Get Mystery Box with random crypto!

ғажайып

Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып Ғ
Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып
Арна мекенжайы: @gazhay1p
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 235
Арнадан сипаттама


<< ғажайыпты күтпе, оны жаса >>

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 18

2021-05-30 14:38:39
194 viewsAyana., 11:38
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 20:49:37 страшно.
неизвестно.
некому сказать.
@gazhay1p
114 viewsAyana., 17:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 16:33:41 https://kazislam.kz/keshirim-turaly-psana/
177 viewsAyana., 13:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 16:33:36 << Өзіңді кешіру - өзіңнің бүтін емес болмысыңды қабылдау! Өзіңді кешіру - өз жүрегіңді өзіңе ашу! Сен өз-өзіңе соншама қайғы арқалаттың, бірақ соның бәріне бүкіл әлем кінәлі дедің. Олар сенің кешіріміңе лайық емес деп күпіндің… Солай дей тұрып, Құдай сені құшақ жая қарсы алсын дейтініңе не жорық? Сеніңше Құдай деген әбден қартайған, алжыған шалға ұқсай ма? Ол ақымақтар мен жүрегі қарайып кеткен қайғырғыштарға есік ашады деп ойлайсың ба? Сен сияқтыларға арнап ғажап мекен жасап қойды деймісің? Өзіңнің жеке жұмағыңды жасасаң, ол жұмақ алдымен өзіңе, сосын өзгелерге де жан тыныштық сыйласа, сонда ғана Көктегі жұмақтың есігін қағарсың. Әзірге Құдай сені қайта жер бетіне түсір деп пәрмен етті. Өз мейірің мен қамқорлығыңнан тұратын әлеміңді жасауға мүмкіндік беріп тұр. Өзіне қамқор бола алмайтын адам өзгеге жақсылық жасадым деген теріс ойдың жетегінде кетеді. >>
176 viewsAyana., 13:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 16:32:16 < кешірім >

бір жылдай бұрын "кешірім" тақырыбы мен үшін маңызды болған. сол кезде "қалай сені қатты ренжіткен адамды кешіруге болады?" деп бір адамды кешіре алмай жүрдім, онымен қоса "өзіңнен көңілін қалу сезімінен қалай құтыламын?" деген сұрақ та мазамды алатын. кешірім туралы сол кездегі барлық жазбаларды оқып шықтым десем қателеспеймін. түрлі психологиялық техникаларды да жасадым. өзім "ренжіттім-ау" деген жандарға жазып, кешірім сұрағаным есімде. сол әрекеттердің әсері кішкене уақытқа ғана созылатын. сосын қайтадан өзімді кінәлап, өзгелерге ренжіп біраз уақыт "құрбан"(жертва) болған екенмін. бүгін сол уақытта оқыған, әрі ерекше әсер еткен жазбаны тауып алдым. маған үлкен инсайт беріп, қатты ойландырған еді. қазір жіберемін, уақыт бөліп оқуға кеңес беремін. уақыт пен шабыт табылса бұл тақырыпта пост жазуға тырысамын. себебі өмірімнің белігілі бір кезеңінде маңызды орын алды, сондықтан айтарым көп

қазір менің ренішім өзіме ғана зиянын тигізетінін білемін, ренжімеуге тырысамын. осы жылғы рухани әлемімдегі ең үлкен жеңісім - кешіру. бұл қиын, бірақ жемісі үлкен іс.
166 viewsAyana., 13:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 13:25:48 “Адам ата-анасына тіл тигізуі мүмкін бе?” – деп сұрайтын болсақ, көпшілік бұл сұрақты орынсыз көретіні белгілі. Бірақ адам баласы кейде байқамастан өз ата-анасын балағаттап қоюы мүмкін.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні сахабаларына: “Кісінің өз әке-шешесін балағаттауы – үлкен күнә”, - деді. Сахабалар таң қалып: “Адам өз ата-анасын балағаттай ма екен?” – деп сұрады. “Иә, кісі егер басқа адамның әкесін балағаттаса, әлгі адам да ашуланып оның әкесін балағаттайды. Біреудің анасын балағаттаса, ол да әлгі кісінің анасын балағаттайды”.

Демек, біреудің әке-шешесін балағаттаған адам шын мәнінде, өзінің ата-анасын балағаттағандай болады. Ал бұл адамды үлкен күнәға батыратын жайт. Қазақта “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі” деген ғибратты сөз бар, сондықтан бұған аса сақ болған жөн. Асылында бұл мүмінге жат қылық.

"Жұмақтың кілті жаныңда" Әкім Алымудиннұлы
127 viewsAyana., 10:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 13:24:56

сурет: aabdibek
153 viewsAyana., 10:24
Ашу / Түсініктеме