Get Mystery Box with random crypto!

СҮЙЕК МҮЙІЗ ӨҢДЕУ – КҮРДЕЛІ ӨНЕР Халқымыздың кенже қалған қо | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

СҮЙЕК МҮЙІЗ ӨҢДЕУ – КҮРДЕЛІ ӨНЕР

Халқымыздың кенже қалған қолөнер түрлерінің бірі – сүйек мүйіз жону. Ерекше кәсіпті қайта жандандырып жүргендердің бірі – Павлодар қаласындағы №1 мектептің көркем еңбек ұстазы және «Атамұра» үйірмесінің жетекшісі Қайнарбек Махмет.

Бүгінде ол үйірмеде ұсталыққа икемі бар оқушылардың басын қосып, сүйектен мүйізден жону ісіне тәрбиелеуде. Қайнарбек Ерназарұлы Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин ауылының тумасы, Павлодар гум.-педагогикалық колледжін бітіріп, Қаражар орта мектебінде еңбек жолын бастаған. Технология пәнін жүргізіп, оқушыларға қайыстан қамшы өру, ағаш бұйымдарын жасауды үйретеді.

Кейін Павлодардағы №1 мектепке ауысты. Қайнарбектің шеберханасынан сүйек пен мүйізден жасалған композициялардың түр-түрін көруге болады. Мысалы, қыз балаларға арналған білезік, алқа, қонырау, тарақ, тұмар, тұз салғыш, қобыз, үкі, киіз үй, шаңырақ секілді кәдесый бұйымдарын қанша тамашаласаңыз да көз тоймайды.
https://martebeli.kz/s%D2%AFjek-m%D2%AFjiz-%D3%A9%D2%A3deu-k%D2%AFrdeli-%D3%A9ner