2021-10-30 20:57:10
Күн сайын жұмыртқа пәлен пайызға қымбаттапты деген ақпараттарды оқып жүрміз ғой. Соның бәрін қорыта келе құс бағумен айналысу тиімді ме деп ойлап қалдым.
Жақсы идея секілді әрі ел Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде құс өсіру шаруашылығы айтарлықтай дамып, мемлекеттің қолдауына ие болып жатыр. Құс шаруашылығымен айналысатын үлкен өнеркәсіптерді салу, оларға қолду көрсету үшін мемлекеттік субсидиялау – «Агробизнес-2020» жобасының басым бағыты болып есептеледі. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шығындарының бір бөлігі өтеледі. Субсидия алу үшін өнеркәсіп жылына 20 мың тонна құс етін өндіруі немесе 100 млн.жұмыртқа өнімін алуы, сондай-ақ, жылына 3 мың тонна күркетауық етін өндіретіндей қуаттылығы болуы тиіс. Сонымен қатар,бройлер секілді асыл тұқымды құстарды да өндіруді қолға алған кәсіпкерлер субсидияға үміткер бола алады. Елімізде 54 құс фабрикасы болса, оның ішінде жұмыртқа өндіру бағытында – 30, ет бағытында 17, ал қалғаны асыл тұқымды құстарды көбейту шаруашылығымен айналысады екен. 2016 жылғы мәліметке сүйенсек, елімізде 36 млн. құс болған екен. Осы жылға дейін жұмыртқа өндірісі 5 млрд.дана болыпты, ал сойылған тауық еті 196 мың тоннаға жетіп, артылған.
Қысқасы, осындай ойлар маза бермей жүр. Құс деген машақаты көп болғанымен, өнімді де аз бермейді ғой жұмыртқасы, еті бар дегендей. Өзім маринадталып, қуырылған қытырлақ балапан етінен ешқашан бас тартпас едім)))
649 viewsbatyr_bloger, edited 17:57