Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 141

2021-09-06 18:31:46
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Вячеслав Швырев пен жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев коронавирус жұқтырып алыпты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

Екі футболшының да тапсырған тесттерінен коронавирустың белгілері анықталған. Қазір екі футболшының да жағдайы жақсы, оқшауланған.
395 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 17:52:26
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХVI жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградтау туралы жарлыққа қол қойды:

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Давид Дегтяревті;

"Парасат" орденімен Зарина Байбатинаны, Теміржан Дәулетті және Ануар Сәриевті;

"Құрмет" орденімен Нұрдәулет Жұмағалиді.

Токиодағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы бес медальға ие болған: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алған болатын.
400 views14:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 15:45:51
Ресейлік ауыратлет Хаджимурат Аккаев допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шеттелген еді, енді оның үстіне тағы жаза қосылды, деп хабарлайды Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF).

Аккаев 2016 жылы 2 тамызда 2024 жылдың 1 тамызына дейін шеттелген. Енді бұл жаза 2035 жылдың 22 қаңтарына дейін созылды. 36 жастағы спортшы допингке қарсы регламенттің екі пунктін бұзған, осыған байланысты белгіленген мерзім аяқталғанша жарыстарға қатыса алмайды.

2012 жылғы Олимпиада сынамасы 2017 жылы қайта сарапталып, Аккаевтың қанында тыйым салынған дәрмек болғаны анықталды. 2019 жылы Ресейдің ауыр атлетика федерациясы IWF хабарламасын алып, спортшыны сегіз жылға шеттеген. Ал Халықаралық Олимпиада комитеті Хаджимуратты Пекиндегі Жазғы ойындардың қола жүлдесінен айырды.

Сонымен бірге, Аккаев 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері және әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, 2011).
412 views12:45
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 14:39:20
Франциялық футболшы Жан-Пьер Адамс 39 жыл командан кейін 73 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Мirror басылымы хабарлады.

Адамс комаға 1982 жылы, 34 жасында түскен. Ол Лион қаласында емханада тізесіне операция жасатқан. Бірақ операция алдында анестезиолог қателескен. Футболшы бір сағаттан кейін оянуы керек еді. Бірақ сол күні Францияда дәрігерлердің шеруі болып, көптеген білікті дәрігерлер жұмысқа шықпаған. Анестезиолог сол күні бірден сегіз операцияға қатысып, дозаны шатастырып алған. Одан бөлек, Жан-Пьерге жауапты тәжірибен өтіп жатқан жас студент болған. Ол анестезологтың қателігін түзей алмаған. Студент футболшының жағдайы нашарлап бара жатқанын байқамаған. Содан ол комаға түсіп кеткен.

Жан-Пьер Адамс 1948 жылы Дакар (Сенегал) қаласында дүниеге келіп, 1972 және 1976 жылдар аралығында Франция құрамасы сапында 22 кездесу өткізген. Сонымен қатар ол "Пари Сен-Жермен" сапында 41 кездесуге қатысқан. Негізі Адам карьерасын басым бөлігін "Ницца" командасы сапында өткізген.
417 views11:39
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 13:35:58
Әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында Қазақстан құрамасының үш ойыншысы жарақат алды. Енді олар алдағы Босния және Герцоговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспай қалуы мүмкін.

Жарақат алған футболшылар - Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиулин.

Руслан Валиулин мен Марат Быстров елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Украинаға қарсы өткен кездесуде жарақат алған. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған. Ал Руслан Валиулиннің сіңірі созылған.

Финляндия - Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.

Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Бұл футболшыларға қатысты соңғы шешімді ертең команда дәрігері ойын алдында айтады.
431 views10:35
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 12:24:04
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

Қызметінен өз ерткімен кеткен Ерік Алғабектің орнына Шамил Сафиуллин тағайындалды.

Алғабек бас бапкерлік қызметті екі жыл атқарды. Бұл уақыттың ішінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 2019 жылы әлем чемпионатында екі қола жүлде, 2020 жылы Азия іріктеу турнирінде Олимпиада ойындарына бір жолдама жеңіп алды. Сонымен қатар 2021 жылы Азия чемпионатында 8 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленіп, командалық есепте топ жарды.
466 views09:24
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 12:01:51
Бокстан Қазақстан құрамасында ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

Құраманың кейінгі нәтижелері мен жаңа әдістер іздеуге байланысты, Қазақстан бокс федерациясының Дене шынықтыру және спорт комитетіне ұсынысы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі ерлер мен әйелдер құрамаларына жаңа бапкерлер тағайындады.

Осылайша, ерлер командасын Қайрат Сатжанов жаттықтыратын болды. Ол бұл қызметте Ғалым Кенжебаевты алмастырды.
464 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 17:56:53
Финлияндиядан жеңілдік. Есеп - 1:0!
328 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 10:42:15
Бахтиер Зайнутдинов Финляндияға келді

Мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасына қосылу үшін Финляндияға келді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы бүгін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Финляндия құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойынға Талғат Байсуфинов жаттықтыратын біздің құрама 2 қыркүйек күні ұшып кеткен. Бірақ ол кезде виза мәселесіне байланысты Бахтиер Зайнутдинов бара алмаған еді.

Енді бүгін Зайнутдинов командадан бөлек, өзі жеке Хельсинки қаласына барған. Бірақ Финляндия құрамасына қарсы кездесуге қатыса ма, қатыспай ма белгісіз болып тұр.

Жартылай қорғаушы құрамамен ары қарай Босния және Герцоговинаға барады. Ол осы кездесуде алаңға шығуы әюбен мүмкін.

Айта кетейік, Финляндия мен Қазақстан арасындағы ойын Хельсинкидегі Орталық стадионда өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.
337 views07:42
Ашу / Түсініктеме
2021-09-04 09:20:09
Франк Рибери мансабын Италияда жалғастыра бермек

Еркін агент болып табылатын 38 жастағы француз жартылай қорғаушысы Франк Рибери жақын күндері Италия чемпионатының жаңа қатысушысы "Салернитанаға" қосылуы мүмкін. Бұл туралы италиялық журналист Альфредо Педулла хабарлады.

"Салернитана" мен Рибери арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін тараптар бір мәмілеге келе алды. Италиялық клуб футболшыға жалақысы 1,5 миллион еуро болатын 1 жылдық келісім-шарт ұсынды.

Бұған дейін Рибериге түркиялық "Фатих Карагюмрюк" клубы қызығушылық танытқан болатын, бірақ олар бұрын "Интер" клубына тиесілі 23 жастағы Кот-д'Ивуарлық шабуылшы Ян Карамоны алу туралы шешім қабылдады.

Соңғы екі маусымда Рибери "Фиорентинаның" намысын қорғады. Өткен маусымда А сериясында Франк 29 матч өткізді, онда екі гол мен алты нәтижелі пас берді. Маусым аяқталғаннан кейін "Фиорентина" футболшыға жаңа келісім-шарт ұсынбады.
332 views06:20
Ашу / Түсініктеме