Get Mystery Box with random crypto!

ғажайып

Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып Ғ
Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып
Арна мекенжайы: @gazhay1p
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 235
Арнадан сипаттама


<< ғажайыпты күтпе, оны жаса >>

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2021-06-14 20:05:19 бұл жердегі әр жазба мен ескерту бірінші өзіме арналған.
288 views17:05
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 08:34:49
#ескерту :
136 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 15:12:36 шаян болмай өмір сүрейікші <3
66 views12:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 15:09:02 < тәуелсіздік >

• тәуелділікті мойындағаннан кейінгі
қадам - қай кезде пайда болғанын анықтау. (кішкентай кезінде қатты қуаныш сыйлаған тәәтті бургер, әдемі сөздер, мүмкін балалық шағындағы жаман оқиға, әлде ұзақ уақыт стрессте болу. өзінді қорғансыз сезіну.) егер ойлансаң тәуелділіктің алғашқы қуанышы мен оның себебін еске түсіре аласың. "дәл сол кезде менің базальды ганглияларым үлкен көлемді дофаминді алған ғой! содан бері дофаминнің одан да көбін алғысы келіп, дұрыс емес әрекеттер жасауыма әсер етуде"
☆ тәуелділіктен құтылу үлкен ерік-жігерді талап ететін жұмыс.
себебін табу, және сонымен жұмыс жасау. әр адамда себеп әртүрлі болады. үнемі стрессте жүру (кейде адам оны сезбеуі мүмкін), үлкен қайғы, айналадағы адамдардың әсері, балалық травмалар т.б. және барлық себеппен жұмыс жасауда терапияның алар орны маңызды. ол үшін дұрыс психотерапевт таңдай білу, ренішпен, ашумен, травмалармен жұмыс жасау керек. және жалғыз өзін жасай алатын әдіс ретінде медитацияны айтар едім. бір ай бойы үздіксіз медитацияны практикада қолданған адам ретінде көп нәрсеге көмегін тигізетінін сенімділікпен айта аламын.
технологияларды азайту. (әлеуметтік желілерде қанша сағат өткізетінінді қарап келші) инстадағы бітпейтін стористер мен видеодағы коменттерді оқитынын, телеграмдағы шынайы әңгімеге жетпейтін хат алмасуларың, тикток пен ютубта көретін видеоларын, жалпы телефонда өткізген көп уақытын базальды ганглияларынды жаман ренжітеді. ренжігені сондай сенен жартысы қашып, азайып қалады. содан кейін қалай тәуелділіктен құтыласың? иә, телефонның пайдасы өте көп. бірақ зияны да аз емес. телефонды қоқысқа лақтырып жіберіп өмір сүре алмайсың, тек уақытты басқарып, оффлайн өміріңе көңіл бөле аласын. телефондағы уақытты азайту үшін жаңа істермен айналысу керек. телефонсыз жасайтын істер тізімін жазып, күнделікті әдетке айналдырсаң болады.
• базальды ганглиялармен достасудың тағы бір әдісі сәттерді бағалау. дәл осы сәтте болу, өмірді сезіну. бақыт пен қуанышты жақсы әңгімеден, күлкілі әзілден, жақыныңның көзқарасынан, табиғаттың сұлулығынан сезіну. дофамин, серотонин туралы оқып, олардың жұмысын жақсарта аласың.
спортпен айналысу. бірақ ол спорт түрі міндетті түрде саған ұнауы керек. жүгіру, жүзу, үйде жаттығулар жасау, немесе арнайы спорттық секцияларға жазылу, билеу т.б. спорт негативті шығаруға көмектеседі, пайдасы өте-өте көп.
айналаң - айнаң. жақында бір подкастта "сенің айналаң ерік-жігеріңнен де мықты" (окружение сильнее воли) деген ой естідім. шынымен, сенің айналаңда адамдар үнемі газдалған сусындар ішетін болса, құтылу кішкене қиындау болады. бірақ алдыңғы постта байқағандарындай бұл мүмкін. себебі мені үйдегілер дұрыс деп қолдады. бірақ crab bucket болып қалуы мүмкін. мысалы темекі шегетін достарың шақыра берсе, ренжіп қалса "мүмкін" деген дәреже өте төмен болады. сол үшін жақсы адамдармен дос болуға тырысу, сені артқа тартатын адамдармен қарым-қатынасты шектей білу керек.
• ішкі мотивация сезетін, қуаныш сыйлайтын істерді көбірек жасау. ( бұл үнемі кейінге қалдырып жүрген істі жасауға белгі болар? )
• өзіңе шынайы болу. сен дәл қазір өзіңе уәде беріп, тәуелділікке мүлде жоламай кетуің мүмкін. немесе тағы да бір мәселеде "ескі досына" қайтып қоңырау шалуын ғажап емес. жәй ғана өзіңе шынайы бол, қиын болса да берілме. ал беріліп қойсаң өзіңді кінәлаудың керегі жоқ. "болды, менің қолымнан келмейді. менің ерік-жігерім аз." егер осындай ой келсе сен өзіңді өтірік ақтап алып жатырсың. "иә мен тағы құладым. бірақ қайта тұра аламын. және бұл жолы құламау үшін барымды саламын." ниетің, ойларың, эмоцияларың, әрекетіңді сен таңдайтынынды ұмытпа. өміріне жауапкершілік ал.
• "не үшін бұл тәуелділіктен құтылғым келеді?" деген сұраққа жауап тап. күнде есіне салып отыр.
• және иманыңды нығайту. дін туралы көбіне жазбаймын, бірақ осы тізімде міндетті түрде болуы керек деп шештім. "бізге аманат ретінде берілген уақытты, денсаулықты неге қадір тұтпаймыз?"

