Get Mystery Box with random crypto!

Жақсы танитын досымның қарындасы болатын. Бес уақыт намазы түг | ұстаз Ерсін Әміре

Жақсы танитын досымның қарындасы болатын. Бес уақыт намазы түгел, әуретін жапқан қыз еді. Былтыр тұрмысқа шықты. Кімге, қай жаққа ұзатылды, ол жағынан хабарым жоқ.

Жақында сол досымның стористерін көріп отырмын. Қарындасын туған күнімен құттықтай барыпты. Байқағаным, қарындасы баяғыдай хиджабта емес, басына орамал ғана тартып алыпты. Шыны керек ішім қынжылып кетті. Бәлкім, қайын жұрты қарсы болған шығар деп ойладым. Себебі, көп ата-ана келінінің хиджабта болғанын қаламайды, ондай келінді қабылдауға да қарсы.

Сондықтан жігіттер, хиджабтағы қызды жар жар еттіңіз бе, оған әрдайым тірек бола біліңіз. Мейлі, ата-анаңыз, ағайыныңыз қанша жерден қарсы болса да, оның әуретінің ашылуына тосқауыл болыңыз. Ол қыз сені қорғаным, тірегім деп ойлады, сол оймен сіздің жарыңыз болуға келісті. Ал, сен келіп оның шариғи міндеттерін толық атқаруға жәрдемші бола алмасаң, мұсылмандық түгіл, жігіттігіңе сын! Әрісі, Қиямет күні де бұл үшін сіз жауапты боласыз.

Ал, егер олай жасау қолыңыздан келмей ме, орамалды қыздан аулақ жүргеніңіз дұрыс. Себебі, адам тағдыры мен ахиретін өзгерткелі тұрсыз. Орамалды қыздар да розовый очкимен тұрмыс құра салмай, болашақ жарының отбасылық авторитетін бір ескеріп алғаны дұрыс.

Әпенді әңгімелері | Жазылыңыз