Get Mystery Box with random crypto!

Кішкентай сүйкімді қызды бір-екі рет көрген еді. Майкл баланың | Жанат Бақыт

Кішкентай сүйкімді қызды бір-екі рет көрген еді. Майкл баланың ауыр жағдайда жатқанын естігеннен кейін өзін қоярға жер таппай кетті. Қатты аяды, көмек бергісі келді.
Алайда өзін иттің етінен жек көретін адамға барып қызына көмектескісі келетінін қалай айтсын? Әрине дүрсе қоятыны айтпаса да түсінікті.
Майкл кішкентай қыздың Рух әлемінде бір отбасынан екенін түсінді. «Шіркін, кішкентай жатқан палатаға кіре алсам ғой, менің Періштелерім көмек берер еді» деп армандады. «Еш шу шықпайтындай, соңы әділ аяқталуы үшін не істеуім керек?» деп түйсігінен сұрады. Жауап келген соң ойланбады.
Бірден ауруханаға бет алды.
Майклдың алдынан аурухананың аға медбикесі шықты.
-Емделушілерге кіретін уақыт аяқталды, сіз туысысыз ба?-деді Майклға.
-Иә... біз бір Отбасынанбыз...-деді.
Медбике оны ішке кіргізді.
Майкл аурухана дәлізімен келе жатып төменгі энергияны сезді. Адам қай жерде болмасын, өз энергиясының бір бөлігін сол жерге тастап кетеді екен. «Күту залында» ешкім болмаса да, бір кездері сол жерде болған, туысы қайтқаннан кейін қайғырып жылаған адамдардың жан қайғысын сезді.
Аурухананың энергиясы тым ауыр еді. Күрсінген, мұңайған, қайғырған, жылаған энергиялар барлық бұрышта болды.
«Өзі қиналып жатқан кішкентай ханшайымға мына төменгі энергия әсер етпей қоймайды. Оған жоғары, жарық энергия қажет» деп Майкл жүрісін тездетті.
Түйсігі алдамады, ханшайым жатқан палатаны бірден тапты.
Жан-тәні шуақ шашқан Майкл Томас ханшайымның жүзіне қарап тұрып: «Балапан, әлі ерте. Асықпа, сен Жерге керексің» деп күлімдеді. Одан кейін өз басында болған оқиғаны айтып берді. Дәл осылай ес-түссіз жатқанын, қасына Әппақ Періштенің келгенін, тілдескенін, бәрін-бәрін айтып берді.
Кішкентай қыздың көзі жұмулы жатса да, Майклды еститінін түйсігімен біліп тұр.
-Ояна ғой, көзіңді ашып ішіңдегі Ғажайыпты таны, Жерде қалам деп шешсең- жасың ұзақ болады, әрі айналаңа пайдаң тиеді. Сен отбасыңа, бізге, бәріне керексің, Жерге керексің!-деді.


Майклдың бұл ісіне Періштелер сүйсініп қарап тұрды. Ғажап әуен естіліп, бөлме түрлі түске енгендей болды.
Майкл кету керегін сезді. Ол кетіп бара жатып кішкентай қыздың жүзіне қан жүріп, саусақтары қозғала бастағанын көрді. Қызға қосып қойған медициналық аппарат шиқылдап-қиқылдап түрлі дыбыс шығара бастады. Майкл жылдамдата шығып кетті.
Екі күннен кейін жұмыста «Бастықтың қызы ғайыптан жазылып кетіпті. Мұндай да болады екен-ау. Ғажайып. Комадан тұрыпты. Ас ішіп оңалып келеді екен» деп сөз желдей есті.
Бәрі басшыларын құттықтап жатты. Сол күні бастығы Майклмен сөйлескісі келетінін айтыпты. Алайда кабинетіне шақыртпады. Өзі келді.
-Майкл. Саған сұрақ қояйын. Тек шыныңды айтшы, жарай ма?-деді.
-Мен ешқашан жалған сөйлеген емеспін,-деді Майкл.
Бастығы осы күнге дейін Майклға істеген опасыздығына қысылып тұрғаны сезілді. Сосын:
-Майкл, сен қызым жатқан ауруханаға бардың ба? Иә немес жоқ деп жауап берші.
Майкл басы бәлеге қалды деп түсінді. Өзі де жұмыстан кеткісі келіп жүр еді, енді кетуге себеп табылды, «Жақсы болды» деді өзі іштей.
-Иә. Бардым.
Бастығы көзін төмен түсірді. Екеуі біраз уақыт үнсіз тұрды. Майкл түсінбей бастығынан көз алмай қарап тұр. Бір мезгілде басын көтерген бастығының көзінен жас моншақтап төгіліп жатқанын байқады.
Қызым: «Палатаға шашы қоңыр, жүзі алтындай жанып тұратын аға келді. Ал оның арт жағында Кемпірқосақтың барлық түсі көрінді. Ол маған бір Қасиет пе, әйтеуір Ғажап бір зат дарытты. Ұмытып тұрмын. Әке, ол адамды іздеп көрші. Ол мені аман алып қалды. Әрі оның қасында өзімді керемет сезіндім» деді,-деп бастығы Майклға қарады.
Екеуі тағы үнсіз.
Көз жасын сүрткен басшысы:
-Рахмет, бауырым! Мың да бір алғыс саған,- деді де шығып кетті.
Майкл Ақ Періште мен Мериден үйренген  МАХАББАТТЫҢ төрт белгісін қолданған-ды. Махаббат-ҮНСІЗ келеді. Махаббат-ДАҢҒОЙЛЫҚ пен Мақтануды білмейді. Махаббатта-Талап, міндет болмайды. Және махаббат осы үш қасиетті әдемі үйлестіре қолдана алады.
Майкл сол күні кішкентай қызға барып көмек бермегенде, ханшайым өліп кетер еді...
Сол оқиғадан кейін бастығы Майклға тиісуді қойды. Мүлде мазасын алмайтын болды. Алайда Майкл бұл жұмыстан кету керегін түйсігімен сезді.