Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 148

2021-08-24 08:16:32
2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын Украинаның екі бірдей негізгі қақпашылары жарақат алып қалды, деп хабарлайды Украина футбол федерациясы.

"Украина құрамасына шақырту алған екі қақпашысы жарақат алып қалды. Олар - киевтің "Динома" қақпашысы Георгий Бущан мен "Шахтердің" қақпашысы Анатолий Трубин. Осыған байланысты құрамаға 37 жастағы "Шахтердің" бағана күзетшісі Андрей Пятов пен "Ворксланың" 22 жастағы қақпашысы Дмитрий Резник шақырту алды", - деп жазды УФФ.

Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы кездесу 1-қыркүйек күні "Астана-Аренада" өтеді. Ойын 20:00-де басталады.
161 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 07:42:03
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедовтің (16-1, 12 КО) жоспарлаған бір кездесуі өтпейді.

Ахмедов тамыз бен қыркүйекте 20 күннің ішінде екі кездесуі өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ бізге жеткен ақпарат бойынша, қазақстандық боксшының бір кездесуі өтпейді. Нақтырақ айтсақ, 26 тамызда Коста-Меса (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында жоспарланған айқас. Бұл жекпе-жекте Ахмедов мексикалық Рикардо Адриана Луна Флореспен (23-8-1, 15 КО) кездесуі керек еді. Бірақ бүгін BoxRec.com порталы бұл кездесуді алып тастады.

Енді ол 16 қыркүйек күні Монтебелло қаласында перулік боксшы Давид Сегаррамен (34-5, 21 КО) кездесуі керек.

Негізі Ахмедов Сегарра қарсы 1 тамыз күні Альбукерке (Нью-Мексико штаты, АҚШ) қаласында өткізуі керек еді. Алайда айқасқа бір күн қалғанда қарсылас коронавирус жұқтырып, жекпе-жек өтпей қалды.
64 views04:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 14:59:09
Елордалық "Астана" командасының бас директоры Давид Лорияны қызметінен қуып жіберді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

"Дәл қазір еліміздің вице-премьері Ералы Тоғжановтың өзі "Астана" футбол командасының бас директоры Давид Лорияны жұмысынан қуып жіберді. Оның орнына Тастанбек Есентаев тағайындалды.

Бірнеше күн бұрын ғана Есентаев "Астана кәсіпқой спорт клубының" басшысы қызметіне кіріскен. Ал бүгін мынадай өзгеріс болды. Бұл азамат туралы жақсы да, жаман да ештеме айта алмаймын. Себебі мен оны жеке танымаймын. Тек ол бұған дейін жекпе-жек спортында жүргенін ғана білемін. Қарағандыда боксшыларды ма, кикбоксшыларды ма жаттықтырған. Ал футболда мүлде жұмыс істемеген", - деп жазады дереккөз.
410 viewsedited  11:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 10:41:14
36 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Түркияның Стамбул қаласындағы жаттығу жұмыстарын бастады.

Жаттығу жұмыстарын Ислам Performans spor kulubu спорт залында өткізіп жатыр. Боксшы бір апта бұрын дайындыққа кіріскен. Ал бұған дейін Қазақстанда болған еді. Негізі Қанат Ислам маусым айында жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда белгісіз себептерге байланысты кездесу өтпей қалды.

Соңғы рет ол 21 ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында экводорлық Джейсон Миндаға (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Сол кездесуден кейін боксшының менеджері Нельсон Лопес Ислам маусым айында шаршы алаңға ораталынын хабарлады. Ал жалпы биыл ол екі кездесу өткіземін деп айтып еді.
180 views07:41
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 08:48:34
Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары Амангелді Сейтхановты еске алумен басталады. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осындай шешімге келді. Бүгін, 18 тамыз күні ойналатын «Ордабасы» - «Қызылжар» арасындағы матчтан бөлек, ширек финалдағы 4 ойын да бір минуттық үнсіздіктен басталады. Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосып, талай футболшылардың жалындап өнер көрсетуіне септігін тигізген спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейтхановтың мезгілсіз қазасы қазақ футболына ауыр тигені рас. Сондай-ақ, «Қызылжар» СК командасында ойнайтын ұлы Ерасыл Сейтхановқа да арнайы көңіл айтамыз.
ҚФФ баспасөз қызметі
245 views05:48
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 17:19:43
Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев кәсіпқой боксқа ауысты.

BoxRec порталының ақпараты бойынша, оның қарсыласы 33 жастағы өзбекстандық боксшы Бахыт Абдурахимов (10-14, 4КО) болады. Жекпе-жек 22-тамыз күні Қарағанды қаласында өтеді. Айқас төрт раундқа жоспарланған.

30 жастағы Ералиев әуесқойлар арасында 2017 жылы 56 кило салмақта әлем чемпионы атанған. Ал 2013 жылы қола жүлде иегері болған. Сонымен қатар ол 2015 және 2017 Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңген.
177 views14:19
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 10:05:58
Көптеген пабликтер мен басылымдар Бахтиер Зайнутдиновті ұлттық құраманың алдағы ойындарына келмейді деп жарысып жатыр. Ол әлі ресми ақпарат емес. Ұлттық құраманың тізімі ертең шығады. Сол кезде анық-қанығы белгілі болады!
254 views07:05
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 21:40:58
Амангелді Сейітхановтың комментатор ретінде жүргізген соңғы ойыны! Әріптес болу маған бұйырыпты!
357 views18:40
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 18:28:15
Қазақ спорты үшін қаралы күн. Спорт журналисі, танымал комментатор Амангелді Сейітхан ағамыз 52 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Бақұл болыңыз, аға! Орындалмаған арманыңыз көп еді, Алла ұл-қызыңызға ғұмыр берсін.
394 views15:28
Ашу / Түсініктеме
2021-08-15 22:24:09
"Барса" тағы соқты
166 views19:24
Ашу / Түсініктеме