Get Mystery Box with random crypto!

#ustazkundeligi

Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi U
Telegram арнасының логотипі ustazkundeligi1 — #ustazkundeligi
Арна мекенжайы: @ustazkundeligi1
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 62

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-12-11 12:43:10 * * *
Жалғыздық еді ғұрып күндегі,
Кез болдың қандай тылсымнан.
Жүректе бүрлеп үміт гүлдері
Көктемдей күзде құлпырған.

Сезімге байлап қанат талар ма,
Тапқандай жоғын іздеген
Қараша сонша ғажап болар ма,
Болар ма сұлу күз деген!?

Жасырды көзің ғаламның арын
Жанымның бағын еселер.
Жасырмай айтып берер ем бәрін
“Жүректі сөйлет” десе егер

Өзіңнен құсни хат алам-дағы,
Отырам ессіз күй кетіп.
Биікке шырқау апарам тағы
Ойлардың көшін сүйретіп.

Күтеді бәрі бақытын керім
Ұқсамас ешбір пішінге.
Ғұмырға жетер бақытым менің
Қарақат көздің ішінде…

М.Н.
34 views09:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-04 21:30:45 - Мәәәә, ағай, сіз де киноға барасыз ба?
- Жоқ, мұғалімдер адам емес қой)))
48 viewsedited  18:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-02 16:12:05 “Жақсы мен жаман”
Сыни эссе
6-сынып
(Үзінділер)

“Біз математика арқылы бизнесті үйренеміз, ағылшын тілі арқылы шетелде жүре аламыз. Қазақ тілін де мықты білу керекпіз.
Меніңше, керексіз пәндер бар. Олардың орнына Өміртану, Көліктану сияқты сабақтар болғанын қалаймын”

“ Менің інімнің Huawei Psmart телефоны бар, ол 3-те, әкем оны Мистер Макс көру үшін әперді. Ал анам IPhone 12-ні инстаграм көру үшін сатып алды. Кароче, біз кітапты ұмытып кеттік”

“Қонаққа онлайн бара салу керек, бәрібір келсе де араласпай телефон қараймыз ғой”

“Мен саябаққа барғанда серуендеп, табиғатқа қарап, құстардың дауысын есту керек деп есептеймін. Фотоға түспеуге де, оны инстаграмға салмауға да болады”

“Мені сыныпта “жаман” деп санайды. Бұл мені мұңайтады. Бірақ анамның сөздері мені жұбатады”

“Менің айналамда ұялы телефоны жоқ адам табу қиын. Менің достарымның көбінде бірнеше ұялы телефон бар”
43 views13:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-01 17:18:39 Ауылда жүргенде үлкен кейбір аға-әпкелер:
“Алсай ағай жаттатқызған өлеңдер әлі есімізде, өлең оқуды, сауатты жазуды үйреткен атаң, жолын берсін”
деп батасын беріп жатады.

Оқушының көңілінде мәңгі сақталу – кез келген мұғалімге бұйырмайтын ұстаз бақыты шығар.
16 views14:18
Ашу / Түсініктеме
2021-12-01 11:09:12 Баланың тентектігін қойдырамын деп — қайсарлығын өлтіріп ала көрме.

Қадір Мырза Әли
246 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 19:57:40 Баласының көңіліне қарап, таңдаған мамандығына қолдау көрсететін ата-анадан, ата-анасының көңіліне қарап мамандық таңдайтын оқушы көп
50 views16:57
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 19:53:17 Балаңызға аяқ киімінің бауын байлап бермеңіз, байлап алуға үйретіңіз
49 views16:53
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 18:43:24 Жеңіле алмағанымыз үшін, жеңе алмай жатамыз
113 views15:43
Ашу / Түсініктеме
2021-11-27 08:53:27 1-курста ҚазҰУ-дың кітапханасынан Маркестің “Жүз жылдық жалғыздығын” алдым. Кітап 1980-85 жылдары басылып шықса керек, парақтары сарғайған, қолдан-қолға өтіп көп оқылғаны көрініп тұратын. Басыма жастанып екі қайтара оқыдым. Автордың жазу стиліне, Кеңес Юсуптың аудармашылық шеберлігіне тәнті болдым. Мерзімді күні жетіп, тапсырдым.

4-курс аяқталуға шақ қалған, практикада жүрген кезім. Жатақаханада тұрамын, мені біреу іздеп келгенін айтып төменге түсуге шақырды. Түссем, бір қыз кеп тұр. Қолында бір жапырақ қағазы мен сол ескі кітап бар.
- Сіздікі ғой деймін. Кітаптың ішінен тауып алдым,-деп әлгі қағазды ұсынды, расында менікі екен. Кітап жайлы, автор жайлы жазған бір шимай-шатпағым. Ескі кітаптың арасында екі бүктеліп қалып кетіпті. 4 жыл бойы ешкім бетін ашпаған кітаппен бірге шаң басып жата берген. Қағаздың соңына
“ Мәулен
17-жатақхана
2015”
деп жазып қойыппын. Содан мені “тауып алған” екен. “Сіздің болашақ кітабыңыздың бір беті шығар, тастауға қимадым. Іздеп, тауып тапсырайын деп ойладым” деді. Және филфакта емес, физтехта 1-курс оқиды екен. Рақметімді айтып шығарып салдым. Жақсы бір естелік боп қалған еді.

Бұл да менің болашақ кітабымның бір беті шығар)
51 views05:53
Ашу / Түсініктеме