Get Mystery Box with random crypto!

> | ғажайып

<< Өзіңді кешіру - өзіңнің бүтін емес болмысыңды қабылдау! Өзіңді кешіру - өз жүрегіңді өзіңе ашу! Сен өз-өзіңе соншама қайғы арқалаттың, бірақ соның бәріне бүкіл әлем кінәлі дедің. Олар сенің кешіріміңе лайық емес деп күпіндің… Солай дей тұрып, Құдай сені құшақ жая қарсы алсын дейтініңе не жорық? Сеніңше Құдай деген әбден қартайған, алжыған шалға ұқсай ма? Ол ақымақтар мен жүрегі қарайып кеткен қайғырғыштарға есік ашады деп ойлайсың ба? Сен сияқтыларға арнап ғажап мекен жасап қойды деймісің? Өзіңнің жеке жұмағыңды жасасаң, ол жұмақ алдымен өзіңе, сосын өзгелерге де жан тыныштық сыйласа, сонда ғана Көктегі жұмақтың есігін қағарсың. Әзірге Құдай сені қайта жер бетіне түсір деп пәрмен етті. Өз мейірің мен қамқорлығыңнан тұратын әлеміңді жасауға мүмкіндік беріп тұр. Өзіне қамқор бола алмайтын адам өзгеге жақсылық жасадым деген теріс ойдың жетегінде кетеді. >>