Get Mystery Box with random crypto!

ғажайып

Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып Ғ
Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып
Арна мекенжайы: @gazhay1p
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 235
Арнадан сипаттама


<< ғажайыпты күтпе, оны жаса >>

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 17

2021-06-03 13:14:27 𖤐жазға арналған топ-5 жоспар:

1. кітаптар оқып, оны достарынмен талқылау
2. достарынмен/отбасынмен пикник ұйымдастыру
3. сүйікті істерінмен айналысу, жаңа қызығушылықтарынды іздеу
4. жаңа әдет қалыптастыру
5. келесі жазға хат жазу

ал сен тізімге басқа не қосар едің?
565 viewsAyana., 10:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 13:11:35
541 viewsAyana., 10:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 14:45:04
760 viewsAyana., 11:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 20:04:34 солармен асыр-салып ойнар едім,
алдымнан бір шықса ғой күліп тағы!
763 viewsAyana., 17:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 20:03:12 мен өскен сайын,
ішімнен жылайм..
кімнің жаны кедей,
сол зұлымға бай.
739 viewsAyana., 17:03
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 19:22:47 < бала тәрбиесі >

бала - түк түсінбейтін кішкентай емес, бәрін сезетін, өзін қалыптастырып келе жатқан ересек. бүгін "бақытты балалық шақ деген не?" деген сұрағыма "ата-ананың жақсы қарым-қатынасы, дос көруі" деген жауап алдым. шынында баланы тәрбиелегенде ең бірінші ереже - н и е т. ең түпкі ниетің дұрыс болуы керек. өз арманыңа балаң арқылы жетуге тырысу, мені асырасын деп өсіруге, жалғыз болмау үшін дүниеге әкелуге, т.б дұрыс емес ниетте тәрбиелеуге болмайды. "айтқанымды жасауы тиіс" деген оймен өсіру де қате. бірақ қоғамымызда көп кездеседі.. балада "айтқандарын жасасам ғана "жақсы" боламын, сол кезде мені жақсы көреді" деген ой қалыптасады. ал есейе келе бұл установка арқылы әділетсіздікке көп кезігеді.

ал ең бірінші қадам - балаңа жақсы әке/ана таңдай білу.

бала үшін маңызды нәрсе қауіпсіздік пен махаббат сезіну. жәй бар болғаны үшін жақсы көру, қателескенде демеу, тек қарны мен сырт бейнесін емес, ішкі рухани әлемін байыту. махаббат пен қамқорлық бере отырып өз өміріне жауапкершілікті екенін үйрету.

бала өзін қауіпсіздікте сезінуі өте маңызды. бір нәрсе болса "үйдегілер өлтіреді" деп емес, қорықпай көмек сұрай алуы керек. баланы қорғау өте-өте маңызды. кішкентай кезінен бала кездейсоқ адамды тыңдамауды, өзіне тансық нәрселер болса қорықпай айтуды, жолдан абайлауды, өзінің және өзгенің жеке шекарасын сақтауды білуі керек.

бұдан да басқа көп нәрсені үйрету керек. ал үйретудің ең алғашқы, және жалғыз әдісі - өзін сондай болу. өз жеке шекаранды қорғай алмай, балаға үйрете алмайсың. өзің кітап оқымайтын болсаң балаға "кітап оқы" деу ақымақтық. бәрібір бала естігенін емес, көргенін жасайды. яғни баланы емес, бірінші өзіңді тәрбиеле

бұл жазба жасөспірімдерге қойған сұрақтарымнан алған жауаптар, психологтардан алған ақпарат пен өзім байқап жүрген оқиғалар негізінде жазылды. балаларды қорғау күні құтты болсын.
748 viewsAyana., 16:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 20:15:24

120 viewsAyana., 17:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 14:39:14 Қызық, не жылу, не жарытып жарық бермейтін жұлдызды адамзат не себепті жақсы көреді?.. Әлде өте тұңғиықта, қол жетпес биікте болғандықтан ба.. Жақын нәрсенің қадірі болмай жек көретініміз сондықтан шығар. Адам өзінің қолы жетпейтін, армандай алыс дүниеге әуес келмей ме? Адам мәңгі орындалмайтын мақсат-мұраттарды қуып, үміттің жетегінде мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп жүрмей ме..

Мынау аппақ дүние. Оралхан Бөкей
213 viewsAyana., 11:39
Ашу / Түсініктеме