Get Mystery Box with random crypto!

#ustazkundeligi

Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi U
Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi
Арна мекенжайы: @ustazkundeligi1
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 62

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-01-16 18:55:16 Ертең ІІІ тоқсанды қашықтан оқытумен бастаймыз. Аурудың өршуі тезірек басылып, дәстүрлі сабаққа оралсақ екен.
Әсіресе, бастауыш сыныптардан обал. Қалам ұстауды енді үйреніп келе жатқан оқушыны экранға телміртіп қойған заман-ай…
45 views15:55
Ашу / Түсініктеме
2022-01-16 17:14:00 Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...
...Жоқ!
Алматы - жүрегі Алатаудың!
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.
Мұқағали Мақатаев

Жақсы екен ғой Алматым
Алтын тулы астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.
Қасым Аманжол

Міне, біздің Алматы осы,
Алма төсі бұлтиып,
Алма-төске жас бұтаның саусақтары түр тиіп.
Жүрші, жаным, қыдырайық, неғыласың жалғыз қап,
Алатаудың ақ қарынан әперейін балмұздақ!
Жұмекен Нәжімеденов

Алматы түні, Алматы түні, 
Ұйқымды менің ұрлады. 
Алматы түні, Алматы түні, 
Мен болып таңды жырлады.
Тұманбай Молдағалиев

Рим да емес ол, Париж да емес мақтаулы,
Ұқсасы жоқ бүкіл дүние жүзінде.
Әбділда Тәжібаев

Алматысыз жетпейтіндей бірдеңе
Қайғы-құмда қайырлаулы жыр-кеме
Табылды Досымов

Қымбатсың-ау, жастығымдай қимаған,
Айлы кештер,
Махаббатын сыйлаған.
Марфуға Айтқожина

Тәкаппар таудың тәжді шыңдары сүйеген
намысымыз бен мәртебемізсің сен біздің!
Күлаш Ахметова

Босағаңнан кім кірмеді талтаңдап,
Жат қушақта күнің өтті жаутаңдап.
Ақындардың жесіріндей Алматы-ай,
Ақындардың жесіріндей Алматы!
Маралтай Райымбекұлы

Алматыға барсам мені Ерлан Жүніс қарсы алады…
Ерлан Жүніс
50 views14:14
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 21:59:13




Жақсы ән.
45 views18:59
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 21:40:57 «Жүрген соң бауырында күнде көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды»

Жақсы сөз.
47 views18:40
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 15:11:50 - Тәте(ағаны солай айтады бізде),келіңіз күресейік!
- Жеңіліп қаласың ғой
- Жеңіп кетсем не істейсіз?
- Мотоциклді қалағаныңша айдайсың, мен жеңсем ана кітапты оқып бітіресің.
- Келістік)

Жарты сағаттан соң інім “Дарабозды” парақтап, күрескеніне өкініп отыр)
35 views12:11
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 14:57:53
40 views11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 14:56:38 - Кімнің баласысың?
- Атамның
-Атаңның аты кім?
- Алсай
- Қой, сен сияқты Алсекеңнің баласы жоқ. Танымайды екем, өтірік соғып тұрсың. Шыныңды айт. Кімнің баласысың?
- Атамның дейм.
- Шешеңнің аты кім сонда?
-Күлән
- Күланда сен сияқты бала тумаған еді, қайдааам…
-Туған, сіз білмегенсіз жай
- Ааа солай ма!?(қарқылдап күліп алады да) бәрекелдіі, көп жаса, қарағым

Дәл осылай кішкентай кезімде ауылдың шалдарына атамның баласы екенімді “дәлелдеуші” едім. Алты жасыма дейін атам мен әжемнің ортасында жаттым. “Баяғыдааа бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Оның бір баласыы болыпты” деп басталатын атамның ертегілерін тыңдап ұйқыға кететінмін. Ертесіне ертектің мазмұнын сұрайтын. 4-5 жасымнан әріп танытып, газет оқытты. Қойнына жатып, қойдың терісінен тігілген үлкен тонының бұрышынан сығалап жатушы ем. Даналыққа толы әңгімелерін бірінен кейін бірін айтатын. Қырық жыл мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен ұстаздық еткен. Содан болар, мектепте кімсің “Алсайдың немересі” болдым. 1-сынып оқығанда атам бақиға аттанды. Атамның ертегілерін әлі күнге дейін сағынам.

Түпкі бөлмеде атамның үлкен жеке кітапханасы болатын. Сыртынан қызығып тұрушы едім. Өйткені кілті тек әжемнің қолында еді, балалар бір жерін бүлдірер деп бізге кілтін ұстатпайтын. Ішіндее небір данышпан шалдардың том-том кітаптары шаң басып тұратын.

Алматыға оқуға кетерде ақ жол тілеп осы бір дәптер мен кітапты әжем қолыма ұстатты. Атамның 1952 жылы жазылған лекция дәптері мен Есенберлиннің “Алмас қылышы”. Жазуы қандай сұлу. Қайта-қайта оқимын. Атамның иісі аңқып тұрғандай… Балалық шағымның иісі аңқып тұрғандай…
43 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-01-03 19:19:31 Адамдар бір нәрсенің қадіріне жетуді өмір үйретпей өзі үйренсе, өкініш деген дүние аз болар ма еді…
100 views16:19
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 16:41:16 Өткен мүшел сиыр жылы он үштегі оқушы ем. Осы мүшел оқушының мұғалімі болдым. Тағы бір мүшел айналып келгенде ұстаз болсам деймін.
Өткен жылға өкпе жоқ. Жақсы адамдармен таныстырды. Жақсы адаммен жақындастырды. Жақсы оқиғалардың куәгері болдым. Жақсы мұғалім болуға тырыстым.
Барлығыңыздың арман-мақсаттарыңыз орындалсын! Жақсылық болсын!
17 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 23:08:27 “Мұғалімнің баласы”
Осы бір ауыз сөз мені өмір бойы тәрбиелеп келеді.

Туған күніңізбен, анашым!
Мен оқушыларыма ең жақсы ұстаз бола алсам, ең жақсы ұстаздың ұлы болғандығымнан шығар.
26 views20:08
Ашу / Түсініктеме