Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХVI жазғы Паралимпиада ой | ДОДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХVI жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградтау туралы жарлыққа қол қойды:

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Давид Дегтяревті;

"Парасат" орденімен Зарина Байбатинаны, Теміржан Дәулетті және Ануар Сәриевті;

"Құрмет" орденімен Нұрдәулет Жұмағалиді.

Токиодағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы бес медальға ие болған: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алған болатын.