Get Mystery Box with random crypto!

«Мына жұмыс жақсы болғанымен, отыра берсем Элониді мүлде кезік | Жанат Бақыт

«Мына жұмыс жақсы болғанымен, отыра берсем Элониді мүлде кезіктірмей қалуым мүмкін. Не істесем екен?» деп ұзақ ойланды.
Сосын: «Әкем сияқты кәсіпкер, фермер болайын. Қолымнан келсе-тамаша! Келмесе-тәжірибе» деп әкесінің жолын таңдады.
Бала күнінде әкесіне көп көмек берді. Трактор жүргізе алады. Дақылдар мен көкөністерді жылдың қай мезгілінде, қалай егу керек, және күтіп-баптау құпияларының бәрін білетін.
Сөйтіп Майкл Томас өмірінің жаңа парағын ашпақ болып бұрынғы жұмысынан шығу туралы арыз жазады.
Алайда компания басшылары Майклдай қызметкерден айырылғысы келмеді. Жұмысқа кірерде тек бір рет көрген бас директор шақырып алып алдымен айлығын бірнеше есе көтеретінін айтты. Оған көнбеген соң компания үлесінің бір бөлігін беріп тұратынын айтып тағы жібергісі келмеді. Бұл әңгімелердің бәрінен Майкл осы жылдар бойы алданғанын түсінді. Егер жұмыстан кетем демесе бүгін білгендерінің бірін де білмес еді, директор ондай ұсыныс айтпас та еді.
Майкл ештеңеге қарамады. Қолды бір сілтеді де есікті жапқан күйі оралмады.
Тек... баяғы кішкентай ханшайымды ғана қимады. Одан кейін де қызды көрді ғой, бірақ Майкл сол күні өзі барғанын тіс жарып айтпады. Ал кішкентай қыз Майклды көрген сайын Періште көргендей қозғалмай бір орында қатып қалатын. Майкл ханшайымның жүрегінде мәңгі қалды...
«Тәуекел» деп Майкл ісін бастап кетті. Ол өсімдіктердің өсуіне арналған тұқымдар мен биологиялық заттардың барлық түрі, химиялық заттар, топырақ компоненттерін алып-сату кәсібін бастады. Әрі ол сәтімен іске асты! Фермерлер Майклды жылы қабылдап, оның абыройы күн санап арта берді.
Бірде хатшы қыз:
-Майкл мырза, тыңайтқыш сатумен айналысатын адамдар келіп тұр. «Прайсын әкелсін» деген едіңіз ғой,-деді.
Бүгін жұмыстың көбінен Майкл шаршап отыр еді. Әрі күніне кездесуге кемінде 20-30 адам келетін.
-Жарайды... Мырзаға кіре берсін дерсіз,-деді шаршап отырып.
-М-м... Кешіріңіз, «мырза» емес, «ханым» келіп тұр...
-Жақсы, есімі кім?
-Анна.
Дәл сол сәтте Майклдың денесін тоқ ұрып кетті. Бір суып-бір ысыды. «Шаштары қызғылт түсті емес пе?» деп сұрай жаздап барып тоқтады.
-Майкл мырза? Бәрі дұрыс па?-деді таңғалған хатшы.
-Иә-иә. Кірсін...
Иә... көптен күткен сәт. Бөлмеге Періштелер еліне саяхат жасағанда көрген сүйіктісі Элони кірді. Мәссаған! Майкл іштей қобалжып тұрып күліп жүреді. Ауылшаруашылығы ісінде кездестіреді деп кім ойлаған!
«Тыңайтқыш сатушысы!!!!! Кім ойлаған! Әй, қатырасыңдар!!!!» Майкл әлі күліп тұр. Оған қоса 7 періште бірге күлді.
Ақшасына қызығып бұрынғы жұмысында қалып қойса, оны ешқашан кездестірмес еді ғой? «Сынақтың түрін тауып аласыңдар-ау, ә?» деп Періштелерге қарап қуана күлді Майкл.
Элони кейін Майклды басында көргенде есі ауысқан деп ойлағанын айтып берді))).
Екеуі бір-бірін сүйді. Той жасап, Майкл сүйіктісімен фотоға түсіп, үйінің қақ төріне іліп қойды. Ол сурет өзіне қымбат әке-шешесінің суретіне ұқсады. Ұқсатты дейікші. Өзіне қымбат суретті қалай жоғалтып алғанын біз білеміз. Дауыл күні ұшырып кеткен еді ғой?