Get Mystery Box with random crypto!

Temirlan Quanyshuly

Telegram арнасының логотипі tiko_kz — Temirlan Quanyshuly T
Telegram арнасының логотипі tiko_kz — Temirlan Quanyshuly
Арна мекенжайы: @tiko_kz
Санаттар: Бизнес , Маркетинг
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 183
Арнадан сипаттама

Бұл каналдың негізгі контенті таргетингке қатысты. Тәжірибелерім һәм біліммен тегін бөлісемін.
Admin: @temirlan_quanyshuly

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2020-04-11 20:25:44 Менің арықтау стилім

Мен осыдан 3 күн бұрын. Сторисқа салмақ қуу жайлы видео салған болатынмын. Бұл біраз адамның проблемасы болып шықты. Сол сұраған жандарға арнайы өзімнің тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім.

Жалпы мен салмақты жиі қуамын. Жылына примерно 3-4 рет салмаққа қарсы соғысып тұрамын. Онсыз көңілім көншімейді

Менің арықтау стилім негізгі моральдық шарттары:

- АРЫҚТАУҒА нақты мұқтаждық болуы шарт. Сен саналы түрде, арықтаймын деп шешім қабылдау керексің. Бұл өте,өте маңызды

- Нақты мақсат қою керек.Не үшін арықтап жатқаның четко білген дұрыс (Оның үлгісін алдағы посттарда салатын боламын)

- Резко физикалық және моральдық тұрғадан күш салмау керек. Ондай жағдай ми саған екі есе қарсы жұмыс жасайды. Нәтижесінде көп ұзамай тастап кетесің

- Арықтау сөзін терлеумен алмастырасың. Себебі арықтау миға тревоға бергеннің салдарынан тағы ми саған қарсы жұмыс істейді. Ал, терлеуге ми кәдімгі күнделікті процес ретінде қарайды. Одан кейін көп терлесең арықтайтының анық қой

- Бұл сенің алғашқы және соңғы терлеуің(арықтауың) емес. Сондықтан терлеуге арнайы бір киім арнаған дұрыс. Сол киімді кигенде миға сразу түсінеді. Және де саған қатты бір қарсылық көрсетпейді

- Киім тез су алуы керек

Нақты шын арықтауға ниет етіп, өз-өзіңмен көлісіп ал. Бүгін жоғарыдағы шарттарды ойланып соларды жасап алыңыз.

Келесі поста тамақтану мен жаттығуларға тоқталамын.
503 viewsТемірлан Қуанышұлы, 17:25
Ашу / Түсініктеме
2020-04-03 19:25:30 Ұлттың ең үлкен қателігі неде?

Біздің ата-бабамыз көп дүниені ойлап тапқаны тарихтан белгілі. Бір ғана мысал Жылқыны қолға үйрету. Бұл адамзат үшін таңғажайып жаңалық болды.

Бабаларымыз өз кезінде. Осындай адамзатты таңғалдырған мыңдаған дүниені ойлап тапты. Солай бола тұра, қазір біз неге артта қалып қойдық?

Өзімізге бодан болған, талай хандарымыздың аяғын сүйіп, табанын жалап жүрген ұлттың ҚАЛАЙ ҒАНА боданы болып қалдық екен?!

Иә, білем сан түрлі пікірлер бар. Қаншама ғалымдардың дәлелдері жетерлік. БІРАҚ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІН ЖОЙМАҒАН, БІР ҚАТЕЛІКПЕН БӨЛІСКІМ КЕЛІП ОТЫР

ҰЛТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІГІ ОЛ мыналар
- Заман талабына уақытымын икемделмеу
- Икемделу жұмыстары дұрыс ұйымдастыра алмау
- Қамсыздық

Мен осының себебі деп білемін.Себебі қазақ жалқау не қорқақ, болмаса білімсіздігін бодан болып дамымай қалған жоқ.

Именно заманға уақыттында икемделе алмағандықтан. Заман талабымен көшпенділіктен отырықшылыққа ауыспай, соның салдарынан заманға сай икемделуді асығыс дұрыс ұйымдастырмадық. Соның салдарынан қаншама халық қырылды.(1931-33жж)

Тізе берсем бұндай дерек толып жатыр. Мысалға жұтта осы темаға жатады

Ал, енді өткенді қойып қазіргі уақытқа келсек.

Қазір тағы сол жағдай қайталанып жатыр. Соның дәлелі мына ОНЛАЙН оқыту.

Енді не істеу керек?!

