Get Mystery Box with random crypto!

< кешірім > бір жылдай бұрын 'кешірім' тақырыбы мен үшін маңы | ғажайып

< кешірім >

бір жылдай бұрын "кешірім" тақырыбы мен үшін маңызды болған. сол кезде "қалай сені қатты ренжіткен адамды кешіруге болады?" деп бір адамды кешіре алмай жүрдім, онымен қоса "өзіңнен көңілін қалу сезімінен қалай құтыламын?" деген сұрақ та мазамды алатын. кешірім туралы сол кездегі барлық жазбаларды оқып шықтым десем қателеспеймін. түрлі психологиялық техникаларды да жасадым. өзім "ренжіттім-ау" деген жандарға жазып, кешірім сұрағаным есімде. сол әрекеттердің әсері кішкене уақытқа ғана созылатын. сосын қайтадан өзімді кінәлап, өзгелерге ренжіп біраз уақыт "құрбан"(жертва) болған екенмін. бүгін сол уақытта оқыған, әрі ерекше әсер еткен жазбаны тауып алдым. маған үлкен инсайт беріп, қатты ойландырған еді. қазір жіберемін, уақыт бөліп оқуға кеңес беремін. уақыт пен шабыт табылса бұл тақырыпта пост жазуға тырысамын. себебі өмірімнің белігілі бір кезеңінде маңызды орын алды, сондықтан айтарым көп

қазір менің ренішім өзіме ғана зиянын тигізетінін білемін, ренжімеуге тырысамын. осы жылғы рухани әлемімдегі ең үлкен жеңісім - кешіру. бұл қиын, бірақ жемісі үлкен іс.