Get Mystery Box with random crypto!

#ustazkundeligi

Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi U
Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi
Арна мекенжайы: @ustazkundeligi1
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 62

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-11-04 19:20:58 Channel photo updated
16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-11-02 21:34:52 Әдебиет сабағы. Ішке соғылатын қоңырауды күтіп отқам.
Әдебиетті жақсы көретін бір оқушым қасыма келді:
⁃ Ағай, мен сіз берген әңгімені оқып қойдым.
⁃ “Қылауды” ма? Мен оны демалыста оқуға беріп едім ғой.
⁃ Кеше шыдамай оқып қойдым сабақтан үйге барып.
⁃ Қалай ұнады ма?
⁃ Иә, қызық екен. Бұл қашан жазылған?
⁃ 1960-1970 жылдары шамамен
⁃ Мәә, бұрынғы оқушылар батыр болған екен ғой. Таң атпай атқа мініп,көрші ауылға барып қайтатын болған. Ағай, сіз айтып едіңіз ғой біз әдебиетті оқып сол заманның тұрмысын білеміз деп, сонда бұрынғы оқушылар сабақ оқу үшіін көрші ауылдарға баратын болған ба?
⁃ Иәә. Дәл солай. Мектептің қадірін түсініп жатсың ба?
⁃ Иә, менің үйім бес минуттық жер ғой. Сонда да кейде барғым келмейді ерініп.
⁃ Тағы не түсіндің шығармадан?
⁃ Рабиға біздің сыныптағы Асылайға ұқсайды екен. Математиканы шашады ғой.
⁃ Сен ше, Сатайсың ба?
⁃ (ұялып қалды) мен ол сияқты мақтаншаақ емеспін ғой бірақ. Қылау деген не, ағай?
⁃ Қылау деген - ұшқындап жауған ақ ұлпа қар)
⁃ Енді басталған кішкентай майда-майда қар ма?
⁃ Солай деуге болады)
⁃ Түсіііндіііім(қуанып кетті)
⁃ Нені түсіндің?
⁃ Сатайдың да басталып келе жатқан алғашқы махаббаты ғой
⁃ Солай ма? Бәсе неге Асылайды Рабиғаға ұқсатты десем…
⁃ Оооой, ағаай, кеттім мен))

Менің де есіме сол шығарманы оқыған кезім, сыныпта алдыңғы партада отыратын оқушы қыз түсті)))
116 views18:34
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 22:40:03 Көрші кабинетте егде жастағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі отырады. Кейде бос уақытта, есік ашық тұрғасын, даусын анық естимін. Айтқан әр сөзі тұнық,таза, әрі әуезді естіледі. Сөзіне жарасымды, жағымды дауыс адамды еріксіз өзіне баурап алады. Құдды бір оркестрдың дирижеры секілді оқушыларын әуезбен тербеп, орыс тілінің тұңғиығына батырып әкетіп жатқандай көрінеді маған. Мен де бір сәт дәл сол оқушылардай ғажайып ұстаздың шәкірті болғым келіп кетеді.
115 viewsedited  19:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 12:51:59 Алма Қыраубайқызының “Жаным садаға” деген кітабын таппай жүргеніме біраз болды. Сатылымда жоқ, дүкендердің бәрінен сұрап шықтым. Электронды нұсқасы бар. Одан оқуға көзімді аяп жүргем. Бүгін “соғұрлым телефон қараймын ғой” деп ойладым да, кітапты бастап кеттім. Алма Қыраубайқызының ежелгі дәуір әдебиетіне қатысты еңбектерін оқығаным болмаса, педагогтарға арнаған осы кітабын тек ұстаздарымның аузынан еститінмін. Кітапта ұстаздық өмірдің қиын да қызықты тұстарын жан-жақты жеткізген, құпияға толы шәкірт жанының тереңіне бойлаған. Әр жолы, әр тарауы үлгі-өнегеге толы. Бір тараудан үзінді келтірсем:

“Сол тентек баланың шын тілегі не екен?Мүмкін, үйінде еркелеп өскен бала мектепте
елеулі бола алмағандықтан, көзге түскісі келетін шығар.Бір қабілетін байқап, мақтаса, тіпті балалар арасында ұйымдастырушының рөліне қойып көрсе. Болмаса, үйіндегі ересектер өзімшіл болса,
үйдегі әміршілдіктен мектепке келгенде құтылып, өзіне-өзі
көңілі толмаудың өтемін қайтарғысы келе ме? Әйтеуір апайына, балаларға:
- Мені көрші, маған назар аударшы! Мен жаман бала емеспін. Жылылыққа зәрумін.
Жанымды ұқшы…- деп тұрғандай. Жаңа ғана гүлін ашқан бүршіктей қызықтырғысы келеді. Қазіргі жаста жан-жүрегі жылылыққа
бағытталған. Осы кезде жылу ала алмаса, енді екі-үш жылда айналасына көңілі суыған
бала тұйық та ызақор жігітке айналмақ”

Кейбір сыныптарда осындай оқушылар бар. Сабақты бөлуі, қасындағы оқушыға кедергі жасауы, орынсыз қылжақтап әзіл айтуы, тіпті одан зорын жасауы мүмкін. Оны бәрі “бұзық” “тәртіпсіз” оқушы деп атайды. Барлық мұғалім оның тәртібін айтып шағымданады. Бәрінің ойында ол жайлы жылы пікір қалыптаспаған. Ата-анасын шақырып жиналыстан жиналысқа түсіп жатқаны. Әлі қанаты қатаймаған жас бүлдіршіннің мейірімге тоя алмай жүргенін түсіне, сезіне бермейміз.

