Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары Амангелді Сейтхано | ДОДА

Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары Амангелді Сейтхановты еске алумен басталады. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осындай шешімге келді. Бүгін, 18 тамыз күні ойналатын «Ордабасы» - «Қызылжар» арасындағы матчтан бөлек, ширек финалдағы 4 ойын да бір минуттық үнсіздіктен басталады. Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосып, талай футболшылардың жалындап өнер көрсетуіне септігін тигізген спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейтхановтың мезгілсіз қазасы қазақ футболына ауыр тигені рас. Сондай-ақ, «Қызылжар» СК командасында ойнайтын ұлы Ерасыл Сейтхановқа да арнайы көңіл айтамыз.
ҚФФ баспасөз қызметі