Get Mystery Box with random crypto!

Kommentator_Maulen

Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen K
Telegram арнасының логотипі kommentator_maulen — Kommentator_Maulen
Арна мекенжайы: @kommentator_maulen
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 21.87K
Арнадан сипаттама

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: 77071993210

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2023-07-07 11:53:25
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

Өткен жылы осы жарыстың жеңімпазы атанған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 74-ракеткасы, франциялық Ализе Корнемен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Елена басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена бірден брейк жасап, алға кетті – 6:2.

Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіп, есеп 5:5 болып, Рыбакина доп бергенде, Корне медициналық көмекке жүгінді. Тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2).

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 89-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен кездеседі.
1.1K viewsYermukhamed, 08:53
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 11:45:54

Шымкенттіктер елоррдалықтарды (оның ішінде мен де бармын) бір шымшып өтіпті
1.5K viewsYermukhamed, edited  08:45
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 11:44:03
Гризманн жетінші нөмірді өзіне қайтарып алды

"Атлетико" футболшысы Антуан Гризманн қайтадан 7 нөмірмен өнер көрсететін болады. Бұған дейін бұл нөмірде Жоао Феликс аты тіркелген болатын. Португалдық 2021 жылдан бері футбол әлемінде жауапкершілігі зор санды арқасында таңбалап келді.

Нөмірді оңай бере салғанына қарағанда Жоао "Атлетикода" аялдамайтын сияқты. Оған "ПСЖ" жаңа бапкері Луис Энрике қызығып отыр деген ақпар бар.
1.5K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 08:44
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 11:13:48
Адам сыймай жатыр! Міне, енді жаңа стадион жайлы сөз қозғауға болады!
2.4K viewsYermukhamed, 08:13
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 10:49:43
"Интер" бірқатар футболшыларының келісімшартын ұзартты

Алессандро Бастони - 2028 жылға дейін
Хакан Чалханоглу - 2027 жылға дейін

Бұл екі футболшының "нерадзуррилердегі" келісімі 2024 жылдың жаз айында аяқталуы керек еді.
889 viewsКөбеев Мұхаммедқали, 07:49
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 10:16:11
Ройс демалыс кезінде маңызды шешім қабылдады

Ол "Боруссияның" келесі маусымдағы капитаны міндетінен бас тартты. Неміс "аралар" ұжымында 5 жыл бойы көшбасшы болып келген еді.

"Ұзақ ойланып, бір шешімге келдім. Келесі маусымда "Боруссияның" капитаны болғым келмейді".
1.9K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 07:16
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 07:26:19
"Интер" Майами стадионының аумағында Мессиге арналған сыра сатылатын болады.

Алкогольден де ақша түсіп отырады дейсің ғой!
2.7K viewsКөбеев Мұхаммедқали, 04:26
Ашу / Түсініктеме
2023-07-07 07:18:26
Сесар Аспиликуэта "Челсидің" аңызы атанатындай нәтиже көрсетті

◉ 508 матч
◉ 2х АПЛ
◉ 2х Еуропа Лига
◉ 1x ЧЛ
◉ 1x Англия Кубогі
◉ 1x Лига Кубок
◉ 1x УЕФА Суперкубогі
◉ 1x Клубтар арасындағы әлем чемпионаты

Кэп 10 жыл "Челсимен" бірге болды!
2.8K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  04:18
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 21:20:20
Маңғыстау облысының тұрғындары! Дені сау ішетін ауыз-су таппай жүрген шығарсыздар. Сапалы жолды аңсайтын шығарсыз. Бәлкім қалада газ жоқ шығар. Бірақ, “Каспий” футболшысы Крапухин айына 3 476 320 теңге жалақы алған. Ресейлік шабуылшы ақтаулық команда үшін 207 минут ойнап беріпті! 207 ойлашы! Енді келісімді ерте бұзғаны үшін әкиматтан қаржыландырылатын сүйікті клубымыз 8 млн, 690 мың айыппұл төлейді!

Мына құжатты көріп жылауға болады ғой!
3.9K viewsYermukhamed, 18:20
Ашу / Түсініктеме
2023-07-06 20:42:08
"Ордабасы" - финалда!

Қазақстан Кубогі, жартылай финал (2:1)

"Ордабасы" 2:0 "Астана"
Голдар: Умаров 63', Ерланов 104'
4.6K viewsКөбеев Мұхаммедқали, edited  17:42
Ашу / Түсініктеме