Get Mystery Box with random crypto!

Жанат Бақыт

Telegram арнасының логотипі zhanatbakyt — Жанат Бақыт Ж
Telegram арнасының логотипі zhanatbakyt — Жанат Бақыт
Арна мекенжайы: @zhanatbakyt
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.80K

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-12-17 20:20:39
4.1K viewsZhanat Bakyt, 17:20
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 19:43:43 «Мына жұмыс жақсы болғанымен, отыра берсем Элониді мүлде кезіктірмей қалуым мүмкін. Не істесем екен?» деп ұзақ ойланды.
Сосын: «Әкем сияқты кәсіпкер, фермер болайын. Қолымнан келсе-тамаша! Келмесе-тәжірибе» деп әкесінің жолын таңдады.
Бала күнінде әкесіне көп көмек берді. Трактор жүргізе алады. Дақылдар мен көкөністерді жылдың қай мезгілінде, қалай егу керек, және күтіп-баптау құпияларының бәрін білетін.
Сөйтіп Майкл Томас өмірінің жаңа парағын ашпақ болып бұрынғы жұмысынан шығу туралы арыз жазады.
Алайда компания басшылары Майклдай қызметкерден айырылғысы келмеді. Жұмысқа кірерде тек бір рет көрген бас директор шақырып алып алдымен айлығын бірнеше есе көтеретінін айтты. Оған көнбеген соң компания үлесінің бір бөлігін беріп тұратынын айтып тағы жібергісі келмеді. Бұл әңгімелердің бәрінен Майкл осы жылдар бойы алданғанын түсінді. Егер жұмыстан кетем демесе бүгін білгендерінің бірін де білмес еді, директор ондай ұсыныс айтпас та еді.
Майкл ештеңеге қарамады. Қолды бір сілтеді де есікті жапқан күйі оралмады.
Тек... баяғы кішкентай ханшайымды ғана қимады. Одан кейін де қызды көрді ғой, бірақ Майкл сол күні өзі барғанын тіс жарып айтпады. Ал кішкентай қыз Майклды көрген сайын Періште көргендей қозғалмай бір орында қатып қалатын. Майкл ханшайымның жүрегінде мәңгі қалды...
«Тәуекел» деп Майкл ісін бастап кетті. Ол өсімдіктердің өсуіне арналған тұқымдар мен биологиялық заттардың барлық түрі, химиялық заттар, топырақ компоненттерін алып-сату кәсібін бастады. Әрі ол сәтімен іске асты! Фермерлер Майклды жылы қабылдап, оның абыройы күн санап арта берді.
Бірде хатшы қыз:
-Майкл мырза, тыңайтқыш сатумен айналысатын адамдар келіп тұр. «Прайсын әкелсін» деген едіңіз ғой,-деді.
Бүгін жұмыстың көбінен Майкл шаршап отыр еді. Әрі күніне кездесуге кемінде 20-30 адам келетін.
-Жарайды... Мырзаға кіре берсін дерсіз,-деді шаршап отырып.
-М-м... Кешіріңіз, «мырза» емес, «ханым» келіп тұр...
-Жақсы, есімі кім?
-Анна.
Дәл сол сәтте Майклдың денесін тоқ ұрып кетті. Бір суып-бір ысыды. «Шаштары қызғылт түсті емес пе?» деп сұрай жаздап барып тоқтады.
-Майкл мырза? Бәрі дұрыс па?-деді таңғалған хатшы.
-Иә-иә. Кірсін...
Иә... көптен күткен сәт. Бөлмеге Періштелер еліне саяхат жасағанда көрген сүйіктісі Элони кірді. Мәссаған! Майкл іштей қобалжып тұрып күліп жүреді. Ауылшаруашылығы ісінде кездестіреді деп кім ойлаған!
«Тыңайтқыш сатушысы!!!!! Кім ойлаған! Әй, қатырасыңдар!!!!» Майкл әлі күліп тұр. Оған қоса 7 періште бірге күлді.
