Get Mystery Box with random crypto!

#ustazkundeligi

Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi U
Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi
Арна мекенжайы: @ustazkundeligi1
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 62

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-01-24 13:26:34 Жұлдыз бол, жарқыра! Бірақ халықтың ықыласы мен алғысынан мас болып, құшақ толы гүлдер басыңды айналдырса, әкеңнің осы хатын оқы, жай жүрегіңнің үніне құлақ сал. Мен сенің әкеңмін, Джеральдина! Мен Чарли, Чарли Чаплинмін! Білесің бе, осыдан бірнеше жыл бұрын кішкентай күніңде мен саған ұйқыдағы ару жайлы, оны күзеткен айдаһар туралы ертегі айтып беретінмін. Менің әжім басқан шаршаған көздеріме ұйқы тығылғанда: “Кет! Мен қызымның арманы үшін сені құрбан етемін”-дейтінмін

Мен дәл осы сәттің болатынына сендім, қызым. Мен сол кезде арманыңды, болашағыңды, бүгініңді көрдім. Періштей аспанда қалықтап билеген қызды көрдім. Көрермендердің арасынан: “ Бұл қызды көрдіңдер ме? Бұл әлгі сайқымазақ шалдың қызы ғой. Естеріңде ме, оны Чарли деп атайтын.” “Иә, мен Чарлимін! Мен сол әзілкеш Чарлимін”. Бүгін сенің кезегің, қызым. Биле! Мен кең балақты жыртық шалбармен биледім, ал сен жібектен тігілген ханшайымның көйлегінде билейсің. Өнерің мен халықтың қошеметі сені көкте қалықтатсын! Қалықта! Самға! Бірақ жерге түсуді ұмытпа. Сен аштық пен суыққа қарамай от пен суға түскен көше таланттарының өмірін көруің керек. Себебі, мен де дәл солардай болдым, Джеральдина. Сен ертегіні ұйып тыңдап, тәтті ұйқыға кеткен сол бір ғажайып түндерде мен көз ілмедім

Мен өзімді періштеге балаған емеспін,
бірақ әрқашан адам болуға ұмтылдым. Саған да айтарым осы”


Чарли Чаплиннің қызы Джеральдинаға жазған хатынан

Әкенің шексіз махаббаты.
Тұнған тәрбие.
Толық нұсқасын оқыған ба едіңіз?
60 views10:26
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 06:22:19 Балалар әдебиетіне жаңа жұлдыз кейіпкер керек.

Қолында жеке смартфоны, интернеттің ресурстарын шексіз пайдалануға мүмкіндігі бар оқушыны Қожамен достастыру қиын.
24 viewsmaulen, 03:22
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 23:50:41 Оқушыларым – менің ұстаздарым!
28 views20:50
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 22:34:21 Меніңше, Абай тірі болса, бізге: “Шәкәрімді оқыңдар! Шәкәрімді түсініңдер”, – дейтін сияқты. Патамушто, Абайды алғашқы болып риәлні түсіне алған адам, осы Шәкәрім атамыз-ау. Ал біз Абайды әлі ОҚЫП жүрміз. Түсіну керек адамды.
Эх, Мұрат Әбділдә…
33 views19:34
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 13:25:52 Әкем көзімен күлетін адамдар қатарына жататынына қатты ризамын. Демек, ол маған ешқашан өтірік күлмейді. Өйткені ішкі дүниесі күліп тұрмаған адамның көзіне күлкі үйірілмейді. Езумен күлудің жөні бір басқа. Қалаған сәтте ерніңді қимылдатып өтірік күле салуға болады. Тағы бір байқағаным, шын жүректен езу тартқан адамның көзі де күлімдеп сала береді. Сондықтан біреу саған езу тартып тұрғанда, көзі күлімдемесе, абай бол. Ол – жалған күлкі.

Дәни – әлем чемпионы. Руал Даһл
70 views10:25
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 00:19:03 …Осы жасқа дейінгі өміріңізде айлы түнде,ашық аспанның астында тау ішіне түнеп көргеніңіз бар ма?! Егер далаға түнеп көрмесеңіз-айналайын табиғаттың қадірін түсініп, айналайын табиғаттың бел баласы екеніңізді біле бермегеніңіз. Менің сіздерден шыншыл пейіл,  адамдық жүрекпен сұрарым: мейлі жас болыңыз, мейлі бір  елге бас болыңыз, кіндік кесті жұртыңызда ашық аспанды  жамылып жатып түнеңіз, сіз сонда ғана туған жердің  неге ғана ыстық болатынын парықтайсыз; мүмкін табиғат анаға жасар мың-миллион қиянатымыз бұдан әлдеқайда азаяр ма еді, азаяр еді, далаға түнеп көрсек біз….
Мен ойлаймын: ғашық болуды тек табиғаттан ғана үйренуіміз керек-ау; жүз кітап оқығаннан, жүздеген елді аралғаннан туған жердің топырағына аунап, далаға түнеген әлдеқайда озық-ау;

Оралхан БӨКЕЙ “Қайдасың қасқа құлыным”
4 views21:19
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 00:18:30
Ауылымның аспаны
4 views21:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 21:38:07 Қалмақтар бүгінге дейін ел боп тұрғанда, талай қалмақтың ақыны Ноянмен тұтқыннан қашқан батыр қыз Құралай жайлы поэма жазар еді…
23 views18:38
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 20:30:15
Осылар мені Тиктокқа кірмейді деп ойлайды)
210 views17:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-16 19:02:57 Қашықтан оқыту кезінде қызық оқиғалар болып тұрады. Оқушылардың қиялы ұшқыр ғой. Сабақ айтпау үшін түрлі әдіс-айланы пайдаланады. Бір күні әріптесім айтады:

“ZOOM-да бір оқушыдан сабақ сұраймын. Сөйлеп бастайын деп жатып, қимылсыз қалады. Интернеті жұмыс істемей қалған шығар деп басқа оқушыдан сұрап кетем. Осы дүние бірнеше рет қайталанды. Бір күні кезекті рет сабақ сұрағанымда, қимылдамай қатып қалған оқушымның артынан анасы өтіп бара жатыр”

44 views16:02
Ашу / Түсініктеме