Get Mystery Box with random crypto!

Арада көп жыл өтті. Жеті Періштенің үйіне саяхат жасаған Майкл | Жанат Бақыт

Арада көп жыл өтті. Жеті Періштенің үйіне саяхат жасаған Майклдың түбегейлі өзгергенін көрдік. «Өзінің НЕГІЗІН» таныған Майклға жұмыс табу да қиын болмағанын білдік. «Бос орын жоқ» дегеніне қарамастан, сеніммен барған Майкл үлкен компаниядан жұмыс тауып шығады.
Періштелер әлемінде ие болған құқрал-сайманы Майклдың бойында еді, ал Жасыл Құбыжық Жерде өмір сүріп жүрген Майклдың қыр соңынан қалмады. Ал Майкл оны білетін, сондықтан Құбыжықты үнемі тәрбиелеп, өзін басқаруға еш мүмкіндік бермеді.
Әділ, сөзі өткір, өзіне сенімді Майклға ел сенетін. Не құдірет екенін өздері түсінбеді, бірақ онымен тілдескен адам Майклмен сөйлесе бергісі келетін. Майклдың энергиялық аурасы тамаша еді.
Майкл сүйіктісі Элониді таба алды ма? Қашан, қалай тапты? Крайонның баяндаған әңгімесін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім.
Майкл Томас алғаш тапқан жұмысында көп жыл қызмет етеді. Тасы өрге домалап, қызметі тез көтерілді. Майклдан бөлінген Жап-жарық энергия компанияға да әсерін беріп, компанияның да жұмысы қарқынды жүріп, үздік аталды.
Бірақ көпке ұқсамайтын адам кімге ұнай қойсын? Майклды жұмысында ұнатпайтын, аяғынан шалуға дайын жүретін адамдар болды. Сол жандардың бірі-Майклдың басшысы еді. Майклдың ісінен тырнақ астынан кір іздей беретін. Тіпті күн көрсетпейтін.
Алайда Майкл оның себебін білетін. Басшысы қанша соққы берсе де жауап қатпады. Тек оңашада басшысына жап-жарық энергия жіберіп, ойын өзгертуін тіледі. Бастығы тиісіп, аузына келген былапыт сөзін боратқанда, 5 үйдегі «Бет-жүзі» жұмбақ қалған, «Келісім-шарттары» енді орындалуы тиіс ТОПТАС Рухтың бірі екенін білетін де, үнсіз жымиятын.
Бірде Майкл сол бастықтың кішкентай қызы көлік астына түсіп, комада жатқанын естіп қалады. Кішкентай сүйкімді қызды бір-екі рет көрген еді.