Заман талабына өз уақытымен икемделуіміз керек. Басқа жол жоқ. Біз өз еркімізбен икемделмесек, енді күшпен (бүгінгідей күшпен онлайн оқыту сияқты) икемделуге тура келеді. Ол кезде 1-қателікті жіберіп алғандықтан 2-қателікке ұрынып тағы сорлаймыз

Сондықтан. Барынша заман талабынына уақытымен икемделіп жүрейік

Бұл әуелі өзіме қаратылып айтылды.Содан кейін барып саған

P.S. Ал, сіз бұнымен келісесіз бе?
519 viewsТемірлан Қуанышұлы, 16:25
Ашу / Түсініктеме
2020-04-03 19:24:18
412 viewsТемірлан Қуанышұлы, 16:24
Ашу / Түсініктеме
2020-03-16 18:39:44 Карановирус кет, кет
Доллар нет, нет, нет

Елімізде соңғы күндері бірнеше өзгерістің салдарынан қайда барарымызды білмей, паника ұстап маңырадықта қалдық.

Вирус бір жақтан, доллар екінші жақтан, негатив ақпараттар үшінші жақтан қыспаққа алып әбден есімізді шығарды.

Осындай апақ-сапақ сәтте

Оптимисттер проблемадан мүмкіндік көрсе, пессимисттер мүмкіндіктен проблема көреді

Мен, осы жағдайлардан проблемадан көрі,үлкен мүмкіндіктерді көп көріп жүрмін. Солардың біразына тоқтала кетейін

1- Отандық өндірістер. Шағын өнеркәсіпке жол ашылды. Қазір вирус сол отандық шағын өнеркәсіпке үлкен жол ашып тұр. Соны пайдаланып қалыңыздар

2-Онлайн бизнес. Бизнестің осы саласына сұраныс артады және олар қарқынды дами түседі.

3- Логистика. Біздегі бір геморойдың бірі осы логистика. Онлайн сату, туризм, экоммерц барлығының қатты дамымай жатқаны осының салдары.

4-Мұқтаждық. Осындай кезде шын мұқтаждықтан мықты кәсіпкерлер шығады. Адамдар енді қажеттілікттерін өтеу үшін барын салып жұмыс істеп, бәсекеге төселіп шыңдай түседі

5- Тоқырау кезеңде тоқтаусыз даму. Біздің нағыз дамитын, төселетін, шыңдалатын кез.

Тізе берсең кете береді. Осы сәт бізге осындай мүмкіндіктер силап, жол ашып отыр. Сондықтан Құдай беріп тұрған кезде қолды қусырып үкіметті жамандап, вирусты балағаттап, жоқ долларды өсек қылып отыра бермей БЕРІЛГЕН мүмкіндікті пайдаланып қалайық.

Ал, сіз қандай мүмкіндіктерді көріп жүрсіз?!
432 viewsТемірлан Қуанышев, 15:39
Ашу / Түсініктеме
2020-02-13 07:57:11 Балақтағы бит басқа шапты

Қордайда не болғанын бәріңіз мен айтпасам да білесіздер. Мен сол жағдайға қатысты, өзімнің азаматтық пікірімді білдіргенді жөн санадым.

Дүнгендердің олай құтырып шаңыраққа қарамай дікеңдеуінде мынандай гәп жатыр. Иә, жер біздікі, ел біздікі шаңырақ иесі ҚАЗАҚ халқы екені ақиқат.

Бірақ сол шаңырақты ұстап тұрған уық пен кереге (экономика,бизнес, негізгі ақша көздері) сол өзге ұлт өкілдерінің қолында екені де ақиқат.

Олардың балақтан басқа шығарып отырған да, осы ақшаның күші.Иә,біз күштіміз, кез-келгенін айырып жібере аламыз. Бірақ қашанғы 1-2 рет айырармыз одан кейін ше...

Олар біздің жемқор жүйені сатып алып үйренген, сатып ала береді де.Елдің жерді иесі болғың келсе, ең әуелі ішкі нарықты қолымызда ұстауыз керек.Онсыз сенің тәуелсіздігің тек қағаз жүзінде,іс жүзінде экономикалық бодансың.

Тез арада ішкі нарықты ҚАЗАҚТАР қолымызға алмайтын болса.Көретін күніміз осы.

Былтырғы Армяндар мен биылғы Дүнгендердің оқиғасы бізге үлкен сабақ болу керек.Осыдан шығатын қорытынды инстаграмда қыртып отыра бермей, к*тіңді көтеріп жұмыс істе.

