Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen K
Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.87K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2023-06-14 17:59:56
Қыз екенімізге сомнения ұстады

Швеция ұлттық құрамасының ойыншылары 2011 жылғы Әлем чемпионатында қыз екенін дәлелдеу үшін ұятты жерін дәрігерлерге көрсетуге мәжбүр болған.

"Тексеріс кезінде футболшы қыздар шолақ шалбары мен іш киімін шешті. Менде белден төмен шешініп, дәрігерге қаралдым. Ол маған біраз қарап тұрып келесі деді. Артымда тұрған медицина қызметкері де біраз кідіріп, сыртқа қарай шығып кетті. Олар осылай біраз құрамның қыздарын зерттеп шықты".

ФИФА ұйымы Нилла Фишердің осы бір пікірінен кейін зерттеу жүргізбек.
5.6K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  14:59
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 17:30:29
Морис Стейн "Аякстың" жаңа бапкері атанды!

"Спарта" (Роттердам) командасының экс-бапкері амстердамдық ұжымды 2026 жылға дейін жаттықтырмақ. Стейн бұл қызметте Джон Хейтинганы алмастырды.

49-жастағы маман "Спартаны" 2022 жылдың сәуір айында тізгіндеді. Оның баптауымен роттердамдық ұжым Эредивизияның 2022/23 жылғы маусымын 6 орынмен аяқтады. Клубтың КЛ өнер көрсетуге мүмкіндігі бар етін. Алайда, жолдамаға таласта олар *Твентеге" жеңілді.

Еске салайық, "Аякс" өткен маусымды үшінші орынмен аяқтап, елді елең еткізген болатын. Нидерланды елінің флагманы атанған ұжымның соңғы кездері ойыны жүрмей келеді.
5.6K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 14:30
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 17:03:34
Бразилиялық "Суарес" "Барселона" сапын жақын аралықта толықтырады

"Атлетико Паранаэнсе" Витор Рокені 40 млн еуроға сатты. Футболшы "блаугранаға" Ла Лига ойыншыларын қайта тіркеу барысында қолжетімді болады.

Роке Бразилияның жоғарғы лигасында 10 ойын өткізіп, 4 гол салған.
5.6K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  14:03
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 16:47:27
Ампадуды аластау керек

Итан Ампаду ауысқан ұжымдар бір маусым өте жоғарғы лигадан төмен сырғитын әдет қалыптастырады екен. Сенбесеңіздер, төмендегі деректерге көз жүгіртіңіздер:

2020/21 маусым
"Шеффилд Юнайтед" АПЛ ұшып кетті

2021/22 маусым
"Венеция" А Сериясындағы орнын сақтап қала алмады

2022/23 маусым
"Специя" Италия біріншілігімен қоштасты

Итанға басқа клубтар осыдан кейін он метр ары жүрші дейтін шығар.
5.7K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 13:47
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 16:30:31
Италия ұлттық құрамасы футбол Федерациясының 125-жылдығына орай жаңа жейденің таныстырылымын өткізді

Футболшылар бұл спорттық экипировканы 18 маусымда өтетін Ұлттар Лигасы кездесуінде алаңға киіп шықпақ. Айта кетерлігі, бұл жейделердің сатылымға небәрі 2023 данасы қойылады. Сондықтанда "скуадра адзурра" жанкүйерлеріне дүкен сөрелерін торуылдағаны жөн.
5.7K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 13:30
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 14:55:11
Бэллингемді таныстырды
Жалпы жақсы алды осы талантты. Болайын деп тұрған бала ғой.
6.2K viewsYermukhamed, 11:55
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 13:00:01
найзағай!

Жеке кәсіпкер Қазақстанның бір қаласына киіз үй форматындағы әдемі стадион салмақшы!
6.7K viewsYermukhamed, 10:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 12:13:20 Бүгінгі теннис матчтарына болжам

Бублик А – Синнер Я

О’Коннелл К – Сонего Л

Легечка И – Тиафо Ф

Чорич Б – Макдональд М

(қажет матчтың үстін бассаңыз, болжам ашылады)
6.7K viewsArshat Oraz, 09:13
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 06:58:22

Агуэро футболдан кетіп еді, Аргентина Әлем чемпионы, Сити ЛЧ жеңді.
620 viewsYermukhamed, edited  03:58
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 18:28:59
Оңтүстік Америка құрлығының құрамалары 2023 жылы:

Аргентина - Әлем чемпионы
Уругвай - U-20 Әлем чемпионы
Бразилия U-17 Әлем чемпионы

ПСЖ-да қала беретін Килиан Мбаппе бұл континенттің құрамаларын әлсіз деп сынаған еді. Ол Еуропа елдерінің үздіктері барда Оңтүстік Американың ұзаққа шаппасы анық екенін сенімді түрде айтқан болатын.
4.5K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 15:28
Ашу / Түсініктеме