☆ мына екі видеоны үнемі қайталап көрген ұнайды, кеңес беремін:





69 views12:09
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 13:34:23
от себя не убежишь.
286 views10:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 10:16:28 < тәуелділік >

тәуелділік - рухани құлдырауға себеп болатын сезім. қазіргі кезде тәуелділік түрлері көбейіп кетті( көбінесе адамдар телефондағы мәнсіз контентке немесе өмір сапасын азайтатын видеоларға, бірнеше сағат бос хат алмасуға, тамаққа, әсіресе тәттіге және газды сусындарға тәуелді. бір топ адам шопоголизммен ауырса, екінші бірі айналасының көңіл бөлгеніне тәуелді. темекі, ішімдік тағы да басқа зиянды әдеттер адамды және айналасын құртуда. біреулер сериалдың соңына жетпей тынышталмаса, екінші бірі ақшаның артынан қуып шаршауда. тағы да екі топқа бөліп қарастырайықшы: бірінші топ тәуелділікті жақын досы етіп, мұңайғанда жанына жалау етіп жұбанады, әрі одан құтылуды ойлаған да емес. екінші бір тобы қанша тырысса да, қанша рет өзіңе уәде берсе де құтыла алмай әлек. пост екінші топқа, яғни өмірін өзгерткісі келетін, рухани дамудың жаңа шыңына шыққысы келетін жандарға арналады.

бірінші өзім туралы айтайын. әлі де "не нәрсеге тәуелдісің?" десе айтар жауабым табылады. бірақ "қандай тәуелділіктен құтылдың?"десе де жауап бере аламын. біздің үйде кола өте-өте көп ішіледі. ал менің газдалған сусындардан бас тартқаныма бір жылдай уақыт болып қалыпты. және бұрын музыкаға тәуелді, құлаққабың жоғалтса не сындырса өмірінің мәні кетіп қалатын адам болғанмын. қазір бұрынғыдай қажеттілік үшін тыңдамаймын, тіпті серуенге музыкасыз шыға аламын хаха. бұрын ол жәй арман болған) енді телефонға тәуелсіз адамдар қатарына қосылғым келеді.

жалпы тәуелділік мида қалай пайда болады? әрі одан қалай құтыламыз?

ми бірнеше бөліктен тұрады. бірі ойларынды сараптап, эмоция қалдырған сәттерді естелік жәшігіне салып отырады. бірі ояна сала автоматты түрде жасайтын істерінді басқарады. және солай әр бөлік түрлі сезімдерге, денедегі әр процесске жауап береді. ең қызығы мидың әр бөлігі бір-бірімен тікелей байланыста болады, әрі әсерін тигізіп отырады. ал мотивация мен ләззат, құмарлық сезімін басқаратын бөлік базальды ганглиялар деп аталады. егер олардың жұмысы тым жоғары дәрежеде болса адам уайымшыл болып кетеді. ал базальды ганглиялардың жұмысы жәй, әлсіз болса адамның мотивациясы төмен, депрессияға түскіш, тәуелділікке берілгіш болады.

әр әрекеттің бастамасы сияқты тәуелділіктен құтылу үшін тәуелді екенінді мойындау керек. "жоқ, маған темекі шеккен ұнайды. круто көрінеді" деп өзінді ақтау, "қоойшы, сериал көру жәй сүйікті ісім" деп одан басқа ісің жоқ екенің аңғармау, "ол көңіл бөлмей кетті, мен бірдене дұрыс жасамадым!" деп телефонды ұстаған сайын, парақшасын аңдып отыруды тоқтат. жәй ғана өзіңді тыңдап көрші. мүмкін арғы жағында шынайы ойларың: "мен тәуелдімін! мен стресстемін, көмектесші! мен мәселеден қашып жүрмін! маған махаббат жетпеді!" деп дабыл қағып жатқан болар?
☆ кеше қойған "неге тәуелдісің?"деген сұрағыма жазбаша жауап жазған болсаң сен ең алғашқы қадамды жасадың, жарайсың! ал сұраққа жауап бермесең дәл қазір қандай тәуелділіктен құтылғың келетінің ойланып, өз-өзіңе мойындап көр.

бұл тақырыптың жалғасы керек пе?
333 views07:16
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 10:14:34
мына сурет қандай ой салады?
304 views07:14
Ашу / Түсініктеме