Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 144

2021-09-01 15:11:52
Елордалық "Астана" футбол командасы еурокубоктерден шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы "Тенб отца Гурмана" телеграмм каналы хабарлады.

Дереккөздің ақпараты бойынша, Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) елордалық клубқа ауыр жаза қолданылуы мүмкін деген ақпаратты жеткізген.

"Астана" 2016 жыл мен 2020 жылдар аралығындағы қарыздарын 8 қазанға дейін төлемесе, онда ұжым келесі жылы еурокубок ойындарына қатысу құқығынан айырылады.
190 views12:11
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 15:03:01 https://www.instagram.com/p/CTRtZr1iz10/?utm_medium=copy_link

Осы парақшаға кіріп, ұлттық құрама жейдесін ұтып ал
193 views12:03
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 13:34:18
Мынау қалай кетті?
258 views10:34
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 13:23:12
Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының қоржынына бесінші жүлде түсті.

100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.

Бұл бәсекеде германялық Талисо Энгель жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміске иелік етті.
263 views10:23
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 10:51:39
ESPN баслымы мен шолушы Дэн Рафаэльдің таратқан ақпараты бойынша, Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) Головкин мен Мурата арасындағы кездесуге рұқсат берген. Айқас желтоқсан айында өтеді!
295 views07:51
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 10:22:18
Аралас жекпе-жекте Ресейдің намысын қорғайтын қазақ спортшысы Дамир Исмагулов (20-1) UFC ұйымында өзінің келесі кездесуін өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында жазды.

Исмагулов UFC ұйымындағы соңғы кездесуін мамыр айында өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алваесті (19-10) жеңген еді. Ал маусым айында ол жарақат алып қалған еді.

Енді Дамир UFC ұйымындағы келесі кездесуін 30 қазан күні Абу-Даби қаласында өткізеді. Бұл туралы Исмагуловтың өзі Instagram парақшасында жанкүйеріне берген жауабында айтты.
296 views07:22
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 23:09:57
РЕСМИ! Гризманн "Атлетикоға" қайта оралды!
327 views20:09
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 22:24:01
Маттиа Дзакканьа "Верона" командасынан "Лациоға" ауысты. Трансфер құны - 8+2 миллион еуро. Келісімшарт 4 жылға жасалды. Маурицио Сарридің командасы биыл чемпионлыққа таласатын сияқты!
326 views19:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 22:07:17
Инсайдер Фабрицио Романо Антуан Гризманның "Атлетикоға" ауысқанын хабарлады. Қазір екі клуб соңғы құжаттарды толтырып жатыр екен!
319 views19:07
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 21:29:39
Инсайдерлер "Барселона" мен "Атлетико" Антуан Гризманның трансфері туралы келіссөзді бастады дем жазып жатыр. Трансферлік терезе жабылғанша үлгере ала ма?
319 views18:29
Ашу / Түсініктеме