Жоржи Амадудың “Құм жағалауының капитандарында” Ақсақ деген кейіпкер бар. (Оқысаңыздар естеріңізде шығар)
Жазықсыз жануарларды азаптайтын, кім көрінгеннің кемшіл тұсын мазақтап, ығырына тиетін кейіпкер. Осы бір кейіпкердің жан дүниесін былай суреттейді автор:

“Шындығында, ол өздерінің жетімдік халін басқаларға қарағанда өткірірек сезініп, осы ащы өксік өз түкпірінің жүрегін тырнап жатқандығында еді. Әлгіндей сайқымазақ қалжың, одағай, оғаш күлкі - осының бәрі оның өз бойындағы ішкі жабырқауын қашыртуы, содан қорғануы еді ғой бар болғаны”

Қоғамнан мейірім таппаған оқушының ертең кім болары мәлім. Мүмкін бұзақы, мүмкін…Обалы кімге? Ата-анаға ма, мұғалімге ме?
105 views09:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 20:09:33 #ustazkundeligi pinned «Осыдан екі жыл бұрын мойныма үлкен жүкті артып алғанымды түсінген жоқпын. Мектепте қырық жыл қызмет еткен атам жайлы әңгімелерді, күйбең тірліктен кеш босап, түннің ортасына дейін көз майын тауысып сабағына дайындалатын анамды, басы қосылса “мектепті” сөз…»
17:09
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 20:05:58 “болмаса, мұғалім бола саламын”

жүректі ауыртатын қорқынышты сөз.
98 views17:05
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 19:43:20 Әр сыныпта көбіне соңғы партада отыратын, сабақ оқығысы келмейтін, тапсырманы орындауға құлқы жоқ,көп сөйлемейтін оқушылар болады. Еститіні - ұрыс. Жазасы - төмен баға. Былайша дұрыс сияқты.
Бірақ, тәрбиелеу - ұрсу мен жазалау емес қой. Бұл тек мұғалімнің жауапкершіліктен қашуы.
Сыртқа шығарып сөйлемегенмен, сол оқушының ішінде үлкен арманның сайрап жатқанын біле бермейтініміз өкінішті.
93 viewsedited  16:43
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 19:33:27 Үлкен үзіліс. 5-сынып. Оқушылардың бәрі асханаға қарай (бірін-бірі қаға-соға) ағылып жатқан уақыт. Мен де соны пайдаланып, қолыма “Шыбындар әміршісін” алдым да, келген жерімнен ары қарай оқып бастап жатқам.
Сыныптың соңғы жағынан:
-Қандай кітап оқып жатсыз, ағай?,-деген оқушымның даусы шықты.
- “Шыбындар әміршісі”.
Жаныма жақындап келді.
- Сонда кәдімгі шыбындардың бастығы туралы ма? Олардың да бастығы бола ма сонда?
-Жоқ, кәдімгі шыбындар жайлы емес. Бір аралға үлкендерсіз тап болған оқушылар жайлы.
- ааа, қызық па?
-иә, өте қызық
- сіз кітапты көп оқисыз ба?
- жоқ,қолым босағанда оқимын.
- неге өзіңіз жазбайсыз?
-мүмкін кейін жазамын.
- мен кейін кітап жазсам оқисыз ба?
-Оқимын әрине. Басқаларға мақтанамын. “Менің оқушым, көрдіңдер ма?” деп. Бірақ сен не туралы кітап жазасың?
Ойланып қалды.
- Сіз туралы кітап жазам (сықылықтап күліп)
- Рас па?
- иә!
- Жақсы. Сөзіңді ұмытып кетпейсің бе?
-Жоқ. Ұмытпаймын.
-Келістік онда. Неге мен туралы жазатын болдың?
-Сіз сол кезде көбірек мақтанатын боласыз
- Сен кітап жазбасаң да,мен сенімен мақтанамын)
- Шын ба?
-иә!
-Ағай,мен сіз туралы онда үш кітап жазам -деп асханаға қарай жүгіре жөнелді.

Мұғалім болудың ләззаты осында шығар.
96 views16:33
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 18:54:00 “”Күлтегін жыры” - сол ғасырда түркілердің әлемдегі ғылым мен мәдениеттің көшбасшысы екендігінің көрінісі. Меніңше, “біз солардың ұрпағы едік” деп мақтану жеткілікіз. Себебі, одан кейін біз әлі сол деңгейге жеткен жоқпыз”


7-сыныптағы оқушымның эссесінен үзінді
100 views15:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 19:45:35 Жақсы адам болу үшін,жақсы баға алу міндетті емес. Оқушыларыма әр сабақта осы сөзді қайталаудан жалыққан емеспін.
122 views16:45
Ашу / Түсініктеме