P.S Әуелі өзіме сосын саған қаратып айтылған
393 viewsТемірлан Қуанышев, 04:57
Ашу / Түсініктеме
2020-01-14 11:51:55 Ақша табу оңай, оны ақылмен жұмсау қиын Нарықтық заман да, ақша бірінші орынға шыққалы қашан. Сенің арман, мақсатыңды орындауға мүмкіндік беретінде осы құрал екені ақиқат қой.

Қазіргі қоғамда ақша таппайтын адам жоқ. Қайыр тілесең де, ақша табуға болады. Бірақ сол тапқан ақшаны ақылмен жұмсай алмай нарықтық ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚҰЛЫ болып жүргендер жетеді .

Неге ақшаны ақыл мен жұмсау керек деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Себебі біздің арман, мақсаттарымызды орындайтын құрал осы ақша деп айттық. Ендеше біздің басты козер құралымызды ақша болғандықтан оны абайлап ақылмен қолдану керек екенін любой тупой түсенеді деген ойдамын. Егер ақылмен абайлап қолданбайтын болсаң, сен нарықтық экономиканың құлына айналасың. Нарықтың экономиканың құлы дегеніміз- кредит пен қарыз үшін өмір сүретін адам.

Көп мылжымай ақылмен қолдану үшін нақты не істеу керек соны айтайын.

Ең бірінші есеп-қисап жүргізуді үйрен. Яғни кіріс шығысыңды нақты есептеуің керек. Біздің көшпенділік психология һәм сол кездегі жуықтап есептеу технологиясы нарықтық экономикада НЕ ПРОКАНАЕТ. Нарықтық экономикада точный цифр керек. Айына осынша табамын, осынша жұмсаймын деген нақты сандарыңыз болу керек. Нормально адам құсап өмір сүру үшін айлық шығыныңнан, айлық табысың 2 есе көп болу керек. Сонда сен нақты білесің айына осынша ақша тапсам мен нормально өмір сүре аламын және сол нақты ақшаны табу үшін миыңа КОНКРЕТНЫЙ приказ бере аласың.

Екіншіден Туканың тілінде айтатын болсам, свет өшірсе болды, бас салмай мен не істеп жатырмын деп ойлан. Сізде Туканың айтқан кеңесіне жүгініп, қолыңызға түскен ақшаны жұмсауға асықпай, ойланып. Дәп қазір сізге өте қажет деген заттарға ғана ақша жаратып үйрен.

Бұл екі ереже қарапайым болғанмен өте маңызды. Оқып отқан сенің өзің осы 2 ережені қолданып жүргеніңе күмәнім бар. Сонымен қатар бұл барлық нарықтық экономикада өмір сүріп жатқан адамдарға қатысты.

P.S. Ескерту бізден,шешім сізден. Нарықтық экономиканың ҚҰЛЫ болып кредитпен қарыз үшін өмір сүргің келмесе, бүгіннен бастап жоғарыдағы екі қарапайым ережені қолдан. Сосын срочнә нарықтық экономиканың құлы болмасын деген жақындарыңмен осы жазбаны бөліс. Бөлісу ол сенің осы канал алдындағы борышың һәм міндетің екенін қайталап есіңе саламын.
406 viewsТемірлан Қуанышев, 08:51
Ашу / Түсініктеме
2020-01-08 18:37:17 Мә, Қуаныш Шоңбайдан мұндайды күтпедім. Айтарға сөзім жоқ

Иә, расында Қ.Шоңбайдан бұндай нәрсені күтпегенім рас еді. Ылғи Қазақстанда жоқ, тың нәрсе жасап бүйректен сирақ шығарып бір жаңалық ашады да жүреді

Армысыз! Сізді осы посты оқуыңызға, "Қ.Шоңбай не бүлдірді"- деген санаңыздағы арам ой жетелеп әкелді ғой. Ендеше ары қарай оқып не бүлдіргенін өзіңіз куә болыңыз

Осы жылы Шоңбай "Құпия" атты екінші кітабын жарыққа шығарғанын бәріңіз білесіздер. Сол Құпия кітабын оқып жатырмын. Енді сол кітапта біраз нәрсені айтқан. Жеке психологым @sayagul.baltabekova айтуы бойынша бұл кітапта SHOU университетінің 70% білімі жазылған. Әрине қысқартылып конспекты ретінде. Бұл кітапты оқып отырып біраз проблеманың шешімін таптым. Негізі бұл кітапты барлығымызға оқу керек

Себебі біздің көбімізде ұйқы режимін айтпағанның өзінде,позитивтен негатив көп. Мысалға , МОЙЫНДАҢЫЗШЫ осы постты оқуыңызға "Шоңбайдан мұндайды күтпедім"- деген негатив тақырып себепші болып отыр ғой.Ол тақырып болмаса сіз оқымайтында едіңіз

Ал Бұл кітапта осы негативтен құтылып қана қоймай ұйқы режимін дұрыстап салауатты өмір салтын ұстануға көмектесін техникалары жазылған. Ол аз десеңіз Құпия бағдарламасында осылардың видео форматы тағы бар. Сіз осы кітаппен бірге Құпия бағдарламасындағы бес курсты тегін аласыз. Керемет емес пе?

