06:07
Ашу / Түсініктеме
2024-05-13 08:51:01
“Тараз” ФК басшысын сайлап алды

Әлімбек Жұмабаев ендігәрі “Тараз” ФК басшысы қызметін атқаратын болады.

Тағайындау директор лауазымына жарияланған үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша жүзеге асты.

Жамбыл облыстық футбол федерациясын 2006 жылдан бері басқарып келген басшыға өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасы “Тараз” ФК өркендету бойынша бірқатар тапсырмаларды мойнына жүктеді.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік ұжымды Елдос Ахметовтың ағасы Жандос Ахметов басқарып келген болатын.
5.3K views05:51
Ашу / Түсініктеме
2024-05-13 08:14:20
“Манчестер Юнайтедтің” “Олд-Траффорд” стадионының бір трибунасын су басты. 113 жылдық тарихы бар спорттық нысан тұманды альбионның жауын-шашынына төтеп бере алмады. Нәтижесінде қызыл-сойқандардың шатыры тайып, қысыммен келген су бір пәсте сарқырамадан аққан судай стадион трибунасына бағыт алды. Бұл жағдай “Юнайтедтің” “Арсеналға” қарсы кездесуінде орын алды.

Стадионының өзі “Манчестердің” ойынын көргісі келіп тұрған жоқ.
5.5K views05:14
Ашу / Түсініктеме
2024-05-12 18:24:16
Неймар құрама қосынына шақырту алмады

Қазан айынан бері жарақатын емдеп жатқан футболшы Копа Америка турнирінен шет қалмақ. Құрамаға Неймардан бөлек, Карлос Каземирода шақырту алмады. Бапкер аталған аяқдопшылардың орнын басар командада таланттар жетеді деп отыр.
6.8K views15:24
Ашу / Түсініктеме
2024-05-12 14:25:17
Қайрат Боранбаев маған жауап жазды
8.4K views11:25
Ашу / Түсініктеме
2024-05-12 14:09:17
ҚПЛ қызықтары немесе сиясы кеппеген инсайд!

“Жетісу” командасының соңғы жеңісінен кейін Қайрат Нұрдәулетов қазақстандық ТОП клубтардың радарына ілініпті. Яғни, "Қайрат" пен "Ордабасы" кандидат ретінде қарастыра бастаған-мыс.

Қазақстан жастар құрамасын баптаған, "Мақтаарал" командасын жаттықтырған, осы маусымнан бастап "Жетісу" клубын тізгіндеген жас маманның үлкен прогресс жасағаны көрініп тұр.

“Ордабасы” мен “Қайрат” клубтарының басшылығы келіссөзді бастап кетпесе де, ашық қызығушылық таныта бастаған.

@xabixavi
6.9K views11:09
Ашу / Түсініктеме
2024-05-12 08:14:51
Баласы бәйге шапса, анасы үйде отырып тақым қысар

“Милан” ойыншылары Кальяриге қарсы кездесуде өз аналарына құрмет көрсетті.

12 мамыр күні бұл дүниеге келуімізге басты себепкер болған жандардың мерекесі. Сол себептен “Милан” футболшылары ішкі чемпионаттың кезекті кездесуінде өз аналарының есімі жазылған жейдемен алаңға шықты. Стадион дикторыда құрам ретінде спортшылардың ең жақын жандарының атын айтып келген қауымға таныстырды.

Аналарын бұл күнде ардақтаған “Милан” командасы ойында Кальяриді 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, А Сериясының күміс жүлдегері атануға жақындады.
7.2K views05:14
Ашу / Түсініктеме