Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 147

2021-08-26 14:30:50
ПАРАЛИМПИАДАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ "АЛТЫН"

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қоржынымызға алғашқы алтын жүлде түсті.

Пауэрлифтинг сайысында 54 келі салмақта бақ сынаған Давид Дегтерев 174 келіні көтеріп, чемпион атанды.

Давид Дегтерев - 174 келі

Аксель Бурлон - 165 келі

Димитриос Бакокристос - 165 келі

Айта кетейік, 25 жастағы спортшымыз пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналысып келеді.

ПАРАЛИМПИАДАДА ОРЫН АЛҒАНДАРҒА БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫ:

250 000 доллар

150 000 доллар

75 000 доллар
369 views11:30
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 15:53:47
Үлкен дулыға турнирлерінде 23 рет топ жарған атақты америкалық теннисші Серена Уильямс US Open турниріне қатыспайтын болды. Бұл туралы спортшының өзі Іnstagram парақшасында жазды.
360 views12:53
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 15:15:27
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек мансабын Украина чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports.ru.

Дереккөздің хабарлауынша, 29 жастағы шабуылшы украиналық "Ингулец" клубында қаралымнан өтуде. Бұған дейін клуб президенті Александр Поворознюк Қазақстан құрамасының ойыншысы командамда жүр деп айтқан болатын. Алайда ол футболшының есімін атамаған еді.

Қазіргі уақытта "Ингулец" Украина чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Команда төрт турда небәрі бір ғана ұпай жинаған.

Еске салайық, Тұрысбек биылғы маусымды "Жетісуда" бастады. Талдықорғандық клубтың құрамында сегіз кездесу өткізіп, екі гол соқты. Ал мамыр айында ол командадан кетті.
377 views12:15
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 07:45:40
Мадридтік "Реал" Килиан Мбаппенің трансфері үшін "Пари Сен-Жерменге" 160 миллион еуро ұсынды, деп инсайдер журналист Фабрицио Романо.

Мәлімет бойынша, мадридтік клуб бұл трансферді тез арада жасауға ниетті, алайда, ПСЖ басшылығы әлі бұған келісім берген жоқ және ойыншының өзімен келіссөз жүргізуге де рұқсат етпеді.

Мұның алдында Мбаппе қазіргі келісімшартты ұзарту бойынша ПСЖ-ның үш бірдей ұсынысын қабылдамады.

Мбаппе Франция құрамасымен 2018 жылы әлем чемпионы атанды, 2017 жылы "Монако" сапынан париждік клубқа ауысты. Содан бері 174 матчта 133 гол салып, 63 нәтижелі пас берді.
210 views04:45
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 15:43:36
Алматылық "Қайрат" ресми түрде Құрбан Бердыевтың команданың бас бапкері болғанын хабарлады.

Бердыев биыл "Қайраттың" бас бапкері атанған үшінші маман. Бұған дейін алматылық команданың Алексей Шпилевский жаттықтырды. Бірақ ол маусым басында германиялық командаға кетті. Кейін маусым айында оның орнына Кирилл Кекер келді. Алайда бұл маман клуб Еуропа лигасынан шығып қалғаннан кейін отставкаға кетті. Содан соң бас бапкерлік қызметті Артем Гавриленко уақытша атқарып келді. 

Айта кетейік, Бердыев мамыр айынан бері "Қайратта" жұмыс істеді. Ол басқарма кеңесінің төрағасының кеңесшісі болды. 
241 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 13:57:45
"Арсенал" клубының жартылай қорғаушысы Гранит Джака лондондық клубпен келісімшартын ұзартты. Бұл жайлы футболшы өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

""Арсенал" командасының менімен келісімшартты ұзартқанына қуаныштымын", - деп жазады ойыншы.

Жазғы трансферлік маусымда Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысына "Рома" клубының басшылары қызығушылық танытқан еді. Нәтижесінде Джака "канонирлер" сапында қалатын болды.
269 views10:57
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 13:37:51
Аты аңызға айналған Роналдо мен Роберто Карлостың киім ауыстыру бөлмесінде темекі шегіп тұрған суреттері интернет әлеміне тарап кетті. Әйгілі бразилиялық футболшылардың суретін Football Tweet твиттері жариялаған.

Сурет шамамен 2018 жылы Норвегия мен Бразилия ардагерлерінің арасында өткен қайырымдылық матчінің үзілісінде түсірілген.
1.9K views10:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 12:31:20
"Зенит" шабуылшысы Сердар Азмун Франция чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Foot Mercato басылымы.

Басылымның мәліметінше, "Лион" клубының өкілдері Иран құрамасының ойыншысымен келіссөздер жүргізуде. "Зенит" басшылары болса Азмунды 20 млн еуроға бағалап отыр. Қос тарап ортақ мәмілеге келген жағдайда ойыншы жазғы трансферлік маусымда "Лион" жейдесін киюі мүмкін. Лионнан бөлек "Наполи", "Лацио", "Рома", "Фенербахче", "Вильярреал", "Байер" және "Интер" командалары қызығушылық танытуда.
290 views09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 11:08:23
Каталониялық "Барселона" команданың қорғаушысы Самуэль Юмтитиді тегін жіберуге дайын болған. Бірақ франциялық қорғаушы басқа клубтар жасаған бірде-бір ұсынысты қабылдаудан бас тартқан. Бұл туралы Marca газеті жазды. Футболшы командамен келісімшартты бұзғысы келмейді.

Юмтити "Барселонадан" өз еркімен кеткісі келмейді. Клуб бұл футболшыны тегін жіберіп, 35 миллион еуро үнемдеп қалғысы келген. Қорғаушыны франциялық "Лион" мен португалиялық "Бенфика" өз қатарына алуға дайын болған. Бірақ Юмтити бұл ұсыныстардың барлығынан бас тартқан.

27 жастағы футболшы "Барселонаға" 2016 жылы "Лионнан" ауысып келді. Ол өткен маусымда каталониялық клубта бар болғаны 13 кездесуге қатысты. Биыл әлі ойнаған жоқ.
92 views08:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 09:20:20
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) осы салмақта WBC, WBA Super және WBO белбеулерінің иегері Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алуы ықтимал.

Мұндай мүмкіндікке отандасымыз WBA ұйымы мексикалыққа белбеуін міндетті түрде қорғауы керек туралы талап қойса ие болады. Бірақ оған дейін "Канело" қараша айында әлемнің абсолютті чемпионы атану үшін IBF белбеуінің иегері Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізеді.

"Егер WBA ұйымы "Канело" мен Плант кездесуінің жеңімпазына белбеуді міндетті түрде қорғауы керек деген талап қойса, онда қарсыласы Давид Моррелл, Федор Чудинов немесе Айдос Ербосынұлының бірі болуы мүмкін. WBC белбеуінің міндетті қарсыласы Давид Бенавидес, Ал IBF белбеуінің міндетті қарсыласы Евгений Шведенко", - деп жазады Boxing News.
94 views06:20
Ашу / Түсініктеме