Ал мен Шоңбайдан күтпеген нәрсемді жаза кетейін. Білмей қалсаңыздар сіздер үшін күнә болар. Құпия кітабындағы кіріспе бөлімін мынандай болады деп күтпедім. Сол кіріспе бөлімде адамның түгел күмәнін жауып, сатып алып оқымасаң дүниеден құр қалатындай жазған. Мен сондай копирайтинг темасымен жасылған кіріспені алғаш көруім. Соған риза болдым. Осы жолы мен Қазақстанда Шоңбайдай мықты продавец жоқ екенін оффициально мойындадым

Бұл кітап жайлы әлі біраз нәрсе жазуға болады. Бірақ шайнап берген ас болмайды ғой. Сондықтан өздеріңіз оқығандарыңыз жөн болады

Шоңбайдың жетістік жолындағы құпиясын білгілеріңіз келсе сіздер де керемет мүмкіндік бар. Менің жеке кәсіби педагог-психологым Саягүл ханым осы ҚҰПИЯ кітабын сатуда. @sayagul.baltabekova ханымнан сатып алатын болсаңыздар сіздерге кітаппен қосымша өзінің бір онлайн психологиялық консультациясын және психологиялық интенсив курсын сыйлыққа береді

Бағасы бар болғаны 5000 тг. Сіз 5000 тг кітап+ Құпия бағдарламасындағы Шоңбайдың 5 курсын және @sayagul.baltabekova жылға жоспар құру марафонын және бір интенсив курсын ТЕГІН АЛАТЫН БОЛАСЫЗ. Ойланыңыз Бұндай мүмкіндік күнде бола бермейді

P.S. Тапсырыс беру үшін @sayagul.baltabekova жекесіне жазыңыз болмаса 8700 917 85 75 уәтісәп номеріне жазсаңыз болады.
379 viewsТемірлан Қуанышев, 15:37
Ашу / Түсініктеме
2020-01-04 13:03:36 Жаңа жыл,жаңа жоспарлар.Осы жылы "қырам-жоямын"-деп жылдың басын бәріміз жоспарлаймыз

Бірақ сол жоспар қаңтар айы бітпей жатып жайына қалады . Неге білесіз бе? Себебі сізде сол жоспардың орындалу процесін басқарып отыратын жүйе жоқ

@kuantr ютуб каналына салған соңғы видеосын көріп шықтым. Жақсы бір жылды жоспарлап,соны іске асыру жүйесіе ұсынған. Бірақ ол шикі көрінді содан отырып өзіме ыңғайлы қылып осындай нұсқасын жасап алдым

Яғни бұл жерде әрбір бір аптаны білдіреді. Әр аптаға сіз төрт шкала бойынша жоспар құрасыз. Себебі біздің өміріміз тек ақшадан,не болмаса тек спорттан тұрмайды

Жетістікке жеткісі келетін адам осы 4 шкаланы тең ұстап, сол бойынша өзін дамытып жетістік жолында талмай еңбек етуі керек

Мысалға осы аптада лифт қолданбаймын деген сияқты әрбір шкала бойынша кішкентай-кішкентай жоспарлар құрасыз

Соның -50% орындамасаңыз ҚЫЗЫЛ ТҮСПЕН, 50% орындасаңыз КӨК ТҮСПЕН, 50% асса ЖАСЫЛ ТҮСПЕН бояп қоясыз. Сіз осылай бояу арқылы, жоспарыңыздың орындау процесін толық басқара аласыз.
ЕСКЕРТУ: Бұны көзіңізге күйік болып тұратын жерге жабыстырып қою керек.

Бұл кестені өміріне жауапкершілікпен қарайтын кез-келген адам қолдана алады.

P.S. Сізге де, осындай жүйе керек пе? Жауабыңыз
357 viewsТемірлан Қуанышев, 10:03
Ашу / Түсініктеме