Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen K
Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.87K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2023-07-08 08:29:53
УЕФА мен КОНМЕБОЛ тартыс Кубогі атты ортақ финалдық турнир ұйымдастырмақшы. Оған ЕЛ мен Судамерикан турнирлерінің жеңімпаздары қатыспақ.

«Севилья» мен «Индепендьенте дель Валье» 19 шілде күні жаңа турнирдің тұсауын кеседі.
3.9K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 05:29
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 19:50:02
Эдвин Ван Дер Сар жедел түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Аңыз қақпашының миына қан құйылды дейді.

"Аякс" клубының болған жағдайға байланысты жасаған мәлімдемесі:

"Жұма күні Эдвин Ван Дер Сардың миына қан құйылды. Қазір ол аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Тың ақпараттар болса, алдағы уақытта бөлісе жатармыз".
1.1K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 16:50
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 19:27:56
Қыз әлде футбол? Эрлинг өз таңдауын жасап қойған

Танымал футболшы Эрлинг Холанд ең алғашқы қызымен не үшін айырылысып кеткенін түсіндіріп берді.

"Ол маған аз уақыт бөлесің деп көп шағымданатын. Бар зейінді футболға бағыттағандығым үшін қызыммен ақырында айырылысып кеттім. Кейде оны сағынамын".

Комментатор Роман Нагучевте ғашықтар күнінде "Бавария" мен "ПСЖ" ойынын тамашалаған дұрыс деп тауып еді ғой! Қызбен кездесу, соңында ол нәзік жанды сенің әйелінде болмайды! деп цитата айтып жіберген еді матч барысында.
693 viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  16:27
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 19:14:44
"Эштадиу да Лушға" жиналған қауым Әлем чемпионы Анхель Ди Марияны жақсы қарсы алды!

Аргентиналық 2010 жылы өнер көрсеткен ұжымына қайта қосылды.
1.3K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 16:14
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 17:51:38
Twіtter Threads әлеуметтік желісінің танымал болуына кедергі келтіруі мүмкін

Хабарландыру алмасуға ыңғайлы платформаның қожайыны Илон Маск Марк Цукербергке тиесілі Мета компаниясын сотқа бермекші.

Бұған себеп Threads қосымшасының функциялары твиттердікіндей дәлме-дәл келтірілген. Егерде әлеуметтік желінің плагиат болып табылатыны дәлелденсе, әлеуметтік желінің өміршеңдігіне нүкте қойылуы ғажап емес.

Тіркеліп жатырсыздар ма? Соңғы күндері осы жайлы көп сөз қозғалуда.
783 viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  14:51
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 15:30:23
Бразилияда Винисиус Жуниор атына байланысты заң шықты!

Ендігәрі Рио-де-Жанейро қаласында өткізіліп жатқан матчтарда расистік балағаттау фактісі орын алса, онда ойын мүлдем тоқтатылады. Бұл заң әуесқойлар мен кәсібилерге бірдей қатысты.

Айтпақшы, Вини Рио-де-Жанейро штатының ең құрметті төсбелгісімен марапатталды. Тирадентас деп аталынған марапат ең ықпалды азаматтарға ұсынылатын бірегей мадақ.

Негр деді ме? Ойынды тоқтат! Өз нәсіліннің правосын качать ет!
2.8K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 15:13:47
"Қызыл-Жар" командасының көшбасшысы ҚПЛ белді ұжымына қосылады деген ақпарат бар

Петропавлдық клубтың капитаны Еркін Тапалов "Астана" ФК сапын толықтырып қалуы мүмкін.

29-жастағы футболшы елордалық команданың назарына ұзақ уақыт бойы түсіп келді. Бір кездері Еркін "Астана" немесе "Ақтөбе" намысын қорғауға жақын қалған болатын. Алайда жартылай қорғаушы "Қызыл-Жарда" қала берді.

Петропавлдық ұжым өзінің әмбебап ойыншысына айырылып қалғысы келмейді. Олар Еркіннің келісімшартын тағы бір жылға созуды жоспарлауда.
455 viewsКөбеев Мұхаммедқали, 12:13
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 14:52:27
"Ақтөбе" ойыншысы еурокубок ойындарына дейін чемпионат ауыстыруы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов Metaratings мәліметінше, осы жазда басқа клубқа ауысады деп күтілуде.

21-жастағы футболшы Ресей мен Түркия клубтарының шорт-листі тізіміне еніпті. Қызығушылық білдірген ұжымдардың бірі Максиммен байланыс орнатып үлгеріпті.

"Ақтөбеде" Самородовтың кететіндігін біліп отыр. Бас бапкер Андрей Карпович бұл футболшыны соңғы ойындарда қосалқы құрамда қалдыруда.
1.3K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  11:52
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 13:37:55 Бүгінгі Wimbledon теннис матчтарына болжам

Бублик – Мартерер

Шаповалов – Броуди

Музетти – Хуркач

Зверев – Ватануки

Галан – Имер
2.4K viewsArshat Oraz, 10:37
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 12:55:30 Мынандай жаңа әлеуметтік желі пайда болыпты ғой, көрдіңдер ма?

https://www.threads.net/@e.maulen
822 viewsYermukhamed, 09:55
Ашу / Түсініктеме