Ақшасына қызығып бұрынғы жұмысында қалып қойса, оны ешқашан кездестірмес еді ғой? «Сынақтың түрін тауып аласыңдар-ау, ә?» деп Періштелерге қарап қуана күлді Майкл.
Элони кейін Майклды басында көргенде есі ауысқан деп ойлағанын айтып берді))).
Екеуі бір-бірін сүйді. Той жасап, Майкл сүйіктісімен фотоға түсіп, үйінің қақ төріне іліп қойды. Ол сурет өзіне қымбат әке-шешесінің суретіне ұқсады. Ұқсатты дейікші. Өзіне қымбат суретті қалай жоғалтып алғанын біз білеміз. Дауыл күні ұшырып кеткен еді ғой?
4.1K viewsZhanat Bakyt, 16:43
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 16:18:16 Жұмысын ауыстыруға екі себеп бар еді. Біріншісі, бастығы және оның қызымен араларында келіскен келісім-шарт орындалды. Миссия бітті.
Ендігі мақсат... сүйіктісі Элонимен жолығу.
2.4K viewsZhanat Bakyt, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 16:18:16 Кішкентай сүйкімді қызды бір-екі рет көрген еді. Майкл баланың ауыр жағдайда жатқанын естігеннен кейін өзін қоярға жер таппай кетті. Қатты аяды, көмек бергісі келді.
Алайда өзін иттің етінен жек көретін адамға барып қызына көмектескісі келетінін қалай айтсын? Әрине дүрсе қоятыны айтпаса да түсінікті.
Майкл кішкентай қыздың Рух әлемінде бір отбасынан екенін түсінді. «Шіркін, кішкентай жатқан палатаға кіре алсам ғой, менің Періштелерім көмек берер еді» деп армандады. «Еш шу шықпайтындай, соңы әділ аяқталуы үшін не істеуім керек?» деп түйсігінен сұрады. Жауап келген соң ойланбады.
Бірден ауруханаға бет алды.
Майклдың алдынан аурухананың аға медбикесі шықты.
-Емделушілерге кіретін уақыт аяқталды, сіз туысысыз ба?-деді Майклға.
-Иә... біз бір Отбасынанбыз...-деді.
Медбике оны ішке кіргізді.
Майкл аурухана дәлізімен келе жатып төменгі энергияны сезді. Адам қай жерде болмасын, өз энергиясының бір бөлігін сол жерге тастап кетеді екен. «Күту залында» ешкім болмаса да, бір кездері сол жерде болған, туысы қайтқаннан кейін қайғырып жылаған адамдардың жан қайғысын сезді.
Аурухананың энергиясы тым ауыр еді. Күрсінген, мұңайған, қайғырған, жылаған энергиялар барлық бұрышта болды.
«Өзі қиналып жатқан кішкентай ханшайымға мына төменгі энергия әсер етпей қоймайды. Оған жоғары, жарық энергия қажет» деп Майкл жүрісін тездетті.
Түйсігі алдамады, ханшайым жатқан палатаны бірден тапты.
Жан-тәні шуақ шашқан Майкл Томас ханшайымның жүзіне қарап тұрып: «Балапан, әлі ерте. Асықпа, сен Жерге керексің» деп күлімдеді. Одан кейін өз басында болған оқиғаны айтып берді. Дәл осылай ес-түссіз жатқанын, қасына Әппақ Періштенің келгенін, тілдескенін, бәрін-бәрін айтып берді.
Кішкентай қыздың көзі жұмулы жатса да, Майклды еститінін түйсігімен біліп тұр.
-Ояна ғой, көзіңді ашып ішіңдегі Ғажайыпты таны, Жерде қалам деп шешсең- жасың ұзақ болады, әрі айналаңа пайдаң тиеді. Сен отбасыңа, бізге, бәріне керексің, Жерге керексің!-деді.


