Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде | ДОДА

2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын Украинаның екі бірдей негізгі қақпашылары жарақат алып қалды, деп хабарлайды Украина футбол федерациясы.

"Украина құрамасына шақырту алған екі қақпашысы жарақат алып қалды. Олар - киевтің "Динома" қақпашысы Георгий Бущан мен "Шахтердің" қақпашысы Анатолий Трубин. Осыған байланысты құрамаға 37 жастағы "Шахтердің" бағана күзетшісі Андрей Пятов пен "Ворксланың" 22 жастағы қақпашысы Дмитрий Резник шақырту алды", - деп жазды УФФ.

Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы кездесу 1-қыркүйек күні "Астана-Аренада" өтеді. Ойын 20:00-де басталады.