Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! КЕШЕГІ “КРЕДИТ | 💰GULMIRA QARASAI

ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН! КЕШЕГІ “КРЕДИТ” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ. АЛ, КЕТТІК

3. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ

Қарыз алғанда ресми банктен алған дұрыс. Өйткені коллекторда, банктер де заңмен жұмыс істейді. Егер “черные кредиторы” деген белгісіз адамдар немесе ұйымнан алсаңыз, төлей алмай қалғанда арты жаман болуы мүмкін. Банктен кредит алып, белгілі бір себептермен төлей алмасаңыз телефонды ауыстырып, қашып-пысып жүрмеңіз. Банкке барып, ашық сөйлескен дұрыс. Өйткені, адам “звоноктан” қорықса, әрбір сондай звонокты естігенде “мини инфаркт” алады екен. Кейін ол денсаулығыңызға әсер етеді.

4. КЕЛІСІМШАРТТЫ ТҮСІНБЕСЕҢІЗ, ОҒАН ҚОЛ ҚОЙМАҢЫЗ.

Келісімшартты толық оқып шығыңыз. Әрине 3-5 беттік құжатты оқуға біршама уақыт кетеді. Бірақ болашақта сіздің осы оқығаныңыз өзіңіздің ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі. Құжатта жазылған таныс емес сөздерді менеджерден сұраңыз. Ең дұрысы заңгерден консультация алған дұрыс. Сондай-ақ, келісімшартта жазылған штраф, пеня, комиссия, страховка дегенге мән беріңіз. “Құжатты тезірек оқып, қол қойыңыз” - деп менеджер сізді асықтырса, құжатты үйге әкетіп, асықпай оқыңыз. Ертесі барып та кредит алуға болады. Барлық жазылған ақпаратты түсінгеннен соң ғана ҚОЛ ҚОЙЫҢЫЗ!

ЖАЛҒАСЫ БАР


КРЕДИТ ТАҚЫРЫБЫ ПАЙДАЛЫ БОЛСА, РЕАКЦИЯЛАРЫҢЫЗДЫ ҚАЛДЫРЫҢЫЗДАР