Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen K
Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.87K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2023-07-06 16:19:40
Марио Фернандес Ресейге қайтып оралатын болды!

Бір қызығы футболшы өз мансабын жалғастыру үшін "Зенитті" таңдап отыр екен. Санкт-Петерборлық ұжым түп тамыры бразилиялық үшін 2 млн еуро төлеп қойды.

Еске салайық, Фернандес ЦСКА сапында 2012 жылдан 2022 жылға дейін өнер көрсеткен.

Сатқын ба?

Ия
Өзі біледі ғой!
5.3K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  13:19
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 16:06:17
Келер маусымда "Барселона" намысын қорғайтын Витор Рокенің Бразилиядағы көрсеткіші:

29 ойын
15 гол
5 голдық пас
5.3K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 13:06
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 16:02:08
Арда Гюлер - мадридтік "Реалдың" жаңа ойыншысы!

Трансфер құны: 20 млн еуро
Келісімшарт 2029 жылға дейін жарамды

Түрікке "Барселона" ұжымы ұсыныс тастаған болатын. Алайда, Гюлер Madrid-ті таңдады.
5.3K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 13:02
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 15:57:01
Джеррард Садио Манені өз командасынан көргісі келеді. Жақында ғана "Аль-Иттифак" ұжымын тізгіндеген бапкер Сенегал футболшысының көмегімен шабуыл шебін мықтылап алмақшы. Онымен қоса жұлдызды "Аль-Насрда" вингердің әр іс-қимыл әрекетіне назар салуда.

"Бавария" футболшысы үшін 30 млн еуро сұрауда!
5.4K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 12:57
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 15:50:57
Вини Мбаппе үшін позициясын ауыстырмайды

Корольдік клубқа келуі жыр болып кеткен Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" шабуылының сол қапталынан басқа позицияларда өнер көрсете береді. Жуниор өзіне берілген аумақтан ешқайда жылжымаймын деп отыр.
5.4K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  12:50
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 13:11:25 Бүгінгі футбол матчтарына болжам

Ордабасы – Астана

Оңтүстік – Екібастұз

Ақжайық – Turkistan
5.8K viewsArshat Oraz, 10:11
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 12:59:46
Артем Беседин тақырыбын одан әрі жалғай отырайын. Украиналық журналисттер мен блогерлер бұл шабуылшыны интернет мемге айналдырып жіберген екен. "Гол салмайтын шабуылшы" деп айтады-мыс. 2016 жылы ол "Динамо" Киев сапында негізгі құрамда алаңға шығып, "Бешикташ" қақпасына гол салады. Бұл чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойын еді. Одан бөлек іріктеу кезінде "Славия" Прага қақпасына гол салыпты. Украина құрамасы сапында 2 рет іріктеу кезеңінде гол салған. Жалпы 19 ойын өткізген. Андрей Шевченко оны үнемі Яремчуктың орнына алаңға шығарып жүрген. Екеуінің ойын мәнері бір-біріне ұқсас. Ірі денелі, допқа таласады, кеудесін қойып қалады, баспен гол салады. Бір сөзбен айтқанда - таран. Еуро 2020 додасында Беседин Яремчуктың орнына алаңға шығады да Швециялықтармен қақтығысып ауыр жарақат алады. Сосын жарты жыл футбол ойнамайды. Оның алдында допингпен ұсталып қалып, біршама уақыт футболдан шеттетіледі. Жалпы айтар болсам, шымкенттік жанкүйерлер Бесединнен бірден гол күтпесін. Бұл әр матч сайын гол салып тұратын сұрмерген шабуылшы емес. Ол командалық футболшы. Александр Седнев оны басқа қырынан пайдаланалды. Яғни, шабуыл шебінде доп ұстап, әріптестеріне дер кезінде пас беріп тұратын адам болса жеткілікті. Стандарт кезінде оның ірі денесі пайдасын тигізеді. Құдды бір Оливье Жиру секілді ғой. Топырлатып гол салмаса да командасына зор пайда береді. Бұл да сондай болады деген үміт бар. Аз қаржыға Чемпиондар лигасы мен Еуропа чемпионатында ойнаған футболшы табу қиын. Қай-қайдағы Мркич пен Зркичтерді алғанша осындай аты бар, заты бар футболшы алғаны да жөн ғой деп отырмын. Бірақ, соңғы кездері анау Садовский деген ғаламат ойнап жүр. Бесендинмен бірге шабуылға бәсекелестік келді деген сөз.
6.1K viewsYermukhamed, edited  09:59
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 11:55:43
“Орда” әжептеуір деңгейі бар шабуылшы алды! “Динамо” Киев сапында ойнаған, Украина құрамасында көзге түскен Артем Бесединді алды! “Легияға” гол салса жақсы ғой енді!
6.2K viewsYermukhamed, 08:55
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 22:19:56
Эрлинг Холландтың қалыңдығы инстаға мені салып қойыпты
3.2K viewsYermukhamed, 19:19
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 19:00:50
ЖІГІТТЕР ТЕГІН КФ 20+ БЕТОН
Жасыл әлем Прогноз каналына жазылуға ұсынамыз.
Футболдың Ең үздік аналитиктеры

Күнде сіздерге тегін кф 3 және көптеген әдемі прогноздар шығарады

Ертенге Лига Нацийга тегін кф 20+ дайындап шығарды, тек сіздерге

«Подать заявку» Деп басамыз бәріміз:
https://t.me/+xX1wsBrh2ZJhZjYy
https://t.me/+xX1wsBrh2ZJhZjYy
От души ұсынамын
Подпишитесь и заберите его
железобетон на сегодня!
5.1K viewsManager, 16:00
Ашу / Түсініктеме