Майклдың бұл ісіне Періштелер сүйсініп қарап тұрды. Ғажап әуен естіліп, бөлме түрлі түске енгендей болды.
Майкл кету керегін сезді. Ол кетіп бара жатып кішкентай қыздың жүзіне қан жүріп, саусақтары қозғала бастағанын көрді. Қызға қосып қойған медициналық аппарат шиқылдап-қиқылдап түрлі дыбыс шығара бастады. Майкл жылдамдата шығып кетті.
Екі күннен кейін жұмыста «Бастықтың қызы ғайыптан жазылып кетіпті. Мұндай да болады екен-ау. Ғажайып. Комадан тұрыпты. Ас ішіп оңалып келеді екен» деп сөз желдей есті.
Бәрі басшыларын құттықтап жатты. Сол күні бастығы Майклмен сөйлескісі келетінін айтыпты. Алайда кабинетіне шақыртпады. Өзі келді.
-Майкл. Саған сұрақ қояйын. Тек шыныңды айтшы, жарай ма?-деді.
-Мен ешқашан жалған сөйлеген емеспін,-деді Майкл.
Бастығы осы күнге дейін Майклға істеген опасыздығына қысылып тұрғаны сезілді. Сосын:
-Майкл, сен қызым жатқан ауруханаға бардың ба? Иә немес жоқ деп жауап берші.
Майкл басы бәлеге қалды деп түсінді. Өзі де жұмыстан кеткісі келіп жүр еді, енді кетуге себеп табылды, «Жақсы болды» деді өзі іштей.
-Иә. Бардым.
Бастығы көзін төмен түсірді. Екеуі біраз уақыт үнсіз тұрды. Майкл түсінбей бастығынан көз алмай қарап тұр. Бір мезгілде басын көтерген бастығының көзінен жас моншақтап төгіліп жатқанын байқады.
Қызым: «Палатаға шашы қоңыр, жүзі алтындай жанып тұратын аға келді. Ал оның арт жағында Кемпірқосақтың барлық түсі көрінді. Ол маған бір Қасиет пе, әйтеуір Ғажап бір зат дарытты. Ұмытып тұрмын. Әке, ол адамды іздеп көрші. Ол мені аман алып қалды. Әрі оның қасында өзімді керемет сезіндім» деді,-деп бастығы Майклға қарады.
Екеуі тағы үнсіз.
Көз жасын сүрткен басшысы:
-Рахмет, бауырым! Мың да бір алғыс саған,- деді де шығып кетті.
Майкл Ақ Періште мен Мериден үйренген  МАХАББАТТЫҢ төрт белгісін қолданған-ды. Махаббат-ҮНСІЗ келеді. Махаббат-ДАҢҒОЙЛЫҚ пен Мақтануды білмейді. Махаббатта-Талап, міндет болмайды. Және махаббат осы үш қасиетті әдемі үйлестіре қолдана алады.
Майкл сол күні кішкентай қызға барып көмек бермегенде, ханшайым өліп кетер еді...
Сол оқиғадан кейін бастығы Майклға тиісуді қойды. Мүлде мазасын алмайтын болды. Алайда Майкл бұл жұмыстан кету керегін түйсігімен сезді.
2.4K viewsZhanat Bakyt, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 16:18:11
2.2K viewsZhanat Bakyt, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 14:09:55 Арада көп жыл өтті. Жеті Періштенің үйіне саяхат жасаған Майклдың түбегейлі өзгергенін көрдік. «Өзінің НЕГІЗІН» таныған Майклға жұмыс табу да қиын болмағанын білдік. «Бос орын жоқ» дегеніне қарамастан, сеніммен барған Майкл үлкен компаниядан жұмыс тауып шығады.
Періштелер әлемінде ие болған құқрал-сайманы Майклдың бойында еді, ал Жасыл Құбыжық Жерде өмір сүріп жүрген Майклдың қыр соңынан қалмады. Ал Майкл оны білетін, сондықтан Құбыжықты үнемі тәрбиелеп, өзін басқаруға еш мүмкіндік бермеді.
Әділ, сөзі өткір, өзіне сенімді Майклға ел сенетін. Не құдірет екенін өздері түсінбеді, бірақ онымен тілдескен адам Майклмен сөйлесе бергісі келетін. Майклдың энергиялық аурасы тамаша еді.
Майкл сүйіктісі Элониді таба алды ма? Қашан, қалай тапты? Крайонның баяндаған әңгімесін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім.
Майкл Томас алғаш тапқан жұмысында көп жыл қызмет етеді. Тасы өрге домалап, қызметі тез көтерілді. Майклдан бөлінген Жап-жарық энергия компанияға да әсерін беріп, компанияның да жұмысы қарқынды жүріп, үздік аталды.
Бірақ көпке ұқсамайтын адам кімге ұнай қойсын? Майклды жұмысында ұнатпайтын, аяғынан шалуға дайын жүретін адамдар болды. Сол жандардың бірі-Майклдың басшысы еді. Майклдың ісінен тырнақ астынан кір іздей беретін. Тіпті күн көрсетпейтін.
Алайда Майкл оның себебін білетін. Басшысы қанша соққы берсе де жауап қатпады. Тек оңашада басшысына жап-жарық энергия жіберіп, ойын өзгертуін тіледі. Бастығы тиісіп, аузына келген былапыт сөзін боратқанда, 5 үйдегі «Бет-жүзі» жұмбақ қалған, «Келісім-шарттары» енді орындалуы тиіс ТОПТАС Рухтың бірі екенін білетін де, үнсіз жымиятын.
Бірде Майкл сол бастықтың кішкентай қызы көлік астына түсіп, комада жатқанын естіп қалады. Кішкентай сүйкімді қызды бір-екі рет көрген еді.
2.3K viewsZhanat Bakyt, 11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-12-17 14:09:49
2.2K viewsZhanat Bakyt, 11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 15:29:30 КРАЙОННЫҢ ЖОЛДАУЫ
2.5K viewsZhanat Bakyt, edited  12:29
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 14:12:01 “Крайон: 7 Періштенің үйіне саяхат” кітабы: ОҚЫҒАН АДАМҒА ӨЛШЕУСІЗ өтееее КӨП энергия беретін шығарма. Энергия- жасыңызға жас қосады, сізді жоғары вибрацияға көтереді!

Крайон: Періштенің есімі.
Жаңа дәуірге бізді дайындаған, ақпарат беретін періште.
Оны Рух әлемінде “КАТАЛИЗАТОР РУХ” дейді.
Бұл шығарманы оқыған әр адам Өзінің Жаратушының бір бөлшегі екенін, әрі деңгейі Періштелерден жоғары тұратынын білді.
Көп адам неше жылдық ұйқыдан селк оянғандай әсерде болды. Өміріне мән кіргендей сезінді!
Шығарма авторы Ли Керрол- Крайонның жолдамасын үнемі жеткізуші.
Екеуіне көп рахмет.
Осы өлшемде кездесе алмасақ, басқа өлшемде рахметімді айтамын)))).
Аудармамызды жылы қабылдап, алғысын білдіріп жатқан Оқырман, сізге де рахмет!!!
АДАМ- ЖАРАТУШЫНЫҢ ҒАЖАП ЖАРАТЫЛЫСЫ, ұмытпаңыз
2.5K viewsZhanat Bakyt, 11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 14:11:58
2.2K viewsZhanat Bakyt, 11:11
Ашу / Түсініктеме